3-сынып: Жақсылардың жақсысы мәтінін диалогтік оқыту арқылы талдау және білім мен еңбектің маңызын түсіндіру

3«а» сынып
3 - апта
2 - күн
1 - сабақ
3«а» сынып: Мұғалімі
3 - апта: Әділбек Үмиткүл Ілиясқызы
3«а» сынып: Сабақтың тақырыбы
3 - апта: Жақсылардың жақсысы. Р. Босилек (болгар жазушысы)
3«а» сынып: Сілтеме
3 - апта:

Ана тілі 3сынып. 2011ж. Әдістемелік құрал. Интернет

А. Қ. Әлімов, Б. М. Қосанов, Р. Ж. Базарбекова"Бастауыш сынып мұғалімдеріне интербелсенді әдістеме"

3«а» сынып: Жалпы мақсаты
3 - апта: Мәтіннің негізгі идеясын диалогтік оқытуды қолдану арқылы түсіну, сыни ойлау арқылы ой қорытуға үйрету, еңбекпен білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, білімге қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; жақсы оқуға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
3«а» сынып: Оқу нәтижесі
3 - апта:

Оқушылар өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстырып біледі, жақсылықтың бәріне еңбек пен білімнің нәтижесінде жететіндігін түсінеді, өзіндік ойларын еркін жеткізіп, сұхбат арқылы кері байланысқа үйренеді;

эмоциялық әрекет арқылы өзін өзі реттейді; тіл байлықтарын, түсініктерін қалыптастырады

3«а» сынып: Негізгі идеялар
3 - апта:

Білім мен еңбек -жақсы өмір сүруге септігін тигізетінін, ерінбей еңбек етсең мақсат пен арманыңа жететінін ұғындыру;

"Білім мен еңбек, бәрін жеңбек"-мәнін ашу;

3«а» сынып: Тапсырмалар
3 - апта:

1. Топтық жұмыс

2. Білу. Ой қозғау. Жұмбақ шешу

3. Түсіну-Оқулықпен жұмыс

"Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою тәсілі"

4. Қолдану-"Бірлескен зерттеу"тәсілі

5. Талдау -әр топқа тапсырмалар

6. Жинақтау-«Әңгіме кестесі» стратегиясы
әңгіменің негізгі идеясын ашу тапсырмалары

7. Бағалау- ертегі мазмұнына сәйкес келетін мақалды тап, жауабыңды дәлелде.

3«а» сынып:

Дереккөздер,

жабдықтар

3 - апта: Интерактивті тақта, суреттер, бояу, қарындаштар, постерлер, үлестірмелі материалдар, маркерлер, стикерлер, сандар жазылған қима қағаздар, ғаламтор көзі, АКТ желісі
3«а» сынып: Оқыту әдістері
3 - апта:

Жаңа әдістер.

АКТ

СТО

Оқыту үшін бағалау.

2 - күн:

1 Диалог

2 Жеке жұмыс

3 Жұптық жұмыс

4 Топтық жұмыс

Каусар3241.jpg Каусар3228.jpg Каусар3237.jpg

Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Сабақ кезеңдері:

I. Проблеманы айқындау кезеңі:

Топтарға бөліну және ой сергек

(2мин)

Жұмбақ шешу арқылы

жаңа тақырыпқа бағытталу

(3мин)

Білу

Мұғалімнің әрекеті:

Түрлі қағаздағы конфеттер таратады, олардың қағаздарына қарай отырып, топ алмасады

Топ ережесін құруға ұсыныс беру:

Оқушының әрекеті:

Оқушылар тәттілердің қағаз түстеріне қарап, топқа бөлінеді

Оқушылар топта бірлесіп ынтымақтасқан топ ережесін құрады, өз ережелерін флипчартқа жазып сыныпқа іліп қояды

Бағалау:
Сабақ кезеңдері:

Ой қозғау; Жұмбақты шеш:

1. Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса, өзіне шыр байланар .

2. Сөзі- дана, үні жоқ, сөйлемейді тілі жоқ;

Қолыңа алсаң -шешен, ақылы асқан көсем;

3. Тоқыған ауы , Шыбынның жауы.

Жұмбақтың шешімі ұршық , өрмек, кітап туралы білетіндерін ортаға салады, мағынансын ашу)

Мұғалімнің әрекеті: Оқушылар жұмбақты топта талқылап, бірлесіп шешіп, қызыл бояумен ерекшеленген сөзді дауыстап оқып, мағынасын түсіндіреді; өз ойларын ортаға салады;
Оқушының әрекеті: Бағдаршам арқылы бағалау
Сабақ кезеңдері:

II.

"Проблеманы шешу" кезеңі:

Түсіну

(10 мин)

Мұғалімнің әрекеті:

Тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Мақсат қойып, мәтінді оқу. (10 минут)

Мұғалім оқулықтағы мәтінді екіге бөліп өздігімен оқып, оқығандарын топ ішінде талқылауын, түсініп оқу жұмысын тапсырады

Оқушының әрекеті:

Мәтінді өздігінен оқу тәсілі:

1) Жеке жұмыс

Оқушылар берілген мәтінне топ ішінде бірінші абзацты оқиды .

2) Топтық жұмыс

Оқушылар топ ішінде оқығандарын талқылау сұрақтарын қояды, білгендерін ортаға салады

әр топтан бір оқушы оқығандығы туралы ойларын ортаға салады, қалғандары толықтырады

Бағалау: Топпен бағалау
Сабақ кезеңдері:

III.

"Проблема шешімін қолдану" кезеңі:

Қолдану

"Бірлескен зерттеу"тәсілі

Сергіту сәті

(2мин)

Ой сергек

Мұғалімнің әрекеті:

3-тапсырма.

Оқушыларға"Адамның жақсы өмір сүруі үшін еңбек пен білімнің пайдасы қандай? деген сұраққа "бірлескен зерттеу"тәсілі бойынша жауап беруі тапсырылады

Мәтінге сүйеніп, алған білімді қолданып көрейік, сурет бойынша зерттеу ұйымдастырайық:

-Суреттер ненің белгісі ретінде алынған?Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбектену адамға не үшін қажет?

-Білімнің адам өміріндегі маңыздылығы қандай?

Оқушының әрекеті:

Топ ішінде ұршық, өрмек, кітаптың не үшін қажет екендігін, олардың пайдасын талқылайды, оқушылар өз ойларын маркерлермен плакаттарға жазады;

-Оқушылар өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдайды, суреттерін, ой түйіндерін жазады;

Плакаттарын қабырғаға іліп қойып, әр топтан бір спикер кезекпен өз жұмыстарын қорғайды

Бағалау:

Өзара бағалау

Смайл арқылы бағалау

Сабақ кезеңдері:

Талдау

(10мин)

Мұғалімнің әрекеті:

4-тапсырма:

Мәтін бойынша алған білімді талдау, айтылған ойды әрі қарай дамыту;

1-топ:Сызба бойынша еңбек пен білімді сипатта

Осы күн көздерін қандай түспен бояр едің? Неліктен?

2-топ:

Сызбаны толтыр:

3-топ:

Мәтіннен бірнеше бөлмелі үй сипатталған жолдарды тауып оқы. Құрылыс маманы ретінде осы үйдің сызба -жобасын қағазға түсір

4-топ:

Ойыңды қорытып, сызбаны толықтыр:

Бұл құмырсқаның неліктен "жақсылардың жақсысы" аталатынын дәлелде

Оқушының әрекеті:

Оқушылар алдымен топ ішінде мәселені талқылап, үйдің сызба-жобасы қалай жасалатыны туралы өз ойларын ортаға салады

Жеке өз бетімен құмырсқа сызбасын толтырады, содан соң топ ішінде ойларын ортаға салып, бірлесіп, дәлелдемелер жасайды, қорғайды

Сабақ кезеңдері:

Жинақтау

(5мин)

Мұғалімнің әрекеті:

5-тапсырма:

«Әңгіме кестесі» стратегиясы
1. Ертегінің тақырыбы:

2. Авторы:
3. Оқиға орны:

4. Кейіпкерлері:
5. Ертегінің соңында не болды?
6. Мазмұнының идеясы:

-Қандай балаларды жақсы бала деп айтуға болады?

-Жақсылардың жақсысы болу қиын ба?

-Сен солардың қатарына жатасың ба? Неліктен?

Оқушының әрекеті:

1. Жақсылардың жақсысы

2. Ран Босилек- болгар жазушысы

3. Әсем бау-бақшалы зәулім үй

4. Әкесі, кішкентай қыз;

5. Әкесі қызына ұршық, өрмек, кітаптың жақсылардың жақсысы екенін түсіндірді

6. Ерінбей еңбек ету мақсат пен арманыңа жеткізеді, білімге жол сілтейді, ал білім арқылы өмірдің ақиқатына көз жеткізесің

Бағалау:

Өзара бағалау

Формативті бағалау

Сабақ кезеңдері:

Бағалау

(3мин)

Мұғалімнің әрекеті:

6-тапсырма:

Мақалдың жалғасын тап, мағынасын ашу.

Өмірмен байланыстырып, мысал келтіру.

Бүгінгі сабақ барысында білімдеріне өз бағаларын беру.

Үйге тапсырма

Оқушының әрекеті: Мәтінге сәйкес "Білім мен еңбек-бәрін жеңбек" шығарма жазу
Бағалау:

Крите-рий арқылы бағалау

формативті және жиынтық бағалау

Сабақ кезеңдері:

Кері байланыс

(1мин)

Мұғалімнің әрекеті:

-Сабақ ұнады ма?

-Сабақтың тақырыбын жақсы меңгердім деп ойлайсыздар ма?

-Бұл тақырыпты үйде қалайша талдайсыздар?

-Бүгінгі үйренгендеріңізді кішкене-іні қарындастарыңызға үйретесіздер ме?

Оқушының әрекеті: Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді, өз ойларын еркін баяндайды
Бағалау: Өзін-өзі бағалау
Сабақ кезеңдері:

Рефлексия

(1мин)

Мұғалімнің әрекеті:

"Жаным толған жақсылық"

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу


Ұқсас жұмыстар
Р. Босилектің Жақсылардың жақсысы ертегісі негізіндегі сабақ жоспары: еңбек пен білімге тәрбиелеу
Бастауыш сынып сабақ жоспары: М. Төрежанов Еркіннің еңбегі әңгімесін түсіндіру және талдау - Еңбектің наны тәтті идеясы
Жаңартылған білім мазмұнында диалогтік оқыту мен оқыту стратегиялары: өзін-өзі реттеу және сыни ойлауды дамыту
4-сынып қазақ тілі сабағы: Ыбырай Алтынсариннің Өзен өлеңі арқылы табиғат пен өзеннің маңызын түсіндіру
Диалогтік оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызша коммуникациясын дамыту: тәжірибиелік зерттеу
Мұғалімдерге арналған диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
7-сынып оқушыларында геометрияға қызығушылықты қалыптастыру және пәннің өмірлік маңызын түсіндіру әдістері
3-сынып Ана тілі ашық сабағы: Шерхан Мұртазаның Интернат қоймасы мәтінін сот ролдік ойыны арқылы оқыту
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы Кімге қарыздармыз? - Диалогтік оқыту арқылы сындарлы сөйлеуді дамыту
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру: мұғалімдерге арналған коучинг сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz