Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

№ 2 мектеп-гимназияда жолда жүру ережесінің оқытылуы мен балалар травматизмі туралы мәлімет

Шалқар аудандық білім бөліміне



№ 2 мектеп-гимназияда жолда жүру ережесінің оқытылуы мен балалар травматизмі туралы мәлімет

Балалар біздің келешегіміздің кепілі, дені сау ұрпақ Қазақстанның қарыштап қанат жаю жолында бүгінді еретңге жалғаушы дәнекер. Осы жолда жас ұрпаққа саналы білім мен рухани тәрбие беріп қана қою аз, біз оларға төнетін өзге де қауіптің алдын алуымыз шарт.
Қазақстанда жыл сайын зақымданудан 22 мың адам көз жұмады. Әсіресе, бұл қауіп-қатерге жастар мен балалар көп ұшырайды: 100 мың балаға 3,5 мыңнан келеді.
Қалалы жерлерде балалар 3 есе жиі жарақаттанады және балалар мен жеткіншектер арасында абайсызда болатын өлім себебі жол-көлік оқиғасы болып табылады.
Қайғылы оқиғалар автокөлік жүргізушінің, не болмаса жаяу жүргіншінің жол қозғалыс ережесін білмеуінен туындайды. Осы жағдайдың алдын алып, балалардың көліктік травматизмінің алдын алу үшін мектептерде жол қозғалысы ережелері оқытылады.
Жол қозғалысы ережелері бойынша 1-ші сыныптан бастап 8-ші сыныпқа дейін жол қозғалысы қауіпсіздігі және медициналық көмек көрсету тақырыптарын қоса отрып, айына екі рет қана жүргізіледі.
Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен іске асырылады.
Журналда жеке бет толтырылады, онда дәріс тақырыптары жазылады, сабақта болулары туралы белгі қойылады.
№ 2 мектеп-гимназияда оқушыларға жолда жүру ережесін үйрету тақырыптары оқытылып, балалар трамвматизмінің алдын алу мақсатында танымдық сағаттар, тәрбие сағаттары және сырттай семинарлар, ІІБ- мен бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылады.
Жыл сайын Қазақстанда сәуірдің 1-нен 30-на дейін жастар мен мектеп жасындағы балалар арасында жол-көлік және тұрмыстық зақымдану проблемаларына көңіл аудару жөнінде айлық өткізіледі.
Осы дәстүрден танбай, біздің де мектебімізде 2013-2014 оқу жылының сәуір айында жол қозғалысы ережелеріне арналған <<Жол қозғалыс ережені сақтау-қауіпсіз балалық шақ жолдары>> атты 1 айлық акция өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты: мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол көлік және тұрмыстық жарақаттанушылық мәселесіне мемлекеттік органдардың, көпшіліктің назарын аудару.
Мақсатты топ: жалпы білім беретін мектеп оқушылары, жастар, ата-аналар, педагогтар, медицина қызметкерлері, мектеп инспекторлары және жол полициясы қызметінің қызметкерлері, жүргізушілері.
Осы мақсатта жүргізілетін шаралардың жоспары құрылып, сол бағытта жұмыстар атқарылды.
<<Жол қозғалыс ережені сақтау-қауіпсіз балалық шақ жолдары>> акциясы барысында 7 - сынып оқушылары 16 сәуір күні <<жаяу жүргіншілерге арнау>> үнпарақтарын таратты. Оның барысында оқушылар өздері де біраз жол қозғалысы ережесінен хабардар болып, өзгелердің жолда болатын қатерлерден сақтануына азда болса септіктерін тигізді.
Өз кезегінде 16-19 сәуір аралығында мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілер ата-аналарға арнап <<Балалар қауіпсіздігі біздің міндетіміз>> тақырыбында сырттай семинар өткізген болатын.
18 сәуірде 8 - сынып оқушылары ІІБ бірлесіп <<Біз қазақстандықтар, туылғаннан қозғалыс қауіпсіздігі үшін>> тақырыбымен акция ұйымдастырды.
21-25 сәуір аралығында 5 - сыныптар <<Жол әліппесі - денсаулық жолы>> тақырыбында көрме ұйымдастырып, ол көрмеге оқушылар өздерінің еңбектерін қойды.

5 сыныптар 23 сәуірде <<Жол әліппесі-2014>> тақырыбында ІІБ қызметкерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушлар жол полициясы қызметкеріне сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Ал 25 сәуір күні 3-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында <<Қауіпсіз дөңгелек>> сайысы өткізілді.
Балалар өміріне жолдағы басты қауіп төндіруші бұл автокөлік айдаушлыардың біліктіліктерінің болмауы, не болмаса ішімдік ішкен күйде көлікке отыруы екендігі құпия емес. Сол себепті мектеп психологы З.Исакова мектептің автокөлік жүргізетін 8 мұғалімінен <<Машина жүргізуге шеберлігіңіз қандай?>> атты сауалнама алған болатын.
Бұл акциядан тыс уақытта да балалар жарақатын болдырмау мақсатында оқушыларға тәрбие сағаттарының барысында ақпар беріліп отырылады. Мысалы Г.Асқар <<Жолда жүру тәртібін, жадыңда ұста жас ұлан!>>, Б.Аленова <<Абай бол, жас дос!>>, М.Болысбаева <<Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік>>, Г.Қасенова <<Көшеде сақ бол!>>, С.Нұрмаханова <<Байқаңыздар балалар!>> тақырыбымен тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушыларға жол қауіпсіздік ережесі бойынша мәлімет берді.

№ 2 мектеп - гимназия директоры: Р.Қ.Басмағанбетова

Орындаған: З.У.Бактыбаева
Тел.: 21-4-44

Ұқсас жұмыстар
МАИ қызметкерлерімен амандасып, МАИ қызметкерлері
Жол және бала тәрбие сағаты
Ескерту белгі
Өмірді сақтайтын бағдаршам
Оқушылардың көшеде жүру ережелерін жетік білуіне үлес қосу
Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп
Жолда жүру ережесін сақтаймыз. мектеп алды даярлық тобы
Жол апатының алдын алу
Сапта жүру тәртібің, жолы болсын әркімнің
Пәндер