Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Батыс Қазақстандағы туризм



11 сынып
Орыс сыныбындағы қазақ тілі сабағы
Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстандағы туризмді дамыту
Мақсаты Патриоттық және экологиялық тәрбие беру, өз ойын жеткізуге баулу
Күтілетін нәтижелер Патриоттық және экологиялық тәрбие алады, өз пікірін жеткізе алады.
Керекті жабдықтар Тақта, флипчарт, бейнеролик
Сабақ әдісі:
Жаңа сабақ түсіндіруде диалогтық әңгімені қолдану. Сұрақ- жауап , зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, мәліметтерді өзара бөлісу және түсіндіру. Бекітуде сыни ойлау сұрақтары, зерттеушілік әңгіме, өз идеяларын жеткізу.

Кіріспе бөлім
Мұғалім өз сөзімен оқушыларды сабаққа тартып, сәттілік тілейді.
* Өткен сабақтарда біз саяхатқа шығу үшін туристік агенттіктерге не Е-майлмен тапсырыс бердік, кеден құжаттарын толтыру үлгілерін көрсеттік, қонақ үйлерге орналастыңдар.
Тұсаукесер. Топқа бөлу.
Алдарыңда суреттердің қиындылары берілген. Сол қиындылардағы суреттерді біріктіру арқылы топқа бөлінейік.
* Нелердің суреттері шықты?
* Бұл суреттердің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
* Бұл сабақтың тақырыбы және мақсаты қандай болмақ?
(Оқушыларды сабақтың мақсатын өздері айтуға итермелеу.)
Негізгі бөлім
1. - Өткен сабақтарымызда саяхатқа шыққанда барлығың шетелге барғанды қаладыңдар. Неліктен?
- Біздің жерімізде өзіміз баратын, шетелдіктерге көрсететін жерлер жоқ па? БҚО-ның қандай көрікті жерлері бар? Өз облысымыздың саяхатшыларға көрсетуге лайықты жерлерінің кластерін құрастырыңдар.
Әр топ облысымыздағы көрікті, тарихи жерлерге кластер құрастырады. Постерлерін қорғайды, бір-біріне сұрақ қояды.

2. - Туған жеріміздің көрікті жерлерін, тарихы туралы неге аз білеміз? Қандай себептерін атай аласыңдар?
Осы мәселеге байланысты әр топ зерттеушілік әңгіме үлгісін көрсетіп, себептерін атауы керек.
Постер қорғау, 2 жұлдыз, 1 ұсыныс.

3. Бейнеролик көрсету.
- Бұл қандай кадрлар? Туристердің демалыс жағдайлары көңіліңізден шықты ма?
Әр топ Шалқардағы туризмді дамыту бизнес- жоспарын құрастырып, өз ойларын ортаға салулары қажет.
Постер қорғау, 2 жұлдыз, 1 ұсыныс

4. Мәтінмен жұмыс. Джигсо әдісі бойынша
Оқушыларға екі түрлі мәтін үлгілері ұсынылады. Әр оқушы өз бетінше оқып шығып, өз түсінгенін қасындағы оқушыға түсіндіреді, осылайша мәліметтермен алмасады. Әр топтан 1 оқушы көршісінің түсіндіргені бойынша мәтін мазмұнын топ алдында ауызша баяндайды.

Қорытынды
Рефлексия. Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтың қорытындысы бойынша өз ойларын жазады.
1.Мұғалімге 1 сұрақ не менің мақсатым
2. Бұл сабақта мені таңқалдырған нәрсе
3. Бұл сабақта мен үшін маңызды нәрсе

Бағалау. Оқушылар сабақта орындалған тапсырмалар бойынша өздерін және топ мүшелерінің жұмысын бағалап, бағалау парақтарын толтырады.
Шалқар - Жайық алабындағы көл. Шалқар көлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және эстетикалық құндылығы бар көл. Көл Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Теректі ауданында орналасқан. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы ең терең, ірі су айдыны. Теңіз деңгейінен 16,7 м биіктікте. Ауданы 205,8 км2, ұзындығы 18,4 км, енді жері 14,7 км, орташа тереңдігі. 4,8 м, ең терең жері 13 м, суының көлемі 1 млрд м3, жағалауының ұзындығы 57 км. Көл шарасы эллипс тәрізді. Жағалауы құлама жар. Су жинайтын алабының оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі төбелі-белесті, қалған жері жазық келеді.Бетегелі-бозды, жусанды өсімдік басым өскен алабы - мал жайылымы. Көл қар, жаңбыр және жерасты суымен толығады. Шалқарға шығысынан Шолақаңқаты, Есенаңқаты өзендері құяды. Оңтүстік батысынан Ащыөзен ағып өтеді. Сазан, табан, көксерке балықтары ауланады. Шалқарды жергілікті тұрғындар <<Кіші теңіз>> деп те атайды. Көлде аққу, қаз, алуан түрлі үйректер, қоқиқаз, шағала, бірқазан мекендейді

Орал өңіріндегі көнеден қалған тамаша ескерткіштің бірі, ол - Шалқар көлі.Бұл табиғат су айдыны өте көне болып саналады, оның қашан пайда болғаны күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Көл Каспий шегінен мың жыл бұрын тартылған бұрынғы Хвалын теңізінің жұрнағы, сол себепті де тарихқа дейінгі кезде бүкіл қазіргі Каспий маңы ойпаты орнында жоғарыда айтылған теңіз болған. Есте жоқ ескі заманнан бері Шалқар көлі адам назарын өзіне тарқан, оның жағасын оғыздар, печенег тайпалары мекен етсе, кейіннен қыпшақ, түрік тайпалары - қазақ халқының ата-бабалары қоныс тепкен. Бұған 921-922 жылдарда Волга Бұлғариясына жасаған сапары туралы араб көпесі-ғалым Ахмед Ибн-Фадланның шығармалары куә. Шалқар көлі айналасындағы аумақта оғыз мен печенег тайпалары қоныстанғаны туралы оның әңгімелерінде ішінара кездеседі, көлге құятын Шамар, Анкоты, Вабна, (кіші Аңқаты) және көрсетілген - <<бұның бәрі үлкен өзендер>> деп өзендерге сипаттама берген. Шалқар көлі айналасына Х ғасырдың өзінде елді мекендер мен қалалар орналасқан. Әртүрлі кезеңдерде көпестер, миссионерлер қонақ болған. Көл жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай болған. Бұл туралы 1968-1970 жылдарда және 2002-2003 жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары куә. Сантас үстіртінің дәл оңтүстік жиегінде орналасқан. Бұл су айдыны айналасында печенегтер қоныстанған деген фактіні нақтылай түсті. Шалқар - Жайық алабындағы көл. Шалқар көлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және эстетикалық құндылығы бар көл. Көл Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Теректі ауданында орналасқан. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы ең терең, ірі су айдыны. Теңіз деңгейінен 16,7 м биіктікте. Ауданы 205,8 км2, ұзындығы 18,4 км, енді жері 14,7 км, орташа тереңдігі. 4,8 м, ең терең жері 13 м, суының көлемі 1 млрд м3, жағалауының ұзындығы 57 км. Көл шарасы эллипс тәрізді. Жағалауы құлама жар. Су жинайтын алабының оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі төбелі-белесті, қалған жері жазық келеді.Бетегелі-бозды, жусанды өсімдік басым өскен алабы - мал жайылымы. Көл қар, жаңбыр және жерасты суымен толығады. Шалқарға шығысынан Шолақаңқаты, Есенаңқаты өзендері құяды. Оңтүстік батысынан Ащыөзен ағып өтеді. Сазан, табан, көксерке балықтары ауланады. Шалқарды жергілікті тұрғындар <<Кіші теңіз>> деп те атайды. Көлде аққу, қаз, алуан түрлі үйректер, қоқиқаз, шағала, бірқазан мекендейді


Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ
Ұлы Жібек жолының Қазақстан туризмін дамытудағы маңызы
Бөрітастаған жартасында туризмді дамыту мүмкіндіктері
Туризм теориясының заманауи философиясы
Туризм тарихы
Өсімдіктер дүниесі
Экономикалық белсенді халықтың үлесі
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
Түркістан қаласы
Табиғатты қорғау негіздері. факультативтік курс бағдарламасы
Пәндер