1 қыркүйек - Білім күні: колледждегі Алғашқы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі

C:\Users\Администратор\Desktop\Valieva-Zhadira-Bakitzhanovna.jpg

1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен шақырулы қонақтар!

1-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын Білім күнің - мерекең!

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата - аналар, қадірменді

қонақтар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы

қоңырау» мерекеңізбен құттықтай отырып, колледж өміріне

дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты

салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Мектебіне шәкірттер ағылады,

Сана, білім сусаған табылады.

Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,

Ұстазына жеткенше сағынады.

2-жүргізуші: Жүректері тұратын лүпіл қағып,

Мұғалімдер оларды күтуде анық.

Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,

Осы шақты аңсайды бүкіл халық.

2-жүргізуші: Колледж, тік тұр! ҚР Мемлекеттік әнұраны

орындалсын!

/ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/

1-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір

Құттықтайды колледж басшысы баршаңды, - дей келе,

құттықтау сөз колледж директоры Жанекенов Бауыржан

Мақсотұлына беріледі

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат

етіңіздер: /келген қонақтармен таныстыру/

1.

2.

1- жүргізуші: Көңілге ұнар, шықса ән сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған, - дегендей бүгінгі

студенттердің құрметіне ІІІ курс студенті Кумарова

Кенжегүлдің орындауындағы тамаша әнді қабыл

алыңыздар.

2 -жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берійік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында

1.

2.

1-жүргізуші: Қазақ биі - орындайтын ІІІ курс студенті Суюншалиева Умит

2-жүргізуші: Колледж табалдырығын аттағалы тұрған І курс студенттері!

Қадамдарыңыз құтты болсын! Сабақтарыңызды жақсы оқып,

үлкен үлкен жетістіктеріңізге жетулеріңе тілектеспіз!

1-жүргізуші: Келесі сөз кезегі І курс ата аналар атынан

беріледі

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі ІІІ курс студенті Джумабеков Тайман және І курс студенті Нұрлыбекова Гүлжан беріледі.

/Қоңырау соғылып жатқан сәтте…/

1-жүргізуші: Қызыл гүл жайнады төрімде,

Қызықты күнім де, кешім де.

Алғашқы қоңырау дауысы,

Қалады мәңгілік есімде.

1-жүргізуші: Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

2-жүргізуші: Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр екем.

Бақытқа бізді шақырған,
Қоңырау дауысы жыр екен

1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп

жариялаймыз!

2-жүргізуші: Келесі кездескенше аман сау болайық!

Хабарландыру: Құрметті студенттер және ата аналар, баршаңызды Білім күніне арналған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тәрбие сағатымызға шақырамыз. Әр топ жетекшісі өз топтарыңызбен бекітілген кабинеттерге баруларыңыз сұралады.

№11 топ жетекшісі Сундетбаев Нұрғали Рахимович,

топ шебері Хайруллин Құбайдолла Мұхамидиярович

№12 топ жетекшісі Елесова Рима Бериковна

топ шебері Рахимова Анара Султангалиевна

№1 топ шебері Сагидуллин Мереке Батырханович

№2 топ кураторы Повытчиков Сергей Валентинович


Ұқсас жұмыстар
ОШ №32-нің 1 қыркүйек - Алғашқы қоңырау және Білім күні салтанатты жиынының сценарийі
1 қыркүйек - Білім күні: Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны және мектептің 20 жылдық мерейтойы
Байқоңыр қаласы М.Әуезов атындағы №6 мектептің 2012 жылғы 1 қыркүйек - Білім күні Сыңғырла күміс қоңырау салтанатты жиынының бағдарламасы
1 қыркүйек - Білім күні: Сыңғырла, күміс қоңырау атты салтанатты жиынның бағдарламасы
ОШ №32-нің 1 қыркүйек - Алғашқы қоңырау және Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы
2012-2013 оқу жылының 1 қыркүйек - Сыңғырла, күміс қоңырау білім күніне арналған салтанатты сценарий
№4 Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің 1 қыркүйек - Білім күніне арналған Кел, балалар, оқылық салтанатты жиынының сценарийі және іс-шара тәртібі
25 мамыр 2010 жылғы 2009-2010 оқу жылының Сыңғырла, соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
Тәжірибе стансасы негізгі мектебінің 2009-2010 оқу жылындағы Сыңғырла, соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
Абишева Г.А. Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 орта мектебінің Соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz