Х-XII ғасырларда ғылым мен білімнің дамуы және көрнекті ғалымдардың еңбектері

Сабақтың тақырыбы : Ғылым мен білімнің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Х-ХII ғасырларда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерімен таныстыру арқылы ҰБТ- ға бағыт -бағдар беру.

Дамытушылық: осындай сабақ арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, тілін, ынтасы, қиялы мен қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, имандылыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :дәстүрлі емес, конференциялық сабақ.

Сабақтың әдісі : ойын білдіру, саралау

Пәнаралық байланыс: Тарих , әдебиет, тіл, геграфия

Сабақтың көрнекілігі: карта, ғалымдар портреті, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

сұрақ- жауап әдісі

1. Өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушы ретінде оған табынатын болған тайпа: оғыздар

2. Белгілі бір діни нанымдардың шығу тегін аңмен байланыстыратын табыну белгісі: тотем

3. Орта Азия мен қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастаған дін: ислам

4. Исламды Боғра хан Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп қашан жариялады? 960 ж

5. Оңтүстік Қазақстан мен жетісудың X ғ қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазды: Әл- Максиди

6. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленген. Мұндай жерлеу салты кімдерге тән: Мұсылмандарға

7. X ғ басында қай әулетінің негізін қалаушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады? Қарахандар

8. Арабтар көрші елдерді қандай ұранмен жаулап ала бастады? Дін үшін соғыс

-Өткен сабақты қорыту

-Жаңа сабақ: 1. Қызығушылықты ояту.

Мақал- мәтелдердің жалғасын тап: Сабақтың эпигрофын таңда.

Мақал- мәтелдің жалғасын тап:

Ғылым- теңіз, . . . (білім- қайық)

Ақыл азбайды, . . . (білім тозбайды)

Оқу- білім азығы, . . . (білім- ырыс қазығы)

Ілім- бұлақ, . . . (білім шырақ)

Байлықтың кілті- . . . (ғылым)

2. Оқулықпен жұмыс: оқу

3. семантикалық карта (қорытынды жаса) Дұрыс жауапқа + белгісін қояды

А) ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар

4. Сәйкестендіру тесті

А . Әл- Бируни Данышпандықтың інжу маржаны

М. Қашғари Ақиқат сыйы

Ж. Баласағұн Асыл тастар

А. Иүгнеки Даналық кітабы

Қ. А. Йассауи Түрік тілдерінің сөздігі

Әл- Фараби Құт негізгі-білік

Б . Әл-Бируни Отырар

М. Қашғари Сайрам

Ж. Баласағұн Түркістанға қарасты қыстақ

А. Иүгнеки Белгісіз

Қ. А. Йассауи Баласағұн

Әл-Фараби Қашқари

5. Тірек- сызба

Ғылымның дамуы

Тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар

Әдебиеттің көрнекті өкілдері

6. Қорытынды: тест беру

7. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
7-сынып тарих сабағы: Х-ХІІ ғасырларда Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуы
Орта ғасырларда Еуропадағы ғылым, білім және өнердің дамуы
Ортағасырдағы түрік ғұламалары және ғылым мен білімнің дамуы (7-сынып)
Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы: дін мен мәдениет, ғылым мен білімнің дамуы және Алтын Орда
ІХ-ХІІ ғасырларда Қазақстандағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
Х-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан сәулет өнері мен құрылысының дамуы
7-сынып Қазақстан тарихы: Х-XII ғғ. сәулет өнері мен архитектуралық ескерткіштер
1945-1960 жылдардағы Қазақстан мәдениеті: ғылым мен өнердің дамуы мен әсері
XI-XV ғасырларда Англия мен Германияның мемлекеттік-саяси дамуы: нормандар, парламент және саяси бытыраңқылық
5-сыныптың қысқа мерзімді сабақ жоспары: XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ғылым мен өнердің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz