Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Менің жаңашыл сабағым
Эссе
<<Менің жаңашыл сабағым>>
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам - деп ақын жырлап өткендей , шынымен де , мен үшін <<бақыт>> деген тармағы кең ұғымның
бір шеті осы ұстаздық мамандықпен ұштасып жатыр. Анығында <<ұстаз>> деген кім?
Ұстаз - шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.
Алайда өзімді , бүгінгі таңда , <<керемет ұстазбын>> деп айту астамшылық болар деп ойлаймын. <<Ұстаз>> деген ұлы атаққа ие болу үшін әлі талай маңдай тер төгіп, үздіксіз еңбектеніп ,талай - талай белестерді бағындыру керектігін мойындаймын.
Ал, мен - заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары , үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде егемен еліміз дамудың , жаңарудың даңғыл жолына түсті.Болашаққа нық сеніммен қарайтын болдық.Қарап тұрсаң, өзгеріп жатқан дүние шаш етектен. Тек қана сол өзгеріске тез бейімделіп,артта <<шаң қауып қалмаудың>> амалын істеп бақ. Сондай өзгеріс білім беру саласын да бей-жай қалдырмаған.
Атап айтсақ, Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің үш айлық біліктілікті арттыру курстары мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық,өзгеріс, жаңа бастау десек те болады.
...Курсқа келгенше кезекті , бұрынғы қатысып жүрген біліктілікті арттыру курстарынан артықшылығы бола қояр ма екен деген үмітімнен күдігім басым болып келген едім. Мен бекер күдіктенген екенмін.Бұл курс барысында менің дәстүрлі педагогикадан қасаң болып қалған стереотиптерім күйрей сынды. Мен жасқанбай,қателігімді бетіме басар - ау,жерден алып-жерге салар адам жоғын біліп еркін ой айттым,еркін дәлелдедім, мәселенің түйінін тереңінен түсіндім.Шығармашылыққа негізделген шыңдалған ой айту үшін өзіңнің өреңнің биік болуы қажет екенін пайымдадым. Жаңа дүниені жатсынбай қабылдадым.
<<Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады>>, - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.
Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымыз бен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалағандай.
Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Ол- жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу. Екінші жетістігім - өзімді шыдамдылыққа үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының керегінше ойлануын бірінші орынға қоятын болдым.
<<Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек>>- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ( топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау , диалог арқылы оқыту) кеңінен қолданамын . Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені қайталамай, өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір-біріне құрметпен қарап көмектесуге, топ ішінде өзін <<жеке тұлға>> ретінде санап,көшбасшы болуға,өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге , бір-бірін және өзін-өзі әділ бағалауға төселіп, қазірде бұл қалыпты жағдайға айналғандай.
Дәстүрлі сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қорытындыны өзім жасап отыратынмын. Ойлап қарасам, мен оқушыны ойландыруға жағдай жасамаған екенмін. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды. Енді жаңаша өткізілген бір сабағымның өту барысын баяндап берейін.
Сабақ 6-сыныпта әдебиет пәнінен өтті.
Сабағымның тақырыбы - А.Құнанбаев << Құлақтан кіріп бойды алар>> өлеңі.
Сабағымның мақсаты:
Абайдың <<Құлақтан кіріп бойды алар>>өлеңімен танысып,ән мен күйдің құдіретін Абайша ұғыну.
Балалардың танымдық ойлау қабілетін, ойын батыл айта білуін, ұжымдық жұмысқа бейімделуін дамыту.
Өлең идеясы арқылы мәселені бірлесе әрі дұрыс шешуге, адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелеу
Сабақ қазан айының 18-і күні өтті. Балалардың көңіл - күйлері жаман емес секілді.Олардың бойынан балалықтың нышанын ғана байқайсың. Еркін, ерке балалар... Жаңа сабақты бастамас бұрын өзім көшбасшылық жасап балаларды түстер бойынша топ-топқа бөліп отырғызу арқылы ұйымдастыру сәтін жүргіздім. Әр бала өз орнын тауып отырғаннан кейін әдеттегіше үй тапсырмасын сұрап алуды жөн көрдім.Үйге М.Әуезовтың Абай жайында айтқан пікірін оқып,түсініп келу болатын. Мен түсінгендерін ауызша айтқызбай, тапсырманы кішкене күрделендіріп ,оны кесте түрінде сызып берулерін сұрадым. Жеке ,жұпта , топта, жұмыс істеп жауап берулеріне уақыт бердім . Бұл күні балалар бастапқыдай емес, уақытпен жұмыс істеуге де төселгендей . Үй тапсырмасын кесте түрінде көрсету балаларды көп ойландырған секілді . Егер де жеке - жеке түсінгендерін сұрасам , онда мүмкін бірі жауап берер , бірі жауап бермес. Өйткені дайындықпен келетін бала бар да,дайындықсыз келетін бала бар. Ал топта жұмыс істесе , бір- бірімен диалогтық қарым-қатынасқа түсіп ,бірінің білмегенін біреуі толықтырып , дайындықсыз келген бала жақын арадағы даму аймағында жұмыс істеп , білмегенін біліп алуына мүмкіндік алады.Оқыту мен оқудағы бұл жаңа тәсіл (топтық жұмыс) оқушылардың өзара диалогтық қарым-қатынасқа түсіп ойларын ортаға салуына ,сол арқылы дәлелді жауап берулеріне септігін тигізеді. Үй тапсырмасын орындауда қиындыққа тап болған топ мүшелері тақырып бойынша талқылау жұмысын іске асырып,соның нәтижесінде бір шешімге келді. Екінші топтан басқа топтардың сызып берген жобасы ойға қонымды .дәлелді болды.Олар Абайдың білім алған бастауларын жобалап сызып, топ атынан қорғап шықты. Ал екінші топ тақырыпты түсінбегендік терін байқатты. Үй тапсырмасын қорытқаннан кейін жаңа сабақты бастауға көштім. Сабақтың алдында бағалау парақшаларын таратып ,топ басшыларын сайлаттым. Жаңа сабақтың тақырыбын ребус шештіру арқылы таптық . Ребусты бірден тапқырлық танытып Қанат деген оқушы шешті . Сабақтың тақырыбын анықтап алғаннан кейін бүгінгі күннің мақсатымен танысып , міндеттері айтылды. Сабақ <<Сын тұрғысынан ойлау>> модулінің сабақ кезеңдерінен түзілгендіктен, ең алдымен, сабағым ән мен күйге байланысты болғандықтан, балалардың қызығушылығын ояту мақсатында АКТ-ны пайдалана отырып << Кең жайлау>> күйін тыңдаттым . Бұндағы мақсат:
Балалардың сезімдеріне серпіліс туғызып , күйден алған әсерлерін айтқызу.Егер де балалардың бойында сабаққа деген қызығушылық оянбаса , онда оқушы ары қарай да сабақта белсенділік танытпасы анық. Сондықтан да сабақтың әр кезеңін жандандырып ,баланың еркін ойлап,ұшқыр жауап беруіне мүмкіндік туғызу керек. Күйді тыңдап болған соң ең бірінші боп қол көтерген Айдын деген бала болды.Ол өзінің қандай сезімге бөленгенін (үлгерімі жақсы оқушы болса да) қысқа ғана сипаттады.Оның жауабына көңілім толыңқырамаса да <<ойың жақсы, тағы да ойлан>> деп ынталандырып қойдым . Бұл ретте мені Айдар деген үлгерімі төмен баланың берген жауабы қанағаттандырды. Ол:
- Менің көз алдыма қазақтың кең даласы,жүйрік жылқылары, әжемнің киіз үйдің қасында бауырсақ пісіріп жатқаны елестеді, - деп, өзінің сезімін әдемі, көңілге қонымды сөйлемдермен жеткізді. Оны сыныптағы балалар да байқап, қатты қол шапалақтады. Бұл жерден де балалардың бір-біріне деген көзқарастарының өзгергенін байқадым. Бұрынғы жағдайда мүмкін балалар Айдарға күлер ме еді немесе келекелеп төмендетер ме еді? Кім біледі? Ал қазіргі өзгеше сабақ үдерісінде балалар Айдардың жетістігіне бірге қуанып, бала бойында өзіне деген сенімділікті ұялатты . Оның бұл жетістігіне мен де қуанып , қошемет көрсетіп , ойының дұрыстығын айттым. Сөйтіп қызығушылықты ояту кезеңінде балалардың жартысынан көбі қол көтеріп белсенділік танытқанынан, олардың сезімінде бір серпіліс пайда болғандығын байқадым. Бұдан кейін сабағым сәтті өтер деп те ойладым.
Келесі сабақтың кезеңі - мағынаны тану.Бұл кезеңде балалар бұрынғы білім мен жаңа білімді ұштастырып, сын тұрғысынан талдау , салыстыру дағдыларын дамытып, білім аясын кеңейтіп , жүйелейді.
Ең алдымен өзім көшбасшылық танытып, өлеңді мәнерлеп оқып бердім. Балалардан не түсінгендері туралы жалпы сұрақ қойдым . Біреулері түсіндік деді, кейбіреулері түсінбегендерін айтты. Көпшілігінің түсінбегенін ішім сезіп тұрды. Шындығына келсек, бұрынғы сабақ болғанда бірден өзім түсіндіруге көшетін едім. Яғни мұғалім- түсіндіруші, ал оқушы-тыңдаушы ретінде қабылданатын. Бүгінгі сабақ өзгеше. Өйткені әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер - оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады . Осы ойды негізге ала отыра өлеңнің мазмұнын оқушылардың өздеріне талқылауға тастадым.1-топ 1,2-шумақ,2-топ 3,4-шумақтар.т.с.с. Бұл жерде ұжымдық жұмыс арқылы балалады топтық әңгімеге тарту, <<жақын арадағы даму аймағын>> дамыту (Выготский) көзделді.
Осындай жақын арадағы даму аймағында балалар жұмыс істесе , ең алдымен , сынып ішінде достық қарым-қатынас орнайды, екінші балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды. Келесі кезекте балалар өлеңнің әр шумағын қалай түсінгендіктерін топта зерттеушілік әңгіме түрінде талқылап, ойларын топтастыру стратегиясы арқылы жинақтап,ортада қорғады. Бұл тұста өзім көшбасшылық жасап, слайд арқылы балалардың түсінуіне қиындық туғызған сөздер мен сөз тіркестеріне анықтама беріп, сөздік жұмысын жүргіздім.
Сабақтың ой толғау кезеңінде оқушылардың ойын жинақтау мақсатында деңгейлеріне қарай тағы да топтарға бөліп , деңгейлік тапсырмалар үлестірдім. Деңгейлік тапсырмалардың орындалу үлгісін слайд арқылы көрсеттім. Интербелсенді тақтаның әр сабақта тигізер пайдасы мол. Ең алдымен балалардың сабаққа деген ынтасы артады. Екіншіден сабақ дұрыс жоспарланған жағдайда уақытты үнемдеудің таптырмас құралы екендігіне көзім жетті. Сөйтіп, 1-топ <<Тұлпарлар>> деп аталды. Өйткені бұл топқа сабақта әрқашан белсенділік танытатын үздік оқушыларды отырғыздым. Бұл топтың балаларына дарындылықтарын шыңдау мақсатында сыни ойлауларына түрткі болатын тапсырма бердім. Яғни <<Суреттер сөйлейді>> тапсырмасы бойынша балалар берілген суреттерден шығармашылық қабілеттерін іске қосып, Абайдың образын шығармақ. 2,3-топ балалары үлгерімі жақсы балалар болғандықтан <<Жүйріктер>> деп атап, оларға <<Кейіпкерге хат жазу>> стратегиясы бойынша Абайға хат жазуды тапсырдым. Ал 4-топ оқу үлгерімі орташа оқушылар болғандықтан, <<Жайбасарлар>> деп атап оларға оңайырақ тапсырма орындаттым. Яғни <<5 жолды өлең>> стратегиясы бойынша <<ӘН>> сөзіне талдау жасату. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында <<Жайбасарлар>> тобының қызығушылықпен жұмыс істеп,ортақ бір шешімге де келіп қалғандықтарын байқадым.Топтың жауабы :
Зат есім Ән
Сын есім, сын есім. Құдіретті , тәтті.
Етістік,етістік,етістік. Айтылады, құлақтан кіреді, бойды алады
Сезімді білдіретін сөз тіркесі Әнді сүйсең, менше сүй.
Синоним Дәрі
Ал тапсырманы екінші боп орындаған <<Тұлпарлар>> тобы болды. Олар өздерінің дарындылықтарын танытқандай.Суреттер арқылы Абайдың образын сомдап, дәлелді жуап бергенде әрқашан алда жүретін Анел мен Диана ерекше көзге түсті. Кейіпкерге хат жазған балалар да жұмыстарын аяқтап, хаттарын оқуға асықты. Айзат атты қыздың жазғанынан бір мысал келтіре кетейін.
Абай аға.
Сізге сонау ХХІ ғасырдан хат жолдап отырған Зеленобор мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Айзат деген қыз. Біз жыл сайын сіздің шығармаларыңызбен танысып, жаттап та жүреміз. Бүгін біз сіздің <<Құлақтан кіріп бойды алар>> өлеңіңізбен таныстық. Ойлап қарасам, өлең жолдарынан сізде бір мұң бар екенін байқадым. Мұңаймаңыз. Қазір біз Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Сіз армандағандай, оқыған, білімді жастар көп. Біз бақыттымыз! Сау болыңыз, Абай аға. Сізбен әлі талай сырласармын. <<Айзат>>
Бұдан кейін оқушылар үшін сабақтың ең маңызды кезеңі - бағалау.
Бұл сабақта дәстүрлі сабақта кездеспеген бағалау әдісі де өз әсерін тигізді. Біз бағалау тек оқыту мен білім беруден кейінгі болатын процес деп түсіндік. Ал шын мәнінде бағалау- оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екендігіне көзіміз жетті. Шын мәнінде мектепке оқушы жақсы баға алсам деп армандап келеді. Сол бағаны алу үшін де сабақ үстінде өзінің қабілетін , белсенділігін танытып тырысып бағады. Бұрынғы сабақта ешқандай талдаусыз тек қана бір жақты (мұғалім) бағаланса, қазіргі 7 модуль төңірегінде түрлендірілген сабақта бағалау сабақтың басынан соңына дейін жүргізіліп отырылды. Бұл сабақта формативті( мұғалімнің мадақтауы,қолпаштауы) бағалаудың негізінде жиынтық бағаны шығардым. Сабақ барысында оқушылар критерий арқылы бағалаудың жүйесін екжей-текжей біліп, сол арқылы әр балаға <<әділ>> баға шығаруды да үйренген секілді.
Міне, 45 минут те аяқталды... Мен бұл сабақтан ерекше ләззат алып, демалып шықтым. Өйткені сабақтағы барлық жұмысты оқушылардың өздері іске асырды. Бұл кезеңде мен оларға тек бағыт беруші ғана болдым. Жеті модульді сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді.
Мен енді басқа машинаға отырдым деп есептеймін. Бірақ бұл көліктің жүргізушісі - (мен емес) менің оқушыларым. Олар басқарушы,жаңа жол іздеушілер , ситуациялардан шығып ,мақсатына жетушілер. Ал мен болсам, бағыттаушымын.
Ойымды қорыта келгенде, мен нені, қалай өзгерттім дегенде, біріншіден өзімнің көзқарасымды өзгерттім, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден бала еркіндігін шектемеу, төртіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін- өзі реттеуді үйренді, бесіншіден бағалауды өзгерттім және әріптестеріме де ықпалым болды. Менің түсінгенім- жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.
<<Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек>>- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біз діттеген мақсат - мүддемізге жетіп, <<ұлы ұстаз>> деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz