Үлгермеуші оқушымен жұмыс. 6 сынып

Безымянный

Әлия Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп

Жеке оқушымен жұмыс

дәптері

Пән:

Оқушының

аты-жөні

Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Тараз 2014-2015 оқу жылы

6 сынып Жоспар. Үлгермеуші оқушымен жұмыс

6 сынып. Қазақ тілі

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары

Мазмұны
Мерзімі
№: 1
Мазмұны: Сөз тұлғасы
Мерзімі: 1
№: 2
Мазмұны: Сөз тұлғасы
Мерзімі: 1
№: 3
Мазмұны: Дара және күрделі сөздер
Мерзімі: 1
№: 4
Мазмұны: Дара және күрделі сөздер
Мерзімі: 1
№: 5
Мазмұны: Біріккен сөздер
Мерзімі: 1
№: 6
Мазмұны: Біріккен сөздер
Мерзімі: 1
№: 7
Мазмұны: Қос сөздер
Мерзімі: 1
№: 8
Мазмұны: Қос сөздер
Мерзімі: 1
№: 9
Мазмұны: Қысқарған сөздер
Мерзімі: 1
№: 10
Мазмұны: Тіркесті сөздер
Мерзімі: 1
№: 11
Мазмұны: Атауыш, көмекші, одағай сөздер
Мерзімі: 1
№: 12
Мазмұны: Зат есім
Мерзімі: 1
№: 13
Мазмұны: Зат есім
Мерзімі: 1
№: 14
Мазмұны: Сын есім
Мерзімі: 1
№: 15
Мазмұны: Сын есім
Мерзімі: 1
№: 16
Мазмұны: Сан есім
Мерзімі: 1
№: 17
Мазмұны: Сан есім
Мерзімі: 1
№: 18
Мазмұны: Есімдік
Мерзімі: 1
№: 19
Мазмұны: Есімдік
Мерзімі: 1
№: 20
Мазмұны: Етістік
Мерзімі: 1
№: 21
Мазмұны: Етістік
Мерзімі: 1
№: 22
Мазмұны: Етіс
Мерзімі: 1
№: 23
Мазмұны: Етіс
Мерзімі: 1
№: 24
Мазмұны: Есімше
Мерзімі: 1
№: 25
Мазмұны: Есімше
Мерзімі: 1
№: 26
Мазмұны: Көсемше
Мерзімі: 1
№: 27
Мазмұны: Көсемше
Мерзімі: 1
№: 28
Мазмұны: Тұйық етістік
Мерзімі: 1
№: 29
Мазмұны: Үстеу
Мерзімі: 1
№: 30
Мазмұны: Үстеу
Мерзімі: 1
№: 31
Мазмұны: Еліктеу сөз
Мерзімі: 1
№: 32
Мазмұны: Одағай
Мерзімі: 1
№: 33
Мазмұны: Көмекші есімдер. Көмекші етістіктер
Мерзімі: 1
№: 34
Мазмұны: Шылау
Мерзімі: 1

1. СӨЗ ТҰЛҒАСЫ

1. Төмендегі сөздердің қосымшаларын тап.

Жазушы, дәріхана, айлакер, сазгер, оқытушы, мейрамхана, ақылгөй, аспаз

2. Жалғау нешеге бөлінеді? Төмендегі мақал-мәтелдегі жалғаулардың астын сыз.

Жақсымен жанассаң,

Атаққа ілінерсің.

Жаманмен жанассаң,

Шатаққа ілінерсің.

3. Мәтінді көшіріп жаз.

САҚЫП

Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, ақырында әл кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір күні етігі болмаған соң, жалаң аяқ далада жүргенінде, аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жатып, екі аяғы жоқ ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге жолықты. Мұны көріп Сақып аһ ұрып айтты дейді. :

- Әй, құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір, менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа! Мынау балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та болса жүріп жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау деді, - дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)

2. СӨЗ ТҰЛҒАСЫ

1. Төмендегі сөздердің түбірін тап.

Кітапхана, етікші, қоныс, көлшік, жүзгіш, оқулық, тәртіпті, ақылшы.

2. Мәтіннен жалғауларды тауып, қай түрі екенін айт.

- Николай түскенде жұрт кенеледі дегені қайда? Нашардың қолы теңдікке жетпейді. Малыңды сұрасаң, партиясына айтады. Досы қорғай түрегеледі, қасының қолынан келмейді. Екі ортада кедей өшетін болды ғой! Қой, бұлай болмас. Елді қан қақсатқан Николайға да зауал болып еді.

(Ж. Аймауытов)

3. Мәтінді көшіріп жаз. АТА НАСИХАТЫ

Әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабауды алып келіп, балаларына беріп:

- Сындырыңдар!- дейді.

Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын деп еді, сабаулар сынбайды.

Әкесі сабауларды алып, шешеді де:

- Бір-бірлеп сындырыңдар!- дейді.

Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады:

- Араздасып, араларың ашылса, сендер де осы сабаулар сықылды боласыңдар. Ұйымшыл болыңдар, жау жеңуі қиын болар!

Тірліктің күші - бірлікте. (Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ)

3. ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

1. Төмендегі сөздерден күрделі сөздер жаса.

Ата, ауыл, ас, көк, ет, жылы, үш, он, ала, ақ.

Үлгі : Ақтау, жылы-жұмсақ, он екі.

2 . Өлеңнен қос сөздерді тап.

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын. (С. Сейфуллин)

3. Мәтінді көшіріп жаз.

ЖАН-ЖАНУАРДЫҢ ИІСШІЛДІГІ

Ат бірдеңеден үріксе, пысқырады. Ол - иісін оңдап (дұрыстап) айырайын деп, мұрнын тазалағаны. Қашан айырғанша пысқырғаны, үріккені басылмайды.

Бір өгізді біреу өкіртіп ұрып жатқанын көп өгіз көріп тұрса да, не екеніне «түсінбейді», ал сиырдың қаны тамған жерді иіскесе болғаны, жер тырнап өкіріп қоя береді.

Әйелі науқастанып қалып, бір шал сиырын саууға өзі барса, сиыры пысқырып, иімейді. Ал әйелі шапанын кигізіп, басына жаулығын орап жіберсе, сиыр иій бастайды. Сауып отырғанда шалдың өңірі түріліп қалса, сиыр қорс етіп сүтін, тоқтата қояды.

Құрт-құмырсқаның иісшілдігі иттен де бетер, ара өзіне керек гүлге бұлтармастан ұшып барып қонады. Құрт өз жапырағына қарай тура жорғалайды. Қандала, бүрге, маса сияқты жәндіктер адамның иісін өздерінің жүз мың адымындай жерден сезеді.

Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ

4. ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

1. Сөйлемнен біріккен сөздерді тап.

Қарт Алтайдың қақ басында, алақанының аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан шарап сулы Марқа көлі. (Ж. Аймауытов)

2. Сөйлемдегі қысқарған сөздерді тап.

- Түркістан Компартиясы V конференциясының Рысқұлов жобасы бойынша қабылдаған қаулысын РКП (б) Орталық Комитеті мен ВЦИК бекіткенше республика жалауына «Түрік Советтік Республикасы» деп жазылмай қоя тұрсын, - деді. (Ш. Мұртаза)

3. Мәтінді көшіріп жаз.

ӘДЕП

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды.

Қасындағы бай:

- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?- деп айтты.

Сонда әкім:

- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба деді, - дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)

5. БІРІККЕН СӨЗДЕР

1. Сөйлемнен біріккен сөздерді тап.

. . . Үш жыл ұдайымен қала бетін көрмеген Асқар Шу елінен Әулиеатаға, Ақмолаға, Атбасарға жәрмеңкеге баратын керуенмен почтаға саларсың деп, сенімді адамдар арқылы Ботагөзге талай хат берді.

2. Төмендегі сөздерден біріккен сөз жаса.

Алтын, күміс, нұр, бақыт, ай, күн, еш.

3. Мәтінді көшіріп жаз.

ТҮЛКІ МЕН ЕШКІ

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп әлгі апанға келіп, түлкіні көріп:

- Әй, түлкі батыр, неғылып тұрсың?- депті.

Түлкі айтты:

- Ой, неғыласың, батыр, жаным райыс 1 тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - деді.

Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп секіріп апанға түскенде, түлкіекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті дейді. (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)

6. БІРІККЕН СӨЗДЕР

1. Көп нүктенің орнына тиісті түбірлерді қойып, біріккен сөздер жаса.

. . . су, . . . тау, Екі . . . түз, Көк . . . , . . . орда, . . . басы, ақ . . .

Керекті сөздер: Қара, жеті, ел, алаш, тал, бөкен, бас.

2. Дыбыстық өзгерістерге ұшыраған түбірлерді бастапқы түбірінде жаз.

Ботагөз, бүгін, қыстыгүні, Жангелді.

3. Мәтінді көшіріп жаз.

САУЫСҚАН МЕН ҚАРҒА

Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа қонып, тынбай шиқылдай беріпті, қасындағы құзғын қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан:

- Қарға тамыр, сен неге үндемейсің, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың?- депті.

Оған қарға айтты дейді:

- Рас, сауысқан мырза, еркін наныңқырамаймын; саны көп, сапасы жоқ сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады деп білемін, - депті-міс . (Ыбырай АЛТЫНСАРИН)

7. ҚОС СӨЗДЕР

1. Мәтіндегі қос сөздерді теріп жаз.

Елеңдеп қарасып ақтар да тілмаш арқылы бұл «хабарды» естіп үрпиісіп, үрейленіп, аттарына, көліктеріне қарай тұра-тұра жүгіріп, жалма-жан, апыл-ғұпыл аттана жөнелді . . .

Бұл әскер ауылға таянғанда Танабай ауылы - Танабай үйі жын тигендей, апалаң-топалаң болып жатты. (С. Сейфуллин)

2. Төмендегі қос сөздерден қайталама қос сөздер жаз.

Табын-табын, екі-үш, тап-таза, жап-жасыл, оқта-текте, анда-санда, ата-ана, бақа-шаян, қыз-келіншек, төбе-төбе, жігіт-мігіт.

3. Мәтінді көшіріп жаз.

ПОЛКАН ДЕГЕН ИТ

Біз оқып жүрген шағымызда ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады.

Сонда мен тұрып айттым:

- Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайыңды берер, - деп. Біраз қарап тұрсақ та кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Түрегелсем, арт жағымда ұстазым келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:

- Көрдің бе, анау Полканның сенен гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың, немесе ренжітесің. Полкан ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр, - деді.

8. ҚОС СӨЗДЕР

1. Төмендегі қос сөздерге мысал жаз.

Мая-мая, қып-қызыл, астан-кестен, бес-бестен.

2. Сөйлемнен қос сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажырат.

- Жылқысы егіннен шықпай түрып, қазір ғана жүген-ноқта, арқан-баумен барындар да, таңдап-таңдап жүріп тура отыз құр атын ұстап әкеліңдер.

(М. Әуезов)

3. Мәтінді көшіріп жаз.

ЕКІ СОҚА

Бір заводтан әм бір кесек темірден екі соқа істеліп шықты, олардың біреуі кешікпей егіншінің қолына түсіп, жер жырта бастады. Біреуі ешбір кәсіпсіз дүкенде жатты. Егіншінің қолындағы соқа жер жыртқаннан ағарып, күмісше жылтырап тұрды, дүкендегі соқа тот басып, қарайып жатты. Бірнеше уақыт өткен соң екі соқа жолығысты. Сонда дүкендегі соқа егіншідегі соқадан сұрады:

- Не себепті сен мұнша жалтырайсың?- деп.

- Жұмыс қылып мехнаттанғаннан. Егер сен де жұмыс қылып мехнаттансаң, мендей жарқырап тұрар едің, - деді . (Спандияр КӨБЕЕВ)

9. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР


Ұқсас жұмыстар
Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасау
Оқушының сабаққа үлгере алмау себептері
Жұдырық тренингі
Жаңа форматты мұғалім
Сабаққа қатысудағы мақсат
Шығармашылық қабілетін дамыту
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛІК ІЗДЕНІСТЕР
Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда диалогтік қарым-қатынастың тиімділігі
Психологтың айлық, апталық жоспары. 2013-2014ж
Жай бөлшекті жай бөлшекке
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz