Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Қараңғылықтың көгіне өрмелеп шығып күн болған
Алматы облысы Талғар қаласы №7 жалпы білім беретін мектеп лицейінің
математика пәнінің мұғалімі Рашаева Мейрамкуль Жайкожаевнаның
«Қараңғылықтың көгіне өрмелеп шығып күн болған» атты мұғалімдер күніне
арналған салтанатты кештің сценарийі
Кештің мақсаты: Қызығы мен қиындығын қатар көре жүріп оқушының жүрегіне
жол таба білген ұстаздардың еңбегін бағалай білуге, Тәуелсіз Қазақстанның
іргесінің мықты болып қалануына ерекше үлес қосып жүрген ұстаздарға
құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
(Қараңғы сахна. Сығырайған шамның жарығы әр жерден жылтылдайды. Ақырын
ойналып тұрған күй естіледі. Сахнаның шетінен ақырын басып 32-қара сөзін
оқыған Абай шығады.)
Абай: 19-қара сөз
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,
дүниедегі жақсы ,жаманды таниды дағы , сондайдан білгені , көргені көп
болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі
өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден
естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске
жарайды, сонда адам десе болады. Мындай сөзді есіткенде шайқақтап,
шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып
сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де шыға
беріп қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек. Осындай сөз танымайтұғын елге
сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хаким айтқан
екен, сол секілді сөз болады.(Қараңғыдан сығырайған шаммен Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың бейнесі көрінеді.)
Сұлтанмахмұт Торайғыров: Шәкірт ойы
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда , кім болам?!
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін.
Еңбек, бейнет тарауы
Рахатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы,
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
(Қараңғыдан сығырайған шаммен Ыбырай Алтынсаринның бейнесі көрінеді.)
Ыбырай Алтынсарин: Кел, балалар, оқылық!
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар ,оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Істің болар қайыры
Бастасаныңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қарңғыны қаралап!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдынан
Іздемей-ақ табылар.
Мал дәулеттің байлығы
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы
Күннен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Әлпештеген ата-ене
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-енең қартайса-
Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса-
Сүйеу болар бұл оқу!
(Қараңғыдан сығырайған шаммен «Тарту» өлеңін оқып келе жатқан Ахмет
Байтұрсыновтың бейнесі көрінеді.)
Ахмет Байтұрсынов: «Тарту»
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық- өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
(Қараңғыдан сығырайған шаммен «Сорлы қазақ» өлеңін оқып келе жатқан
Мағжан Жұмабаевтың бейнесі көрінеді.)
Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін»
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты-
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөзіндерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар- балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Дауыс: Кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен осындай жанған әлсіз
жалыннан лаулаған от тұтанды, сол оттан бастау алған ұстаздар
халықымызды сауаттандыруға бар күш жігерін арнап келеді.
1-мұғалім: Мамандықтың бәрі жақсы, бәрі керек адамға,
Тіршілікте әркім бөлек, ілеседі заманға.
Бірақ біздің мамандықтың қасиеті осында,
Бізден оқып білім алған, ғалым, ақын, надан да.
Ұстаз деген ұлы есімді, арқалаумен бүгін біз,
Болашақтың тәлім,білім – көтереміз жүгін біз.
Сондықтан да біздің еңбек жоғары тұр бәрінен
Сол биіктен төмендетпей көтерейік жүгін біз.
2-мұғалім:
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім ол бар болғаны мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қиғандар.
Қимағандар-ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп ұстаз болмау күнә-мұң.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.
1-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.
2-оқушы:
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
3-оқушы:
Мейлі жас, мейілі кәрі бол,
Дана деп сені, пана деп сені ұғамын.
Көктемсің нұр мен нәрі мол,
Диқансың және, кеншісің және ,мұғалім!
4-оқушы:
Қалыпшы деп те айта алам,
Құрыштай құйып, шыңдайсың балғын жас жанды.
Мектептен түлеп майталман,
Батырдың жолы, бақыттың жолы басталды.
5-оқушы:
Анадай бесік тербеткен,
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің!
Суарып білім шарбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
6-оқушы:
Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі,
Аялаймын олар басқан әр ізді.
Арманым не алабына қадірлі,
Өнегелі болсам ұстаз тәрізді.
7-оқушы:
Олар үлес қосар сана-ақылға ,
Мың алғыс бір сабағына татыр ма?
Болуды мен санаймын мол бақыт,
Мұғалімдер армиясы сапында.
8-оқушы:
Мұғалім!
Айтарым менің көп тегі,
Тыңдаудан әсте жалықпан.
Күлімдеп тұрған көктегі,
Күнді де маған танытқан.
Айналдым ұстаздарымнан.
9-оқушы:
Байыппен айтқан ақылын,
Самалдай егіп санама.
Өмірде мәңгі жақыным-
Ұқсаған туған анама.
Айналдым ұстаздарымнан.
10-оқушы:
Біз үшін қиған уақытын,
Өлшеп көр ұстаз бақытын!
ХОРМЕН:
Кеңейткен ойдың өрісін,
Рақмет Сізге сол үшін!
Бастаушы:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
ХОРМЕН:
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
1-жүргізуші: «Ұстаз» деген сөз жүректерді толғандырып, адам есінді мәңгі
сақталатын ерекше ұғым. Ұстаз кәсібі адамдарға білім жарығын таратушы.
«Ұстаз болу жүректің батылдығы» деп бекер айтылмаса керек, осы қызығы да,
қиындығы да көп ұстаздық жолды таңдап алған мамандық иелеріне елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев жауапкершілік артып, «Егемен еліміздің ертеңі-жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында » деген еді.
2-жүргізуші:Ежелгі Грецияда оқушы толтырып қоятын ыдыс емес, жағуға болатын
шырақ, ал оны тек өзі жанып тұратындар ғана жаға алады делінген. Ұстаз-ұлы
адам, ардақты тұлға.
• Атақты өнерпаздар да,
• төрткүл дүниені шарлап шыққан саяхатшы да,
• ғылымда сан жаңалықтар ашқан ғалым да,
• он саусағынан өнері тамған шебер де,
• жалпы адамзат баласы ұстаздың алдынан шыққан, білім алған,
мұғалімдерін өзіне үлгі тұтқан. Кейіннен жеткен жетістіктері үшін
ұстаз алдында бас иген, алғыс білдірген.
1-жүргізуші: Ұстаз сөзі – күн нұрына парапар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол
Шуақ болып жүректерге таралар.
2-жүргізуші:Ұстаз деген-ұлылардың анасы,
Ұстаз деген-ұлылардың данасы.
Ұстаз деген-жақсылықтың жалғасы,
Ұстаз деген-ұлылардың қаласы.
1-жүргізуші: Көптен сағына күткен Білім күнінің ізінен іле шала келетін
осы бір Ұстаздар күні мерекесі баршаңызға қуаныш, еңбектеріңізге табыс,
дендеріңізге саулық әкеліп, жандарыңыз құрмет пен махаббатқа толсын
демекпіз. Сіздердің еңбектеріңіз зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz