Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Мәселелік есептерді қолдану


Мәселелік есептерді қолдану

Қазіргі кездегі физиканы оқыту әдістемесінде мәселелік оқыту әдісі қолданып жүр. Мәселелік оқытудың ұйымдастырудың мектеп оқушыларының ойлауын дамыту үшін зор маңызы бар. Мәселелік оқыту оқушылардың ізденіс қызметін ұйымдастыруды, шығармашылық есептерді шығару жөніндегі белсенді ақыл-ой қызметінің негізінде білімдерді меңгеру, сондай ак білім алу әдістерін игеруді талап етеді.
Эксперименттік физика-математика сыныптарында міндетті түрде мәселелік есептер мен шығармашылық есептерді шығаруды пайдаландық . І курста газ заңдары өтілгеннен кейін оқушыларға төмендегідей мәселелік эксперименттік есептерді ұсынуға болады.
1-есеп. Атмосфералық қысымды табыңдар.
Керекті құрал-жабдықтар: шыны түтікшілер, резеңке, тығын, штатив, сызғыш, суы бар ыдыс.
Шешуі: шыны түтікшелерді резеңке түтікшесімен жалғастырып U тәрізді етіп иеді. Оған су құйып, L1 суы жоқ ауа бар кеңістіктің биіктігін өлшейді.



Түтіктің бар тармағының ауызын бекітіп, екінші тармағын төмен түсіреді. Ауа бар кеңістіктің екінші жаңа шамасы L2 мен суы бар түтікшелердің еркін беттерінің айырмасы h ты өлшеп, сол жақтағы ауасы бар түтікшеге Бойль -Матриотт заңын қолданып мына теңдеуді жазуға болады:


Осы теңдіктен атмосфералық қысымды РА табамыз:

2-есеп: Сұйықтың тығыздығын анықтаңдар:
Приборлар мен құрал-жабдықтар: шыны түткішелер, резеңке трубка, тығын, штатив, сызғыш, суы бар ыдыс, барометр-анероид.
Бұл есепте бірінші есеп сияқты (1) теңдеуді қолданып шығарады. Енді атмосфералық қысым белгілі деп қарастырамыз:

Міне, жоғарыдай эксперименттік мәселе есепті шешуде Бойль-Мариотт заңын қолданып, бірдей құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, физикалық екі түрлі шаманы анықтадық. Мәселе есептерді оқыту процесінің қандай кезеңінде және қалай қолдануға болады?
Мәселелелік есепті оқушы өтілген материалды жақсы меңгеріп, осы алған білімдерін жаттығу есептерін шығарып үйренгеннен кейін, жақсы шығарады. Сондықтанда мәселелік - шығармашылық есептерін өтілген материалдарды қорытындылау кезінде шығарған дұрыс.
Кей жағдайларда мәселелік есептерді материалдарды түсіндіруде, оқушыларды ынталандыру үшін немесе өтілген материалда бекіту үшін де қолданады. Мысалы І курста оқытушы электродинамика бөлімін өткен кезде мынадай сұрақтар береді:
1. Үйкеліс арқылы денелердің электрленуі неге электр тогын өткізбейтін денелерде алғаш рет байқалады?
2. Электростатикадан тәжірибе көрсететін приборлар, құрал-жабдықтар үшкір емес, доғал, дөңгелеген формаларда болады? Неге?
Оқушылар әртүрлі өздерінің ойларын ортаға салады, дәлелдей алмайды, сондықтанда сабақты ынталана тыңдайды.
Мәселелік есепті жаңа материалдарға түсіндіруде қолдануға болады. Мысалы І курста капиллярлық құбылысты оқып үйренген кезде (Р.И.Малифеев. Проблемное обучение физике в средней школе, М.1980).
Капилярдағы сұйықтық дөңес бетінің астындағы қысымды анықтайтын

формуласын қорытып шығарып, жұғу және жұқпау құбылысын түсіндіргеннен кейін, оқытушы экранға диаметрлері әртүрлі қапиллярлық түтікшелердегі сұйықтықтың көтерілуін биіктігі азаятындығын бірден байқайды.
Капиллярлық түтікшелердегі сұйықтықтың ойыс бетінің радиусы, капиллярдың радиусына тең екеніне оқушылардың көңілін аудару қажет.
Мәселе ұсынамыз: Капилярдың диаметрі белгілі болса, капилляр арқылы көтерілетін сұйықтықың биіктігін табу керек.
Оқытушы: <<Диаметрі үлкенірек түтікше мен капилляр қатынас ыдыс болып табылады. Түтікшелер арқылы сұйықтықтың көтерілуі қатынас ыдыстардың заңдылығын қарама - қайшы емес пе?>>
Оқушылардың жауабы: <<Жоқ, қарама - қайшы емес. Капиллярдағы сұйықтықтың көтерілуі ойыс беттің астындағы артық қысымның әсерінен жоғары қарай көтеріледі?>>
Оқытушы: <<Ал түтікшелерде?>>
Оқушы жауабы: <<Ондағы сұйықтықтың беті түзу, сондықтан артық қысым жоқ>>.
Оқытушы: <<Тәжірибеге жүгінбей ақ, сұйықтықтың қандай биіктікке көтерілгенін қалай анықтауға болады?>>
Жауап: <<Түтіктегі сұйықтықтың түсіретін қысымы капиллярдағы ойыс беттің астындағы артық қысыммен теңгеріледі.

Мәселе есепті шешу кезінде, іздену, әңгімелесу әдісін қолдана отырып, теориялық жаңа материал, формула қорытылып шығарылды.
Осындай есептерді шешу, қайталау және өтілген материалдарды бекітуге арналған есептер шығару сабақта жақсы нәтиже береді.

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы
<<Тасқала колледжі>> МКҚК физика
және информатика пәнінің мұғалімі
Валиева Жадыра Бақытжановна

Ұқсас жұмыстар
Программалаудың даму тарихы. программалық қамтамасыз етудің даму тарихы
Сыни тұрғысынан ойлау
Базалық деңгей
Экономика пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
Кезеңдеп оқыту технологиясы
ВЕНН диаграммасы
Құжатқа құпия сөз орнату жолдарын үйрету
Қазіргі сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялар
Кестелерді пішімдеу
Бекіту тобының мәліметтері
Пәндер