Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Информатика 8 класс "ms excel-дің мүмкіндіктері"
Информатика 8 класс
Өткізген: Еренова Назгүл Бексұлтанқызы,
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Ембі қаласындағы №2 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: <
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға EXCEL бағдарламасы бойынша білімді меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік, ақпараттық-технологиялық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиа құралдары.
Сабақтың әдісі:
* Баяндау
* Сұрақ-жауап
* Практикалық жұмыс
* Ойын
* Тест
Пәнаралық байланыс: математика, география
Сабақтың өту барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі
* Үйге берілген тапсырманы тексеру
* Қайталау
* Практикалық жұмыс
* Жаңа тақырыпты түсіндіру
* Ойын
* Тест
* Сабақты бекіту
* Оқушыларды бағалау
* Үйге тапсырма
1. <<Кім білімпаз?>> Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
* Электрондық кесте неден тұрады?
Жауап: Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Кітап жұмыс парақтарынан тұрады. Жұмыс парағы кесте түрінде беріледі.
* Excel-де бағандарды қалай белгілейміз?
Жауап: Бағандар латын алфавиттың әріптерінен және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттың 26 әріпінен кейін АА, АВ,.....ZZ әріп комбинациялары басталады.
* Excel-де жұмыс парағы неше бағаннан тұрады?
Жауап: 256 бағаннан тұрады.
* Excel-де жолдарды қалай белгілейміз?
Жауап: Excel-де жолдарды сандармен нөмірленген.
* Ұяшық дегеніміз не?
Жауап: Ұяшық баған мен жол қиылысынан тұрады. Әрбір ұяшықтың баған мен жол атынан құрылған адресі болады. Мысалы F
* Excel-дің кеңейтілуі?
Жауап: Excel-дің объектілерімен өңделген .xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады.
* Excel-де жұмыс парағы неше жолдан тұрады?
Жауап: Excel-де жұмыс парағы 65536 жолдан тұрады.
* Электрондық кесте ұяшығына деректердің кандай типтерін енгізуге болады?
Жауап: Электрондық кесте ұяшығына сан, формула, мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.
* Мәтіндік, сандық, дата, уақыт жазбаларына мысал келтіріңдер
Жауап: Санның мәндері бүтін, ондық бөлшектер, арнайы символдар: доллар, процент, плюс, минус т.с.с. Мәтін алфавиттік-сандар симводарынан тұрады. Уақыт, дата арасында нүкте бар сандардан тұрады.
* Электрондық кестедегі формула деп нені айтады?
Жауап: Тең болады таңбасымен басталып енгізілген ақпаратты айтады. Формула математикалық амалдармен жұмыс жасауға арналған.
Жұмыс кестесінің элементтері (Қысқаша мәлімет)
Excel-ді іске қосу:
Іске қосу батырмасы арқылы Программалар менюінен Excel-ді таңдау қажет.
Excel-дің объектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық - деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.
2.Маңызды түсініктер
Бағандар атауы
Пішімдеу панелі
Стандартты құралдар панелі
Тақырып жолы
Стандартты құралдар панелі
Меню жолы
Қатарлар нөмерлері
F12 ұяшығы
Формула қатары
Кестелік меңзер
Қалып-күй жолы
Бет таңбасы
3. <<Кім шебер?>> Практикалық жұмыс
1. Азиаданың қорытындысы бойынша Қазақстанжалпы командалық есепте 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль иеленіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға - 13 алтын, 24 күміс, 17 қола медальдармен Жапония, ал үшінші орынға 13 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды 11 алтын, 10 күміс, 14 қола алған Қытай иеленді.
Осы мәліметтер бойынша кестені толтырып, медальдердің санын табу керек.
2.
3.
4.
Сергіту сәті (1 минут сергіту жаттығулар жасау)
Місrosoft Excel программасының мүмкіндіктері:
* Кесте құруга және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;.
* Сақталган кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;
* Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуга;
* Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауга;
* Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;
* Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;
* Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;
* Диаграмма тұрғызуға;
* Графикалық объектілер кірістіруге;
* Баспаға шығаруға мүмкіндік береді.
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
EXCEL программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.
Диаграмма - деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады. Диаграмма құру үшін кестедегі мәлеметті белгілегеннен кейін аспаптар панелінен немесе Вставка-Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін мынандай терезе шығады.
Диаграмма тұрғызудың:
1-ші қадамы - диаграмма типін тандау. Диаграмманың 14 типі бар.
2-ші қадамы - диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу
3-ші қадамы - диаграмманың тақырыбын, мәнін енгізу
4-ші қадамы - диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз
31813502339975
Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммалардың барлығының екі осі:
* горизонталь немесе категориялар осі
* вертикаль немесе мәндер осі
Диаграмма мынандай элементтерден тұрады.
тақырыбы
аңыз
Жаңа сабаққа практикалық жұмыстар:
EXCEL-де кесте толтырып, диаграмма кірістіру.
Бәрімізге белгілі 3-сәуір күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлауға 4 кандидат қатысып, 95.5% дауыспен Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті.
8-сәуір күні ҚР Преидентінің ұлықтау рәсімі өтіп, Президент Н.Ә.Назарбаев ант берді.
1.Кесте бойынша гистограмма жасау:
2.Кесте бойынша дөңгелек диаграмма құру.
5.Ойын:
* Интерактивті тақтада <<Домино>> ойыны.
* Кестенің анықтамасын дұрыс құрастыру
* Диаграмманың анықтамасын дұрыс құрастыру
* <<Аудармашы>> ойыны. (орысша және ағылшын сөздерді қазақшаға аудару)
* <<Сиқырлы пернелер>> ойыны (пернелердің қызметін атау)
6.Тест (электрондық оқулықпен жұмыс)
1. Электрондық кесте бұл
А) Қандай да бір шын өмірдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтер жиыны.
Б) Кестеге жазылған мәліметтермен жұмыс істейтін программа.
В) Шын өмірдегі объектілерден тұратын массив.
Г) Мәтіндік ақпаратпен тығыз байланысты ерікті ақпаратты ұсынатын және өңдейтін арнайы құрылым моделі
2. Місrosoft Excel программасы бұл - ...
А) Windows-тың текстік құжаттарды құратын және модификациялайтын баспаға беретін қосымшасы.
Б) Windows операциялық жүйесі бақылау жасайтын ақпаратты басқаратын жүйе.
В) Windows операциялық жүйесі басқаратын электрондық кестені өңдеу үшін берілген арнайы бағдарлама.
Г) Экранда бейнелерді құратын және редакторлау үшін берілген арнайы бағдарлама.
3. Місrosoft Excel-де кестенің жеке ұяшықты көрсететін, жолдың номері мен багананың атын білдіретін ол - ...
А) есептеу нәтижесі
Б) ұяшыққа енгізілген формула
В) ұяшық адресі
Г) операндтар
4. Місrosoft Excel-дің дұрыс ұяшық адресін көрсетіңіз.
А) ВD666 Б) 67ВС
В) АВ.45 Г) АВ;32
5. Місrosoft Excel - құжаты ... болып табылады.
А) аты xls түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.
Б) аты dос түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.
В) аты mdb түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.
Г) аты txt түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл.
6. Місrosoft Excel жұмыс кітабы неше жұмыс парағынан тұруы мүмкін?
А) 1 ден 6536 Б) 1 ден 255
В) 1 Г) 1 ден 65536
7. Місrosoft Excel электрондық кестесі ... тұрады
А) 24 қатар және 16384 бағанадаи
Б) 24 қатар және 16384 баганадан
В) 24 қатар және 16384 бағанадан
Г) 24 қатар және 16384 бағанадан
Сабақты бекіту сұрақтары:
* Microsoft Excel бағдарламасы қызметі қандай?
Жауап: Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Microsoft Excel-дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
* Microsoft Excel бағдарламасын қай салада қолданамыз?
Жауап: 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазған. Сол студенттердің арқасында Microsoft Excel бағдарламасы жүзеге асып, оны математикада, статистикада, экономикада, қаржыда пайдаланады.
* Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері қандай?
Жауап:
* Кесте құруга және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;.
* Сақталган кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;
* Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуга;
* Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауга;
* Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;
* Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;
* Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;
* Диаграмма тұрғызуға;
* Графикалық объектілер кірістіруге;
* Баспаға шығаруға мүмкіндік береді.
* Оқушылады бағалау:
60325159385
Үйге тапсырма: Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері туралы реферат жазу
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz