Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өзгеріс не үшін қажет?
Өзгеріс не үшін керек?
Ғаламдық ауқымдағы құбылыстар ХХІ ғасыр басындағы адамзат қоғамының
түр сипаты мен дамуының бағыттарын айқындап берді. Экономикалық
мәселелерден туындайтын қарама-қайшылықтар көбейіп, қоғамдық -экономикалық
жаҺандану үдерісі құлаш жайды. Жылдам ақпарат пен мол білімге,
көпмәдениеттілікке негізделген қоғам құрылды. Елдердің бір-бірінен
артықшылығы, бәсекелестікке қабілеттілігі енді табиғи ресурстарымен емес,
көбінесе адам капиталымен, инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын
ұтымды пайдаланумен анықталатын болды.
Әлем кеңістігінде болып жатқан мұндай өзгермелі жағдайлар білім беру
жүйесіне де өзіндік өзгеріс әкелді. Әлем елдері үшін білім беру жүйесін
реформалау жаңа құбылыс болып табылмайды. Мұндай реформалар білім жүйесінің
жақсаруын, дамуын, өсуін көрсетеді және үнемі болып тұрады. Деректерге
сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде білім саласында реформа жүргізбеген бір де
бір дамыған мемлекет жоқ екен. Әлемдік деңгейде жоғары позицияда отырған
дамыған мемлекеттер білімнің басымдық рөлі туралы идеяны ұстанады. Олар
өзінің жарқын болашағын жаңа біліммен байланыстырады. Бұл халықаралық және
аймақтық деңгейде жасалған көптеген бағдарламаларда, түрлі жобаларда, ресми
құжаттар мен саяси платформаларда, мемлекет басшыларының сөздерінде айқын
көрініс табуда.
Әлемдік тәжірибе білім беруді экономикаға мамандар даярлау емес, қоғамның
зияткерлік, жалпы мәдени деңгейін көтеру, оның бәсекелестік қабілеттерін
инновация мен демократиялық прогреске лайық дамыту, өмірдің қазіргі заманғы
стилін қалыптастыру құралына айналдыруды көздейді. Мұның айқын дәлелі
ретінде халықаралық ынтымақтастықты дамытып, ғаламдану үдерісін жүзеге
асыруға кіріскен көптеген мемлекеттердің «2000 жылға арналған білім» (ФРГ),
«Америка-2000: білім дамуының стратегиясы» (АҚШ), «Болашақтың білімі»
(Франция), «ХХІ ғасыр үшін білім моделін іздеу» (Жапония) жобаларын атауға
болады.
ХХ ғасырдың ІІ жартысында алдыңғы қатарлы елдерде жүргізілген
реформалар салдарынан білім беру жүйелері біршама маңызды өзгерістерді
басынан кешті. Міндетті білім беру мерзімі ұзарды.
Әлем елдеріндегі міндетті негізгі білім жүйесі де, жалпыға міндетті
негізгі білім алу мерзімдері де түрліше: 20-дан астам елдің 55%-ында – 9
жылдық, 32%-ында – 10 жылдық, қалғандарында – 8 жылдық. Орта білім беруде
дүниежүзі елдерінің 80%-ы 12 жылдық білім беру жүйесін таңдады.
(http://bigox.kz/bilim-beru-zhujesin-damytudagy-shetel-tazhiribesinin-roli)
Мақсаты – тек қосымша бір-екі жыл қосу емес, оқытудың практика-лық
бағыттылығын күшейту арқылы қоғам сұранысына сәйкес алған білімі мен
біліктерін өмірде шығармашылықпен қолдана білетін жан-жақты дамыған тұлға
қалыптастыру болып отыр. Тұлғаны өсіретін негізгі орта мектеп
болғандықтан, мектеп қабырғасында берілетін білімнің сапасын арттыру –
қоғамның, кез-келген мемлекеттің қарқынды дамуының алғышар-ты. Мектептегі
білім беруді дамытуда елеулі көрсеткіштерге қол жеткізген жоғары дәрежеде
дамыған мемлекеттер қатары көбейе түсуде. Мәселен, АҚШ-ты алатын болсақ,
бұл елде білім беруді реформалауға мектептегі оқушыларды дайындау сапасының
төмендігі түрткі болған. Мектептегі міндетті білім беру курсынан өтіп,
бірақ күнделікті өмірде проблемаларды шешуге қажетті оқу, жазу, есептеу
қабілеттілігі жоқ адам функционалды сауатсыз болып есептеледі. Сондықтан
мектептегі пәндік бағдарламалар ұдайы түзетулер мен өзгертулерге түсіп
тұрады. Мектеп бағдарламаларының негізі тұрақты болғанымен, оларды үнемі
жаңарту қажеттілігі туындайды. Мектепте оқу бағдарламаларының бірнеше
типтері бар. Дәстүрлі тип – міндетті бағдарламалар. Олардың саны оннан
аспайды. Оқушылардың бір бөлігіне арналған арнаулы бағдарламалар:
факультативтер, таңдаулы курстар, ерекше оқу бағдарламалары. Кейбірі
бағдары мен дәрежесіне байланысты міндеттіден арнаулыға ауыса алады. Ал
арнаулы курстар тереңдетілген немесе жеңілдетілген болуы мүмкін. Сонымен
қатар, жаратылыстану бағытындағы интегративті бағдарламалар кең тарауда.
Интегративті бағдарламаның мақсаты – түрлі ғылымдардың өзара қарым-
қатынастарын, заңдылықтарын меңгерту болып табылады.
ХХ ғасырдың ІІ жартысында дүниежүзі мектептерінде білім беру
бағдарламаларын реформалау жүзеге асырылды. Бұл реформа оқуды икемдірек
қылуға, жаңаруға бейімді болуға, жалпы жекешелендірілген міндеттілікке және
таңдаулыққа бағытталды. Нәтижесінде көпшілік орта мектептер пайда болды.
Олар оқуды дифференциациялау жүйесін дамытуға негіз болды. Дифференциация
оқу орындарын түрлі типтерге, мектеп ішіндегі топтар мен профильдерге,
сынып ішінде топтарға бөлу дегенді білдіреді.
Дифференциацияланған білім беруді жүзеге асыру
|Елдер |Толық емес орта білім беру |Толық жалпы білім беру |
| |орындары |орындары |
|АҚШ |Кіші орта мектеп |Жоғары орта мектеп |
|Жапония |Кіші орта мектеп |Жоғары орта мектеп |
|Англия |Біріккен мектеп |Грамматикалық және қазіргі|
| | |мектеп |
|Германия |Орта мектеп |Реалды училище, гимназия, |
| | |негізгі мектеп |
|Франция |Біртұтас колледж |Технологиялық, кәсіби және|
| | |жалпы білім беру лицейлері|
Дүниежүзі мектептерінде дифференциацияланған білім беруде дарынды
балаларды оқытуға ерекше мән берілді. Арнайы мектептерде оқыту
тереңдетілген бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Дарындылық пен
қабілеттілікті көрсетуге бағытталған оқыту ел келешегін құруға негіз болады
деп есептеледі. Бұл елдерде мүгедек пен ақыл-ой дамуында ауытқушылықтары
бар балаларды оқытуға көп көңіл бөлінеді. Сондай-ақ оқушылардың
үлгермеушілігін болдырмау жолы ретінде орнын толтырушы білім беру
қарастырылған. Мектеп пен жанұя қарым-қатынасы мен психолог және бейімдеу
мамандары кеңінен тартылуы арқылы жеке тәсілмен оқыту қарастырылған. Мұндай
дифференциациялау тәсілдері сапалы білім беруді ұйымдастыруда ең нәтижелі
білім беру жолы болып табылады. Өйткені ол оқушылардың жан-жақты
қызығушылықтары мен бейімділіктерін, қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған оқыту деп есептеледі.
Білім берудің жоғары деңгейіне қол жеткізу оқу жалпыға бірдей
қолжетімді болғанда ғана мүмкін екендігін ескере отырып, әлем елдері
мемлекеттік оқу орындарының жүйесін кеңейтуде. АҚШ-та мектептердің 80%-ы -
мемлекеттік. Дегенмен, білім берудің ақылы тенденциялары да сақталған. Жеке
меншік мектептердегі оқу жылына 7-10 мың долларды құраса, жоғары дәрежелі
университеттерде 17-20 мың долларға жетеді. Мектепке қаржыландыру
объектісі ретінде федералды бюджеттен 12%, түрлі қаржы көздері: штат
үкіметінен 50% және жеке меншік салығынан 40% қаражат түседі.
Жалпы, ХХІ ғасырдың басынан бастап дамыған елдер барлық қаржысының
70%-ын – адам капиталына, ал 30%-ын капиталдың басқа түрлеріне салып отыр.
Бұл сандар бізді ойландырмай қоймайды.
АҚШ-та федералды үкімет қаржы мен техника жағынан мектепке көмек
көрсеткенмен, оған бағыт-бағдар бермейді, қызметін басқармайды. Бұл
қызметті штаттардың жергілікті білім беру кеңестері атқарады. Яғни,
муниципалды басқару жүзеге асырылады. Кеңес құрамына педагогтар, заңгерлер,
өндіріс өкілдері, т.б. кіреді. Бұл жергілікті қажеттіліктерді ескеруге
мүмкіндік туғызады.
Әлем елдерінде мектептердің типіне сәйкес құрылымдық ерекшелігіне де
ерекше мән беріледі. Бұл оқушылардың бейімділігі мен қабілеттілігін
дамытуға айрықша мән берілетінін байқатады. Мәселен, АҚШ-тағы мектептердің
құрылымдық ерекшелігін мына кестеден байқауға болады:
|Типі |І тип |І тип |І тип |
|Саты | | | |
|І саты |Бастауыш |Бастауыш |Бастауыш |
| |6-13 ж. дейін |6-12 ж. дейін |6-10 ж. дейін |
|ІІ саты |Орта мектеп |Толық емес орта мектеп |Толық емес орта |
| |14-18 ж. дейін |12-15 ж. дейін |мектеп |
| | | |10-14 ж. дейін |
|ІІІ саты | |Орта мектеп |Орта мектеп |
| | |15-18 ж. дейін |14-18 ж. дейін |
Пәндер міндетті және оқушылардың таңдауы бойынша оқытылатын пәндерге
бөлінеді. «Ньютон Норс» мектебінде оқушы таңдауына 90 пән беріледі.
Мәселен, міндетті дене шынықтыру пәнінен басқа – аэробика, қазіргі джаз
билері, су ойындары т.б. немесе үй шаруашылығы – азық-түлік және тағам
даярлау өнері, жанұя, киім, мода, бала бағу, интерьер негіздері т.б.
Мектеп бітіру үшін оқушы төрт жылда 100 сынақ тапсыруы қажет. Оқу
сабақтары аптасына 22 сағатты құрайды. Бұл оқушылардың өзіндік жұмыстармен
айналысуына, кітапханаларда білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
АҚШ мектептерінде балалардың жетістіктері мен шығармашылық
белсенділігін, бейімділігі мен қызығушылығын мадақтау, психологиялық
жағымды атмосферамен қамтамасыз ету, оқытушы мен оқушы арасында сенімді
қарым-қатынас орнатуға, бірлескен ұжымдық жұмыстар арқылы шығармашылық
жағдай туғызуға деген ұмтылыс байқалады. Дегенмен, оқушылардың дербестік,
шығармашылық ынтасын жетілдіру құрылымы мен формаларына түзетулер енгізу
қажеттілігі туындаған. Мектептегі жаңа білім беру формалары мен
әдістемелерін іздестіру мақсатында экспериментальді мектептер, тәжірибе
дамытушы пилоттық мектептер, өзін-өзі тәрбиелеуге бейім дербес тұлғаны
құруға әсер ететін әлеуметтік факторларды анықтау мақсатында ашық мектептер
және оқушылардың жеке күш-қуатын дамыту әдістемелерін қолдану мақсатында
альтернативті мектептер пайда болды. Мектеп тек алғашқы білімді ғана емес,
өз бетінше ойлауға және әрекет етуге мүмкіндік беретін дайындық беруге тиіс
болды. Осыдан АҚШ –тағы мектеп білімі өз-өзіне жеткіліксіз болып, үздіксіз
жаңарту мұқтаждығы күшейе түсті.
www.topreferat.com /Курстық-жұмыс/1269-Түрлі-елдердегі-және- Қазақстан-дағы-
білім- беру- жүйесі.
Бұл елде білім сапасының көтерілуі тікелей адам капиталына,
соның ішінде, педагог мамандардың денсаулығына, білім-білік деңгейіне,
кәсіптік шеберлігіне, жұмысқа деген ынтасына, материалдық жағдайына да
байланысты болып отыр. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, кәсіптік
деңгейі жоғары мұғалімдер оқытқан оқушылар кәсіптік деңгейі төмен
мұғалімдер оқытқан оқушыларға қарағанда үш есе тез дамитындығы анықталған.
АҚШ-тың Теннесси штатында мынадай тәжірибе жүргізілген: сегіз жастағы
оқушылар кәсіптік деңгейі жоғары және кәсіптік деңгейі төмен мұғалімдерге
бөліп берілген. Үш жылдан соң кәсіптік деңгейі жоғары мұғалім оқытқан
оқушылардың білім деңгейі 11 жастағы оқушылар білуге тиісті білімнің 90
пайызын меңгерсе, кәсіптік деңгейі төмен мұғалім оқытқан оқушылар 11
жастағы оқушылар білуге тиісті білімнің 37 пайызын ғана меңгерген.
Айырмашылық – үш жыл ішінде 53 пункт. Ендеше, педагог мамандарды даярлау,
іріктеу, ынталандыру мәселелері бұл елде аса маңызды мемлекеттік мәселе
болып табылады. (alashainasy.kz/person/21383/ Ж.Қайыңбаев «Білім берудің
мақсаты адам капиталын дамыту болуы керек»)
Бүгінгі күні осындай іргелі елдердің тәжірибелерін үлгі ете отырып,
Қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіру және дамыту мемлекетіміз үшін
өзекті мәселе болып отыр. Танымдық сипатта құрылған дәстүрлі білім мазмұны
постиндустриялы қоғамның қарқынды міндеттерін шешуге қабілетсіздігі
байқалды. Білім беру динамизмі бойынша алдыңғы қатарлы дамушы елдерден
артта қалушылық байқалды. Білім беру сапасы төмендеп, білім беру
реформалары жүйесіз жүргізілді. Әлем елдері білім беруді дифференциациялау
мен индивидуализациялау бойынша алда болды. Білім беруде үздіксіздік
сақталмады. Мектептердегі білім ұжымдық сипатта беріліп, оқушының өз
болмысын танып, бастамашылдығы мен белсенділігін, шығармашылық әлеуетін
дамыту жеткіліксіз болып шықты. Мектеп әлеуметтік ортадан алшақ, көбінесе
өз проблемаларын өз күшімен шешуге тырысады. Сондықтан мектеп оқушыларының
өмірге бейімділігі, тұрақтылығы, шығармашылығы мен ізденімпаздығы, шешім
қабылдауы сияқты қоғамның дамуына қажетті сапаларды қалыптастыру жағынан
артта қалды. Бүкілəлемдік экономикалық форум мəліметіне сəйкес,
Қазақстанның білім беру жүйесінің сапасы бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші
бойынша:
Бəсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексі (БҚҒИ)
|Елдер |Жылдар |
| |2005 |2006 |2007 |2008 |2009 |2010 |
|Рейтингке | | | | | | |
|қатысқан |117 |122 |131 |134 |133 |139 |
|елдер саны | | | | | | |
|Қазақстанның|51 |50 |61 |66 |67 |72 |
|рейтингісі | | | | | | |
(«ҚР білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндама- Астана,
2011» 10-бет)
Бұл Қазақстанның ұстанымы басқа елдердің бiлiм беру жүйесінің
бəсекеге қабілеттілігі рейтингісінде төмендігін айғақтайды.
Айтылған қиындықтарға қарамастан, Қазақстандық білім беру жүйесі жаңа
сапаға: өзгермелі, демократиялық, вариативті сипатқа көшті. Оқу мекемесін,
бағдарламалар түрін таңдау мүмкіндіктері пайда болды. Білім беруді
дамытудың жаңа бағдарламалары мен стратегиялары білім беру мазмұнын
жаңартуға бағытталды. Бірақ білім беру жүйесі әлі де соңғы нәтиже ретінде
оқушының білім, білік, дағдыларын негізгі өлшем ретінде қабылдайды. Халықта
«көп білім ақылдылыққа үйретпейді» дегендей, тұлғаның дара мүмкіншіліктерін
есепке ала отырып, шығармашылық қабілетін танытуын түпкі нәтиже болатындай
бағалау жүйесі қажет деп есептеймін.
Осы орайда, PISA-2009 халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша
еліміздің оқушыларының білім жетістіктеріне тоқтала кетейін. Қазақстандық
оқушылар зерттеуге бірінші рет 2009 жылы, кейін 2012 жылы қатыстырылды.
ЭЫДҰ мәліметтері бойынша, қазақстандық оқушылар төмендегідей нәтиже
көрсетті:
|Бағыттары |Рейтингілік орны |
| |65 елдің ішінде |
|Оқу сауаттылығы |59 |
|Математикалық сауаттылық |53 |
|Ғылыми-жаратылыстану |58 |
|сауаттылығы | |
(«ҚР білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндама- Астана,
2011» 63-бет)
Нәтижесінде, қазақстандық оқушыларда жалпы білім беретін пәндер
бойынша қарапайым негізгі білімдер жиынтығы болғанымен, логикалық ойлауға
машықтанбағаны, таныс емес мәтінді бағалай білмеуі, қажетті ақпараттарды
табу және интерпретациялаулары төмен екендігі, сонымен қатар, түрлі зерттеу
нәтижелерін талдау мен салыстыруларда өз көзқарастарын дәлелдеп, ақпаратты
сыни тұрғыдан бағалау, айғақтарды, қорытындыларды растау немесе жоққа
шығару оқушыларда нашар қалыптасқаны байқалған.
Әр баланың ой-өрісін дамытып, шеберліктері мен біліктіліктерін
қалыптастыру, ой дербестігін кеңейте отырып, оны жаңа жағдайларда қолдана
білу, заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру өркениетті
елдердегідей 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкенде мүмкін болуы тиіс деп
есептеледі. Оқушының оқу жүктемесін азайту арқылы денсаулығын сақтау, бос
уақыттарын жеке қабілеттерін дамытуға жұмсауға жағдай жасау, оқу сатылары
бойынша оқу материалын тиімді меңгерту, оны өмірде, болашақ мамандығында
пайдалана білуін көздеу мәселелері жаңа мектепте өз шешімін табуға тиіс.
Білім берудің сапалы ұйымдастырылуы көбінесе педагог-мамандардың
кəсіби деңгейіне жəне сапалық құрылымына байланысты. Білім берудің мазмұнын
жаңарту, жаңа технологияларды енгізу мұғалімді қазақстандық білім беру
жүйесінің өзекті бейнесі жасайды. Мұғалімдерді оқыту ісіне интерактивті,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар енгізілуде. Шеберлік-кластары,
педагогтық портфолио, педагогтық жобалау əдістері қанатын кеңге жаюда. ҚР-
ның Білім жəне ғылым Министрлігі педагог-
мамандардың біліктілігін жоғарылатуға жыл сайын мемлекеттік тапсырыс
жариялады. Педагог-мамандардың біліктілігін арттыру желісі жаңа
көзқарастағы педагог тұлғалардың қалыптасуына, білім беруді жаңғырту
жағдайында кəсіптік біліктіліктілік құзіретін жетілдіруге жəне əрқашан өзін-
өзі дамытуға бағытталған.
Елімізде білім беруді қаржыландыру жыл сайын арттырылуда. Соңғы бес
жылда екі есеге өсті. Дегенмен, халықаралық салыстырмалы көзқараста
Қазақстанның білім беруге бөлінетін қаржыландыруы жеткіліксіз. Қазақстанның
білім беруге бөлген шығыны жалпы ішкі өнімнен 2009 жылы -4,4%, 2010 жылы
-4,1%, бұл ЭЫДҰ бөлінетін 5,9 % шығынынан да аз болып отыр. Еліміздегі
мемлекеттік қаржыландыру деңгейі білім беру жүйесінің жоғары тұрақтылығын
қамтамасыз ете алмайды. («ҚР білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы
ұлттық баяндама- Астана, 2011» 54-бет)
Сонымен, «заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған
білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне
басты назар аудару («Мұғалімдерге арналған нұсқаулық /Оқыту мен оқудағы
әдістерді не үшін өзгерту қажет?», 5-бет) қажеттілігін әлем елдері
мойындаған болса, қазақстандық мектептерде қолдау тапса, өз мектебім мен
әріптестерім бұл көкейкесті мәселені шешуде жұмыла іске кіріседі деген
сенімдемін. Өйткені мектебім аудандағы тірек мектептердің бірі ретінде өз
қызметін үнемі жетілдіріп отыруды мақсат етеді. Мектеп өміріндегі бір
айтулы кезең - 2010 жылы көпбейінді мектеп-гимназия мәртебесін алуы. Бұл
өзгеріс білім алушылардың қабілеті мен мүмкіншіліктерін ескере отырып,
гуманитарлық және жаратылыстану бағытында білімдерін тереңдетуге
мүмкіншіліктер тудырды. Мектебім оқушыға білім беруде заман талабына сәйкес
әрекет етуді көздейтін болғандықтан, мен де өз кезегімде мектебімдегі
әріптестерім мен оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыта
отырып, «ойлау туралы ойлануына» түрткі болып, шығармашылық әлеуетінің
артуына бастама жасасам деймін. Мектепке өзгеріс енгізу бағытында
жүргізілетін іс-тәжірибем арқылы әріптестерімнің қызығу-шылығын оята аламын
деген ойдамын. Өз тарапымнан оларды бірлескен іс-әрекетке жұмылдыра отырып,
іс-тәжірибелерін жетілдіруде әрқашан қолдау көрсетіп, бағыт беруге
дайынмын. Сындарлы оқыту теориясына негізделген Кембридждік оқыту тәсілі
бойынша ұйымдастырылған практикалық бағыттағы жұмыстарым нәтижелі болуға
тиіс. Себебі мектебімде өзгерісті қабылдай алатындай мұғалімдердің
біліктілігі мен білімі де, шәкірттердің ынта-ықыластары мен талпыныстары да
жеткілікті.12-жылдық білім беруге көшу қарсаңында бұл өзгеріс мектебімнің
жедел дамуына оң ықпалын тигізеді деген болжамым да бар.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Сайт материалдары:
http://bigox.kz/bilim-beru-zhujesin-damytudagy-shetel-tazhiribesinin-
roli)
2. www.topreferat.com /Курстық-жұмыс/1269-Түрлі-елдердегі-және-
Қазақстандағы- білім- беру- жүйесі.
3. /alashainasy.kz/person/21383/ Ж.Қайыңбаев «Білім берудің мақсаты адам
капиталын дамыту болуы керек» 2011ж.
4. ҚР Білім және ғылым министрлігі «ҚР білім беру жүйесінің жағдайы мен
дамуы туралы ұлттық баяндама- Астана, 2011»,10-бет, 63-бет, 54-бет
5. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық /Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін
өзгерту қажет?», 5-бет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz