"мамандық әлеміне саяхат" тақырыбындағы тренинг. 9-11 сынып

Тақырыбы:
МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ 9-11 сыныпқа өткізу
Мақсаты:
оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі:
тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
І. Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
1. Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»
Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.
ІІ. Негізгі бөлім
2. Тақырыпқа кіріспе.
Слайдпен Абайдың бір шумақ өлеңі көрсетіледі, дыбыспен оқылады.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Абай Құнанбаев)
Сұрақ-жауап.
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?
2. Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер? 2 минут
Жүргізуші психолог:
Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау - өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен.
Сонымен «Ми шабуылы» - ой қозғауы бастайық: Жалпы сұрақ 3 минут
- Мамандық дегеніміз не?
- Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
- Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
- Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
- Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
- Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
«Мамандық қасиеттері» тренингі 5 минут
Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.
Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т. с. с. Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т. б.
«Жасырылған мамандықты тап!» тренингі 5 минут
Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 - топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербальды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.
«Ең, ең . . . » ойыны 3 минут
Нұсқауы. Оқушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Төменде берілген мінездемелерге сәйкес келетін мамандықтардың атауларын жазып, айтулары керек.
- ең жасыл мамандық . . .
- ең тәтті мамандық . . .
- нағыз ақшалы мамандық . . .
- ең қауіпті мамандық . . .
«Әріпті мамандық» ойыны 7 минут
Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.
Мысалы:
І топ: «А», ІІ топ: «К», ІІІ топ: «Ж», ІІІ І топ: «Б».
агроном күзетші журналист биолог
“
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе
” - деген Жүсіпбек Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.
ВИДЕО көрсету «Эффект бабочки» 10 минут
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz