Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Жасыл дәріхана
№13 жалпы орта білім беретін метеп
[pic]
Тақырыбы: “Жасыл дәріхана”
8 “б” – сынып оқушылары
Биология пәні мұғалімі: Төлесінова Ә.Е.
Құлсары, 2014 оқу жылы
Бекітемін:
Күні: 13.02.2014
Тақырыбы: "Жасыл дәріхана"
Түрі: Шоу
Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жөніндегі ұғымын кеңейту,
денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы екенін, табиғат арқылы әркім өз
денсаулығының корғаушысы екенін түсіндіру. Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат
баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазынасы екенін, адам өмірінің
қорғаушысы, қорғаны екенін оқушыларға ұғындыру.
Міндеті: Оқушыларды қоршаған орта, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Табиғатта кездесетін өсімдіктер, жеміс - жидектер және емдік қасиеті бар
табиғи заттар арқылы денсаулықты күтуге болатынын аша отырып, олардың сана
- сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық
жауапкершіліктерін нығайту.
Көрнекілігі: Тақырып, цитата сөздер жазылған плакаттар, жасыл жапқыш, екі
жасыл орындық, жарнама бұрышы, "Жасыл дәріхана" бұрышы, жеміс - жидектер,
өсімдік түрлері, емдік қасиеті бар табиғи заттар.
Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сахна төріне орналасуын бақылау.
2. Кіріспе. Тақырыптың мақсатын, міндетін және барысын түсіндіру.
II. "Жасыл дәріханадағы" пайдалы кеңестер
III. Қорытынды.
Барысы:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті көрермендер! Бүгін 8 сыныбының ұйымдастыруымен
өткізгелі отырған "Жасыл дәріхана" атты шоуды тамашалауға қош келдіңіздер!
I жүргізуші: Сәлеметсіздерме ұстаздар, көрермендер. Алдымен таныстырып
өтейін. Алдарыңызда 8б сыныбы оқушылары.
II жүргізуші: Қасымда жүргізуші болып көмек көрсететін сыныбымның үздік
оқушысы Ағраева Аружанға қошемет көрсетіңіздер.
1 жүргіжуші Және Өтесінов Фархат
I жүргізуші: Мынау "Жасыл дәріхана" - табиғатта кездесетін барлық
өсімдіктер мен жеміс — жидектер және тағы емге қолданылатын заттар
жинағының орталығы. Жанға жайлы,ешбір зиянсыз, кез келген аурудың алдын алу
шараларымен қамтылған.
II жүргізуші: Аружан дені сау, денсаулығы мықты деп қандай адамдарды
айтамыз?
I жүргізуші: Ауырмайтын, ең бастысы денсаулығын күтетін адамдар.
II жүргізуші: Ал, ауырмау үшін денсаулықты қалай күту керек?
I жүргізуші: Міне, осы сұраққа шоуды тамашалай отырып, көптеген пайдалы
кеңестер ала отырып жауап ала аласыздар.
II жүргізуші:
"Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті жерден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді", - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз
тегіннен айтпаған.
Табиғат - осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде
қаншама терең мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы мол ой жатыр десеңізші!
Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, құт-берекесі.
I жүргізуші: Адам мен табиғат әрқашан да егіз. Табиғатты өзіңді асырау үшін
қамқоршың десең болады. Ата - бабамыз жер - қазына, су - алтын, мал -
байлық деп өсиет айтып келгелі тегіннен-тегін емес. Күнделікті ішіп-жеген
тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер
көлігіміз, ішер су, тыныс алар ауамыз да, ең бастысы ауырғанда
пайдаланылатын дәріміздің бәрі де жомарт табиғаттың тартқан сыйы.
II жүргізуші: Аружан осы дәріханадағы медицинадағы қолданылатын дәрі –
дәрмектен, инеден, әбден мезі болған бір қонағымыз келіп отыр. Сол адамды
ортаға шақырсақ.
I жүргізуші: Ендеше "Жасыл дәріхана" шоу бағдарламасына табиғи жолмен
денсаулықты күткім келеді деп, бізден пайдалы кеңестер сұрап отырған
Ж.Аружан ортаға шақырамыз.
( Ж.Аружан сахнаға шығып амандасып, орындыққа орналасады).
Ж.Аружан: Қазақта бір сөз бар: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын ем із дейді.
Қазір қыс мезгілі. Әрі биылғы қыс қатты аяз. Менің жақын туыстарымның
көпшілігі суық тиіп, тұмау болып тамағы ісіп мазалары кетіп жатады.
Дәрігерге қаралып, ауруханаға жатайын десе науқас көп, орын жоқ, сосын укол
инеден әбден мезі болып, кей кездерде ауылдағы бір ғана дәріханадан дәріні
алайын деп барған бойда дәріні таба алмайсың, өтіп кетіп жатады. Мен
ойлаймын, суық тимеу үшін ең бастысы жылы киініп жүру.
Ал, суыққа төтеп беру үшін, салқын тиюдің алдын алу үшін табиғи заттарды
қалай қолданып жүруге болады?
II жүргізуші: Ендеше "Жасыл дәріханаға" жалпы ұзақ өмір сүргің келсе,
салқын сумен аязда шыныққан дұрыс деп кеңес беруші Кубайдуллина Арудың
пікірін тыңдайық.
(Ару сахнаға шығып амандасып, орындыққа орналасады).
Ару: Иә, суық тиіп сырқаттануда дәрі – дәрмек ішіп, азапқа түспей, таза
ауада қыдыр - ақ құтылуға болады. Күніне екі рет табиғи суға шомылып, жалаң
аяқ жерде тұрып, суды үстіңе ақтара сал. Су денеңді шынықтырады. Бойыңдағы
теріс энергияны жерге ала кетеді. Денеңді ұйқыдан оятады, күш - қуат
береді. Қыста қарда жалаң аяқ жүріп үйрен. Таза ауамен демалып ал да , ойша
өзіңе және барлық адамдарға амандық тіле.
I жүргізуші: Ару, сіз қаншама кеңестер айтып жатырсыз. Мына жерде тұрып
сіздің айтқаныңыздың өзінен - ақ Фархат екеуміз тоңып тұрмыз.
II жүргізуші: Иә, бұл да жөн болар. Салқында қарды жалаң аяқ басу оңай
шаруа емес. Қиындықты жеңсең ғана жақсылыққа жетесің.
Көрермендерің арасынан Аруға сұрақ қоюшылар бар ма? Көрмен сұрағы
Айым: Осы жаттығуларды өзіңіз қолданасыз ба?
Ару: Мүмкіндігім ше кейбіреуін қолданамын.
II жүргізуші: Дұрыс, Ару, шынықсаң шымыр боларсың.
I жүргізуші: Денсаулық - зор байлық екенін тағы да естеріңізге саламыз.
II жүргізуші: Ару, біздің алдымызда тұрған адам тұрмысындағы қолданатын
көптеген заттар тұр. Олар туралы нелер айтар едіңіз.
Ару: Мен мына жердегі заттарды үнемі қолданамын: бал, сәуірдің майы. Бұл
заттар салқын тиген кезде көп көмектеседі. Салқын тиген кезде кеудедегі
қақырықты түсіру үшін қойдың сүтіне бал немесе сәуірдің майын қосып,
азғантай тары салып, ысытып ішсе қақырықты түсіреді, дене қызуды басады.
Тамақ ауырса, балды жылытып, тамаққа жағып, жауып қояды (компресс). Жалпы
дүниедегі суық тиген жерге бал жағып демдеп қойса, суықты сорады. Ауырмай
тұрып бал мен сәуірдің сары майын пайдалансаң ауырмайсың, ауруға
шалдықпайсың.
I жүргізуші: Рахмет, бұл тамаша кеңес болды.
II жүргізуші: Сіз не айтар едіңіз? (Ж.Аружанға сұрақ қойылады).
Ж.Аружан: Сізге көп рахмет! Аурудың алдын алу туралы көп мәлімет алдым.
Деніңіз сау болсын!
I жүргізуші: Олай болса, қонақтарымызды көрермендер арасына шығарып
салайық. Сіздерге көп рахмет!
II жүргізуші:
Тазалық - саулық негізі,
Саулық - байлық негізі
I жүргізуші: Бүгінгі шоуға "тазалық - бастан, тырнақ пен шаштан", - деп ең
бастысы жеке бас гигиенасын дұрыс ұстау деп кеңес берушілер Альбина мен
Самалды қошеметпен ортаға шақырамыз.
(Альбина мен Самал ортаға шығып, орындыққа орналасады.)
I жүргізуші: Альбина сіздің бетіңіз нәзік, әрі таза, көзге әдемі боп
көрінеді. Сыры неде?
Альбина: Біз қазір жаспыз. Косметикалық кремдерді қолдануға болмайды. Тіпті
өмір бойы да қолданбауға болады. Мен бет күтіміне баса назар аударамын.
Бетті сабындап жылы сумен жуу қажет. Орамалмен қатты ысқыламай, жәй ғана
сүртеді. Қатты сүртсе, орамалдағы жіп, тағы басқа заттар терідегі тыныс
алатын тесіктерді бітеп тастайды, содан бетке әжім түсу немесе тері
зақымдануға әкеп соғады.
Тері 3 түрден тұрады: майлы, құрғақ және аралас тері. Бұл терілерді табиғи
заттардан, жемістерден маска жасап күтуге болады.
I жүргізуші: Альбина біздің алдымызда тұрған мына жемістердің қай түрінен
маска жасай аласыз. Мүмкін жасап көрсетерсіз. Қане көрермендер ішінен кімге
маска жасап көрсетейік.
(Көрермендер арасынан Аймерейге маска жасалады.)
II жүргізуші: Самал, кезекті сізге берейін. Сіздің шашыңызға қарап көп
кісілер қызыға қарайтын болар.
Самал: Қазіргі кезде бұрымды қыздар сирек кездеседі. Көпшілігі қызыға
қарайды.
II жүргізуші: Шашыңызды қалай күтесіз? Сыры неде? Бізге кішкене сырыңды
ашсаңыз.
Самал: Шашыңыз қалың, тез өсу үшін мына өнімдерді қолданыңыз: мұнда үй
жұмыртқасының 2-еу, үй қаймағынан 1 қасық, бидай 3 қасық, осыларды
араластырып, шашыңыздың түбіне жағыңыз.
Ұзын шаштарға аптасына 2 рет, ал қысқа шаштарға 3 рет жасаңыз. 10-15
минуттан соң жылы сумен шайып тастаңыз.
Көрермендерден сұрақ: Шаш жиі түскенде шашты қалай күтуіміз керек?
Самал: ол үшін бір шай қасық коньякқа бал мен пияз шырынын қосып өзіңіз де
шашыңыздың түбіне әбден сіңіріп жағыңыз. Басқа пакет бас киім киіп, 2-3
сағат күтіңіз. Бас терісінің жыли бастағанын сезесіз. Сосын шашыңызды жуып,
2 жұмада 1 рет қайталап отырсаңыз шашыңыз орнына келеді.
I жүргізуші: Альбина терінің әдемі болуын, ал сіз шаштың сұлулығын айтып
жатырсыз. Сұлулықтың барлығы адамға қажет. Альбина, сіздің жасаған
маскаңыздың нәтижесін Аймерейден сұрайық.
Аймерей бет теріңізде өзгеріс бар ма?
Аймерей: Өзгеріс бар. Бетім үнемі құрғап тұратын. Қазір жұмсарып,
ылғалданып тұр. Жақсы сезінемін.
IІ жүргізуші: Аймерейге көп – көп рахмет! Беттеріңізді күтініп, әркез сұлу
қалпыңызда жүре беріңіз деп көрермендер арасына шығарып саламыз.
Альбина мен Самалға көп рахмет! Әркез әдемі болып, әдемілікке үйретіңіздер!
І жүргізуші: Кезекті денсаулықтың жаңасын ақшаға қайдан табасың деп әркез
шырын ішіп, денсаулығын жаңартып, жасартып жүрген Асияны ортаға шақырайық.
II жүргізуші: Шәй ішсең, көңілің жай деп жар салған Шаттықты да ортаға
шақырамыз. Шаттық пен Асия "Жасыл дәріхана" бұрышына келеді.
II жүргізуші: Мына жерге жақындаңыздар. Мына жеміс - жидектердің шырыны қай
сырқаттардан сақтайды. Қайсысын ішкен жөн қалай қолданылады. Сол жөнінде
айтып берсеңіз.
Асия: Жеміс пен көкөніс шырының денсаулыққа пайдалы екені белгілі. Диетолог
– дәрігерлер оларды аурудың алдын алуға да, емделіп жазуға да табиғи
дәрумен ретінде ұсынады. Бірақ денсаулықты нығайту, сырқаттан айығу үшін
ішілетін шырынға қойылатын талап бөлек. Сондай-ақ, мамандардың айтуы
бойынша дәрумен ретінде шырынды күніне кемінде 600гр үш мезгіл тамақтың
әрқайсысының алдында 30 минут бұрын ішу қажет.
Жүзім шырыны, қияр шырыны, алма шырыны, апельсин шырын, сәбіз бен
қырыққабаттың шырыны: жүрек қан тамыры жүйесін нығайтады. Ақыл — ой
қабілетін күшейтеді. Тәннен ауыр металлдарды қуады, бауырға, бүйрекке
пайдалы. Оларды уыттан тазалайды. Жүйке жұқарып, күш - қайрат кемігенде
әлденуге көмектеседі. Мен қазір алма шырынының қалай жасалатынын
көрсетейін.
II жүргізуші: Сіз жасап көрсетіңіз. Бізге Шаттық қандай ұсыныстар айтар
екен.
Айым: Шәйдің бүкіл ағзаға, тәндегі зат алмасу үрдісіне әсер етеді. Бойды
сергітетін шипалы сусын екенін ғылым әлде қашан дәлелдеген. Кофеин, эфир
майы, танин дегендердің сыртында С, В, Р дәрумендерін небір минералдарды
осы шәйдің бойынан табасыз. Тек оны дұрыс баптап, сақтай біліңіз.
II жүргізуші: Шәйді қалай қайнату керек?
Айым: Суды соншалық сақылдатып қайнатудың жөні жоқ. Шәйнекте не самаурында
қайнаған суды аққұманға ағызып, үстіне шәй салып, қайтадан қайнатпау керек.
Аққұманға су ағызып алғаннан кейін шәйнекті не самаурынды еселеп су құйып
қайнатуға болмайды.
II жүргізуші: Қай уақытта шәй ішу қолайлы?
Айым: Әдетте қазақ тәңертең де, түсте де, кеште де шәй ішеді. Кешкілік
негізгі тамақтың алдында не тамақтан кейін ішіледі.
II жүргізуші: Шаттық, осы көк шай туралы не айтар едіңіз?
Айым: Көк шай да кәдімгі қара шай алынатын жапырақтан алынады. Халық оны
қартайтпайды, кісінің ғұмыр жасын ұзартады деп біледі. Көк шайдың қант
қысымын төмендетін, артық тұзды қуатынын қатерлі ісіктен сақтайтынын, емдік
қасиеті бар. Асқазанның бұзылуы, ас қорыту ағзаларының сырқаты, дәрумен
жетіспеушілігі, бүйректегі, қуықтағы тас, қан айналымының нашарлауы, темір
жетіспеушілігі, күйік, терідегі жара т.б. ауруларға пайдалы.
I жүргізуші: Қане, Асияның шырыны дайын болған секілді. Ауыз тиіп көрейік.
(Шырыннан ауыз тиеді.) Өте дәмді екен.
Әсия: Рахмет!
I жүргізуші: Сөздеріңізді тұжырымдай келе, дені сау болу үшін жемісті көп
жеу керек. Жұмыс істеу қабілетің күшейеді. Уақытымен тамақтанып, шәй ішіп
жүру керек.
II жүргізуші: Дұрыс айтасың, Аружан! Шаттық пен Әсияның берген кеңестеріне
көп рахмет айтамыз!
…………………………биі. Орындайтын Кубайдуллина Ару
II жүргізуші: Психолог мамандардың айтуынша, аурудан аулақ болу үшін
адамдарға амандық тілеп, амандас дейді. Сау болғың келсе, баршаға саулық
тіле.
I жүргізуші: Қызғаншақ болма, өз бойыңдағы жалқаулықты, көрсе қызарлықты,
қорқақтықты, жалған намысқойлықты таста, біреудің әңгімесіне ерме. Жаман
ойлардан аулақ бол.
II жүргізуші: Ауыра қалсаң, көп уайымдама, ауру - сырқау, өлім туралы ойла
ма, бұл сенің жемісің.
I жүргізуші: Өзің білген, оқығандарыңды, өз тәжірибелеріңді өзгелерге айт,
тарат, бірақ мақтанба, қарапайым бол!
II жүргізуші: Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтып кеткен. Ендеше
ойға тоқыдық па, тоқысақ іс жүзіне асырайық. Бастаған істі аяқтайық.
I жүргізуші: Енді назарымызды "Жарнамалық" үзіліске аударайық.
Көрініс.
Атасы - Қазбек
Әжесі - Шәкәрім
Немересі -Бексұлтан
Немересі атасының алдында отырады. Әжесі қасында ұршық иіріп отырады.
Немересі: Ата, құлағым ауырып тұр.
Атасы: (Еркелетіп құлағынан сүйеді.) - Жазылды ма, құлыным?
Немересі: Жазылды.
- Ата, ата, мұрыным ауырып барады.
Атасы: (Еркелетіп құлағынан сүйеді.) - Жазылды ма, құлыным?
Немересі: Жазылды.
Немересі: Ата, көзім ауырып тұр.
Атасы: (Еркелетіп құлағынан сүйеді.)
- Жазылды ма, құлыным?
Немересі: Жазылды.
Немересі: Әже, атамның еріні дәрі сияқты, сүйсе болды жазылып кетемін.
Әжесі: (Мысқылдап.) - Онда атаңа айт, қорадағы қара айғырдың аяғы ақсаңдап
тұр.
ІІ-жүргізуші: Аққудың пайдалы кеңестеріне назар аударайық.
Айбар : Ішің ауырса, аузыңды тый, асқазаның жиі ауырса, тамақтанып
болғаннан кейін кез-келген жемістің сүйегін 30-40 минут сору керек. Сондай
- ақ, зере шөбі мен апельсин қабығының қайнатпасын ішкен пайдалы.
Аққу :
1.Тісің ауырса, қолыңды тый, тісің ауырса, тіс дәрігеріне жүгінбей-ақ үйде
ем жасауға болады. Ол үшін 1 стакан суға 1 уыс кептірілген қалақай жапырағы
мен 2 ас қасық сірке суын қосып қайнатып, аузын жиі-жиі жуады. Қолыңның
білезік тұсына сарымсақты қақ бөліп, тамырыңа таңып байлап қойсаң көп
көмегі болады.
2. Өсімдік майы, ас бұршақ, сүт, картоп, қызанақ, банан, балық сияқты азық
- түлікті күнделікті тамақта көп пайдалану керек. Мұндай калориясы аз
тағамдар адам өмірінің ұзаруына көп септігін тигізеді.
3. Құмырсқаның емдік қасиеті бар. Олардың көмегімен ревматизмді емдеуге
болады. Ол үшін бір уыс құмырсқаны дәкеге орайды да ауырған жерге басады.
Құмырсқалар денені шағып қызартқан соң дәкені алып тастайды. Осы әдісті бір
ай бойы қайталасаңыз көп ұзамай ревматизмнен айығасыз.
4. Беттегі безеуді кетіретін маска — қияр маскасы. 3 дана жаңа піскен
қиярды ұсақтап турап, 1 стакан қайнаған суға салыңыз. Оған 1 шәй қасық бал
араластырып, бетіңізге жағыңыз. Осыны 1 апта қолдансаңыз, бетіңіздегі
безеудің кете бастағанын байқайсыз.
5. Құлақтан іріңді бұлық ағып, мазаңызды алса, одан оңай жазылуға болады.
Алоэның жапырағын сығып, шырынына дәкені батырып, бір тәулік құлаққа тықса,
ертеңіне алғанда іріңді бұлық дәкеде қалады. Бір аптадан соң оң нәтижесін
береді.
6. Сүт қосылған шәйді ішсеңіз бүйректі тазартады. Ал асқазан мен ішекті
тазарту үшін қырыққабат пен сәбізден жасалған салат жесеңіз шипалы.
Қызылша, сарымсақ, грек жаңғағын күнде тамаққа қолдансаңыз қан тамырлары
тазарады. Қияр болса, ағзаны қождан (шлак) тазартып, артық тамақтан
арылтады.
7. Алоэны шипалы өсімдіктерге жатқызады. Оның жапырағынан алынған шырын
терінің қабынуынан пайда болатын ауруларды, күйікті емдейді. Сондай - ақ,
алоэның экстрактымен, көз ауруларын, асқазанның ойық жараларын т.б.
ауруларды емдейді.
II жүргізуші: Рахмет, Аққу
II жүргізуші: Аружан осы біз көп нәрсені ұқтық, біліп, көріп жатырмыз. Ал
менің аяғым осы көп сырқырайды. Бұған қандай кеңес бар екен?
I жүргізуші: Сіз оған қам жемеңіз. Біздің Әділет буын-сүйек ауруларынан тез
айығу жөнінде тамаша ақпараттар жинады.
II жүргізуші: Олай болса, ортаға …………………… шақырамыз.
………………… Буының қақсап ауру түрлері жағдайлардың әсерінен болады.
Буын аурулары бір түрі буындарға сарысу немесе түз жинаудан да басталады.
Сүйек кальций жетіспегеннен сырқырайды. Күннен адамға "Д" витамині
түзеледі. Ол сүйек мықты болуға көмектеседі. Шілде, тамыз айларында күн
қатты ысығында сырқаттанған аяқ - қолыңды құмға көміп, қыздырынады. Бұны әр
жаз сайын жасап отырсаң тіптен жақсы. Табиғаттың адамға берер сыйы көп қой.
Соның бірі тұзды су, қара балшық. Жаңағы айтқан аяқ сырқырау немесе сүйек
сынса, я болмаса қатты соққы алған болса, ол бұлтты күндері міндетті түрде
қақсап ауырады. Бұл сырқаттың алдын алу үшін тамыз, шілде айларында тұзға
бару керек. Емдік қасиеті бар тұз тек буын - сүйекке қана көмектесе
қоймайды. Денеге жара шықса, қышыма болып ауырса да қара балшыққа шомылып,
тұзбен емделеді.
II жүргізуші: Әділет мүмкін "Жасыл дәріханаға" айтады.
Әділет: Мынау Сағыз өзенінің бойында Ақжар деген жерден алынған тұзды
балшық. Бұл қысты күні де сұйық күйінде тұрады. Бұл киелі. Адамға көптеген
шипасы бар. Мына қырыққабатпен де ревматизмді емдеуге болады. Қырыққабаттың
жапырағын алып, мысалы тізе ауырса, сол тізеге басып матамен таңып қояды.
Осы сияқты жазда өсетін хрен жапырағын да осылай жасаса буын, сүйек
сырқырауына көп көмектеседі.
Қазақтың төбет итінің түбіт жүні де сүйек сырқырағанда көп көмектеседі.
Иттің түбітінен тоқыған шұлық немесе белдемше жасап сырқыраған жерге үнемі
басып қойса сырқыраудан айығасың.
I жүргізуші: ………………………………………….. көптеген мағлұмат алдық Сізге көп-көп
рахмет.
II жүргізуші: Денсаулықтың басты негізі тазалықта, жеке бас гигиенасын
сақтау керек деп жатырмыз. Халық арасындағы тазалық, денсаулық хақындағы
ырымдар туралы айта кетсең болмас.
I жүргізуші: Шашы қиылмаған әйелдің жолын ешкім кеспейді, бақыты ашылып
бағы жанады.
Түнде шаш қиып, тырнақ алуға болмайды.
Түн ортасында шомылу жақсылыққа апармайды.
Шашыңды кез келген жерге тастама. Отқа жағып жіберу қажет.
II жүргізуші: Халық айтса, қалт айтпайды дейді ғой, бұған мен де қосылам.
Ендігі кезекті шөптесін өсімдіктерге берейік.
Қазақстан жерінде көптеген дәрілік қасиеті бар өсімдіктер бар. Мына
кітаптың ішін ашып қарасаң түрлі - түрлі емдік қасиеті бар шөптер бар.
Солардың бірі біздің жерде де өсетін кәдімгі адыраспан шөбі. Бізге
адыраспан мен жақын таныстыратын
………………… шақырайық. Айбарға қошемет.
(Айбар сөйлейді. "Жасыл дәріханада").
…………………..: Адыраспан - көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оның сабағы
бұтақшалы, тамыры діңгекті, жапырақтары тілімденген кезектесіп орналасқан.
Қазақстанда адыраспанның бір - ақ түрі өседі. Биіктігі 20-60 см. Гүлдену
мерзімі - мамырдың аяғы мен маусым айында. Шілде айында жемісі тола
бастайды. Бұл өсімдік улы дәріге жатады. Адыраспан энцефалиттің шағуы
салдарынан болған ауруды емдегенде жақсы нәтиже береді. Ауруға шалдыққан
адамның жүйке жүйелері асқынып, ұстама, қояншық ауру (эпилепсия) мен
қалтырау параличіне (дрожительный паралич) шалдыққанда қолданады. Құяңмен
(радикулит) ауырғанда адыраспан жапырақтарымен булайды, ісіктерге де сол ем
жасалынады.
Адыраспаннан жасалған былауыш (ванна) ревматизм салдарынан сүйек сырқырап
ауырғанда жақсы нәтиже береді. Ол өкпе туберкулезіне, демікпе, ентікпе,
т.б. өкпе ауруларына ем.
Адыраспанды жазда немесе күзде жинап, жаңа күйінде немесе турап, кептіріп
дайындайды. Тұқымын піскенде жинап алады.
Сабағы мен жапырағын қайнатып, өлшем бойынша ішсе, талма, сал ауруы,
ұмытшақтық, суықтан ми қабыну, тарамыс ауруларына ем болады.
Тіс ауруына: адыраспанның шөбімен ыстаса, тістің қақсап ауырғаны басылады.
Буынның қабынуына: жас сабағын жапырағымен лайықты мөлшерде жаншып, буынға
тартады.
I жүргізуші: Айбар саған көп рахмет! Біз білмейтін көптеген ауруларға емдік
қасиетімен таныстырдық. Жалпы бұл шөп киелі деп те жатады.
II жүргізуші: Иә, Аружан адыраспан киелі шөп. Бұл шөппен аластап та жатады.
Сол кезде жамандық бойыңа жуымайды дейді. Айбар сізге көп рахмет!
I жүргізуші: Бізге емдік өсімдіктердің қандай пайдасы бар екенін білу үшін
ортаға Динараны шақырайық.
Динара: ақ қайың жапырағы күз мезгілінде жинап алып, тазартып, кептіріп қою
керек. Бұны медицинада профилактикалық зат ретінде қолданылады. Бүйрек, зәр
шығару жолдарының және жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында зәр айдайтын
зат ретінде, жүйке жүйесінің нашарлағанында қызметін күшейтетін зат
ретінде қолданады. Компресс жасап та қолданады. Суға бұқтырып ішіп те
пайдаланады.
Динара: Дайындау әдісі: 2 шәй қасық жапырақты ыдысқа салып 1 стакан
қайнатылған ыстық су құйып демдеп қояды. 30 минуттан соң сүзіп ішеді.
ІI жүргізуші: Қарапайым нәрсе. Түкте қиындығы жоқ. Динара сізге көп рахмет!
I жүргізуші: Денің сау болсын десең — спортпен шұғылдан. Спорт адам
денсаулығына пайдалы. Дене тәрбие сағатына үнемі қатысып отыр. "Дені сау
адам - ең бай адам"
IІ жүргізуші: Денің сау болсын десең - таңертең жаттығу жасап таза ауада
демал. Ауаны ластаудан сақтау керек.Табиғатты жасылдандыруға өз үлесіңді
қос.
I жүргізуші: Жеміс жеп, шырын ішіп жасарып жүріңіз!
II жүргізуші:
Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтар табиғаттың тілі жоқ деп айтылғанмен, 8 “б” сынып оқушылары
көптеген кеңестер берді.
II жүргізуші: Адам үшін табиғат - ең қасиетті, қастерлі ұғым. Өйткені
адамның өзін дүниеге келтірген аяулы анасындай. Сондықтан да адамның
табиғатты АНА деп құрметтеуінде өте үлкен мән бар.
I жүргізуші: Сондықтан да табиғат қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы
табиғатты қорғау, баршамыздың міндетіміз. Табиғаттан әркез сұлу әдемілігін,
зор денсаулық ала білейік ағайын!
Қорытынды.
Құрметті оқушылар, бәріміз болашақ туралы армандаймыз ба? Ел басымыздың
болашаққа байланысты жасаған бағдарламасында ел болашағы – сендер, жастар.
Сондықтан еліміздің ертеңі сендердің денсаулықтарың мықты, салауатты азамат
болып өссеңдер, болашақта жарқын, кемел болмақ деген екен. Болашаққа дені
сау ұрпақ боп қадам басайық.
І жүргізуші: Осымен 8 “б” сыныбының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған
«Жасыл дәріхана» атты шоуымызды аяқтаймыз.
Тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 10”б”
Тақырыбы: Организмнің жеке дамуы және қоршаған орта
Мақсаты:
Білімділік: Организмнің дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, оған әсер ететін
факторлар туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың онтогенез, адами қасиеттер туралы түсінігін,
дүниетанымын кеңейту
Тәрбиелік: Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға, еркін жауап қатуға
үйрету, кәсіби бағдар беру, рухтандыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу,
патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Топтау, ой шақыру, еркін микрофон, слайд
Пәнаралық байланыс: Биология, әдебиет, философия
Сабақтың көрнекілігі: ұрықтың дамуы туралы суреттер
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
"Тез, шапшаң" Ой шақыру
1. Аталық пен аналық жыныс жасушасының қосылуы
2. Қосарынан ұрықтануды ашқан ғалымдар
3. Триплоидты жасуша
4. Аналық бездерінен бөлінетін жасуша
5. Аталық бездерінен бөлінетін жасуша
6. Бозбала дегеніміз кім?
7. Бойжеткен дегеніміз кім?
8. Ана кім?
9. Әке кім?
10. Ұрпақ тәрбиесінде кімнің рөлі жоғары деп ойлайсың?
ІІІ Жаңа сабақ:
Онтогенез
↓
1. Эмбриондық
2. Постэмбриондық
↓
тура даму
түрленіп даму
Эмбриология - ұрықты зерттейтін ғылым
№ --- Эмбриогенездіңсатылары ----- Ұрық қабаттары ---- Ұрық жапырақшалары --
--- Мүшелер
1 ----- Бөлшектену - бластула --------- Бірқабатты ұрық
27 --- Гаструла ----------------------------- Екіқабатты ұрық
-------------------------------------------------- Үшқабатты ұрық
Ғасырдан ұзақ ғұмыр
(Ұрықтық кезеңге саяхат, слайд арқылы түсіндіріледі)
1. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы тез екіге бөлінеді, 10 сағаттан кейін
тағыда митоз, болашақ адам енді 4 жасушадан тұрады. 1 жұмадан кейін
жасушаның саны 100 - ге жетеді, салмағы 1 грамдай ғана ұрық жатырға
бекініп, дами бастайды.
2. 1 аптадан кейін мен жайлы шырышты қалық қабатқа орналастым. 1 - ші
аптада менде қағанақ пен кіндік пайда болды, 18 күнде жүрегім соға бастады.
айдын соңында өкпе, бауыр, бүйрек, ми, көз бен құлақ пайда болды. Ұзындығым
5мм.
3. Дамудың 2 - ші айы. Жүйке жүйем дамуда. Миым үлкен адамның миындай
қыртысты. Инфекциядан қорғайтын тимус безі жұмысқа кірісті. Аяқ - қолым
өсіп келеді. Саусақтарым қалыптаса бастады. Бойым 2 - 3 см. Барлық
мүшелерім қалыптасып болды.
4. Дамудың 3 - ші айы. Бойым 5 - 6 см. Мені енді ұрық демей, бала деп
атайды. Анамның қуанышын, ренішін сезе аламын.
5. Дамудың 4 - ші айы. Бойым 10 - 16 см. Салмағым 40 - 50 гр. Басыма
алғашқы шаш шықты. Ана құрсағында еркін жүзіп жүремін. Анам аяғымның
қозғалысын анық сезеді.
6. Дамудың 5 - ші айы. Сыртқы дүниенің қатты дыбыстарын сезе бастадым.
Анамның маған арнаған жылы сөздерінен масайрап қаламын, шарап немесе арақ
ішсе бет ауызымды тыржитып, жаратпағанымды білдіріп, аяғыммен тебе
бастаймын.
7. Дамудың 6 - шы айы. Бұл айды қозғалу айы деп атайды. 30 минутта 20 - 60
рет қозғаламын. Ана құрсағы маған тарлық ете бастады. Жарық дүниеге шығуға
дайындалып, басымды төмен бұрдым.
8. Дамудың 7 - ші айы. Көзімді аштым, құрсақтың іші қараңғы болса да
қабағымды қақпастан айналама қараймын. Түрлі себептермен жарық дүниеге шығу
керек болса, дәрігерлердің көмегімен өмір сүруге қабілеттімін.
9. Дамудың 8 - ші айы. Мен кішкентай адаммын. Жүрегім минутына 120 - 140
рет соғады. Бойым 40 см. Салмағым 1700 гр. Анамның көбірек дем алып, жиі
тамақтанғанын қалаймын. күн санап жүрмін.
10. Дамудың 9 - шы айы. Анамның “тар” құрсағын кеңітіп, омырауын иітіп, мен
өмірге келдім.
Кең дүние, төсіңді аш мен келемін...
(әдебиет пәні мұғалімінің сөзі, слайд арқылы түсіндіріледі)
ІV Ой түйін
● Мен кіммін? (тіршілік иесі, адам, перзент, маман, өз отанын сүйетін
патриот)
● Бұл өмірде менің орным қандай?
● Өз орнымды адаспай табу үшін не істеуім қажет?
● Менің борышым...
V Бағалау
VІ Үйге тапсырма:
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы.
Адам ұрығының дамуына зиянды әдеттердің әсері.
Адам тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тигізетін жат қылықтар (жұптық
жоба)
Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 8 “б” “в” “г”
Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік
заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар.
Тағам-денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы. Тағамдық өнімдердің
экологиялық тазалығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тамақ құрамы мен маңызы, ақуыз, май, көмірсу, минералдар,
дәрумендер туралы түсініктер беру.
Дамытушылық: Тамақ құрамы балалардың ағзасын өсіруге, дамытуға әсері мен
маңызы туралы білімдерін кеңейту, дамыту.
Тәрбиелік: «Ас – адамның арқауы» екенін, адам тамақтану үшін тіршілік
етпейтінін, тіршілік үшін тамақтануын түсіндіру, әдетті түсінікті
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: семантикалық кесте
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Тыныс алу жүйесі» тарауы бойынша тест.
1.Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?
а) екі бөлікке б) үш бөлікке с) төрт бөлікке
2.Кеңірдектің жалғасы: а) аңқа мен жұтқыншақ б) көмей с) бронхылар
3.Кеңірдек қалай бөлінеді? а) екі бронхыға б) үш бронхыға с) бронхиолаға
4.Тыныштық күйде тыныс алу көлемі қандай? а) 500мл б) 1500мл с) 3500мл
5. Тыныс қозғалыстарына не қатысады? а) көкет б) қарын бұлшық еттері с)
қабырға аралық бұлшық еттер
6. Тыныштық күйдегі тыныс алу қозғалыстарының мөлшері: а) 10-12 б) 16-18 с)
20-22
Кілті: 1.а, 2.с, 3.а, 4.а, 5.с, 6,б.
2-тапсырма. Тыныс алу жүйесі
2-тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Бөлімнің аты
Құрылысы Қызметі кеңсірік жұтқыншақ-таңдай тесігі көмекей кеңірдек ауа
тамырлары өкпе
3. Жаңа сабақ
- Адам тіршілігі мезгіл - мезгіл ас ішіп оны қорытып, денесіне сіңіруіне
байланысты. Халқымыз «Ас - адамның арқауы» - дейді. Ас адамның құрылыс
материалы, энергия қоры. Адам денсаулығы дене қимылы, ой еңбегі және толып
жатқан басқа іс - әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты. Олай болса
адам ағзасына қажетті азық - түліктер қайдан алынады?
- Астық дәндер -------------- Сиыр
- Бақша дақылдары --------- Түйе
- Жеміс - жидектер ------- Жылқы
------------------------------------ Қой
--------------------------------- Тауық
---------------------------------- Қоян
-------------------------------- Балық
Негізгі құрамы
Органикалық заттар. Минералды заттар. Су. Дәрумендер
Органикалық заттар
- Ақуыз
- Май
- Көмірсу
Ақуыз - адам ағзасын құрастырушы. Адам қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс
атқару үшін құрамында бір күндік ақуыз мөлшері 100 - 120 гр. қажет.
Ақуыз мына тағамдарда кездеседі
- Сүт тағамдарында ---------- Жұмыртқада
- Қара бидай нанында ------- Бұршақ
- Фасоль -------------------------- Соя
- Арахис -------------------------- Жаңғақ
- Саңырауқұлақ ----------------- Ет
- Балық
Май - ағзаға энергиялық материал, әр түрлі витаминдермен биологиялық
активті заттардың қоры болып табылады. Сонымен қатар май ағзада қорғаныштық
қызмет атқарады. Салқын кезде май жылу реттегіш қызмет атқарады. Күніне 80
- 100гр. май қажет.
Көмірсу – негізгі жылу қоры және қуат береді. Көмірсулар ағзада көп болатын
болса, майға айналады. Бір тәуліктегі бір адамға қажетті көмірсудің
мөлшері450 - 500г. Құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану
адамның семіруіне, қант ауруларына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.
Көмірсу мына тағамдарда кездеседі
- Нан ------------------------- Картоп
- Бидай жармасы -------- Банан
- Қант ------------------------ Бал
- Жеміс - жидек --------- Ботқа
- Күріш --------------------- Тары
- Өсімдік майы ---------- Жануар майы
Минералды заттар
Микро элементтер ------------- Макро элементтер
- Натрий --------------------------- Темір
- Калий ---------------------------- Мыс
- Хлор ----------------------------- Йод
- Фосфор
- Кальций
- Магний
Минералды заттар - денеде кенеулі заттар мен су арқылы түседі. Жасушаның
қозу, тежелуі үшін минералды заттар өте қажет, сонымен қатар олар сүйек пен
тісті бекіндіріп, денедегі ұлпалар мен сұйықтықтардың құрамына кіреді. Бір
адамға тәулік мөлшері – 10гр. минералды заттар қажет.
Су - адам денесінің тіршілігі үшін ең қажетті зат. Адам күніне шамамен
2 - 2, 5л. Су ішеді. Оның 1 литрін ішеміз, 1 литрі тамақтың құраммен
түседі, ал 200 - 300мл. Ағзаға зат алмасудың нәтижесінде пайда болады.
Дәрумендер - ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене
және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын
қамтамасыз етеді.
Дәрумендердің түрлері
А, В1, В2, В3, В4, В6, В12, В13, В15, ВС, ВТ, С, Д, Е, Ғ, Н, К, Р, РР, N, V
Дәрумендер мына тағамдарда кездеседі
- Жеміс - жидектер ---- Сүт
- Көкөністер ------------ Нан
- Өсімдік ---------- Сары май
- Балық --------------- Күріш
- Бауыр ---------- Жұмыртқа
- Ет
Тамақтану ережесі
- 1. Асықпай тамақтану
- 2. Асты дұрыс шайнау
- 3. Жегің келмесе жеме
- 4. Тамақтану үшін жеу керек
Тамақтану мезгілі
- 1. Таңертеңгілік ас - 25%
- 2. Түскі ас – 40%
- 3. Сәскелік ас – 15%
- 4. Кешкі ас – 20%
Тамақтануда нені шектеу керек
- Тағамдық тұзды
- Қантты
- Жануар майын
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Семантикалық карта толтыру: Қандай тамақта күнделікті рационға қажетті
қоректік заттар барын анықта.
Тамақтың түрлері ------------ Су ------ Көмірсу ------- Ақуыз ------ Май ---
--- Дәрумен ------ Минералды
Сүт және сүт тағамдары ------+------------+-------------------+------------
+---------------+-----------------+
Нан, жарма, ұн тағамдары
Ет, балық, тауық, жұмыртқа
Көкөністер мен жемістер
Өсімдік және мал майы
Тағамға байланысты валеологиялық диктант
Түскі аста сұйық тағам... ішу қалыптасқан. Оның... 250 - 500 гр...
Қапырық ыстықта асханалық... немесе аздап тұз... су, ең жақсысы газды...
ішу керек.
Ылғалды... өнімі - қияр.
Күнбағыс өсімдігінен... алынады.
... адам қанының құрамын толықтырушы жеміс.
Керекті сөздер: құрамында сорпа, су болады, май, көп көкөніс, салынған, су,
анар, минералды су.
Қорытындылау:
Бағалау:
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу дәрумендердің түрлерін анықтау, күнделікті
ішетін тағамда қоректі заттардың қаншалықты барын талдап дәптерге кесте
құрастыру.
Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 11 “б”
Сабақтың тақырыбы: «Әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдіктің кертартпалық
мәні. Адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршілік заңдарының жетекші
рөлі.
Сабақтың мақсаттары.
Білімділік: Адамның тарихи даму кезеңдерінің ерекшеліктерін, олардың өмірі
мен шаруашылықтағы мағызы, мекен ету орталықтары жайында білімін кеңейту,
тереңдету.
Дамытушылық: Оқушыларды қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру,
ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен білім алып, тақырып мағынасын ашуға,ой
түйіндеуге, адамның ғылыми тұрғыдан ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызбалар, дүниежүзілік карта
Сабақтың пәнараалық байланысы: тарих, география, әдебиет, медицина саласы
Сабақтың типі. Білім мен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: эвристикалық және түсіндірмелі қозғау салу, сұрақ- жауап
әдістері
Сабақтың кілт сөзі. «Адамды адам еткен – еңбек»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
• Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеріп, зейіннін сабаққа аудару
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
• Класс оқушыларын топқа бөлу
ІІ. «Ой сергіту» шарты бойынша үй тапсырмасын сұрау
• «ежелгі адамдар» тақырыбын талдау
• Ертедегі адамдар» тақырыбын талдау
• І«Осы заманғы адамдар» тақырыбын талдау
Берілген тапсырмаларды орындағаннан кейін, 3- топқа сұрақтар беріледі.
1.Адамның сүтқоректілерге ұқсас белгілерін ата?
2.Рудиментті мүшелер деген не?
3.Атавизм деген не?
4.Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады?
5.Адам эволюциясындағы әрбір кезеңнің адамдарының тұрмыс – салт
ерекшеліктерін ата?
6. Адам эволюциясы кезеңдерін ретімен атап, дене құрлысындағы
ерекшеліктерді ата?
Үй тапсырмасын пысықтағаннан кейін, жаңа сабақтың жоспары мен мақсатымен
таныстыру.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Адам нәсілдері
2. Нәсілтану ғылымы
3. Әлеуметтік дарвинизм
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға проблемалық сұрақтар беріледі.
Үш нәсілдің суреттерін көрсетіп, сол туралы не білетіндіктерін сұрау арқылы
жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан
адамдардың бәрі де бір ғана түрге жатады. Оны биологиялық жүйелеуде саналы
адам деп аталады. Бұз атаудан адамның басқа организмдерден ақыл – ой, сана
арқылы ажыратылатыны айқын байқалады.
Француз ғалымы Ф. Бернье 1684 жылы «нәсілдер» терминін енгізді.
1. Негроидтық нәсіл : шашатары бұйра, қара түсті, терісінің түсі де
қара, сақал – мұрты баяу өседі. Мұрны жалпақ, бет пішіні сопақша,
көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады.
2. Европоидтық нәсіл: Ұзын бойлы, шашы ұзын салалы, әрі ,ашық терісі
ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез
өскіш, қыр мұрынды, жұқа ерінді болып келеді.
3. Монголоидтық нәсіл. Шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі
қоңырқай, сақал мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті,
мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы
орташа болып келеді.
Моноцентризмдік тұжырым.
Гректің «monos» «бір» деген мағынаны біліреді.
Латынның «Centrum» «орталық» деген сөзді білдіреді.
Полицентризмдік тұжырым
Гректің «Polys» деген мағынаны біліреді.
Әлеуметтік дарвинизмге байланысты сұрақ беріледі.
1. Матералистік көзқарас деген не?
2. Идалистік көзқарас деген не?
Жаңа сабақты қорытындылау үшін кесте толтырылады.:
|Нәсілдер |Ерекше белгілері |Таралған жерлері |
| | | |
Сабақ қорытындыланады.
ІҮ. Бағалау.
Ү.Үйге тапсырма: А,Б, С деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz