Класс жетекшінің қызметтік циклограммасы мен тәрбие жұмысының іс-құжаттары

Бекітемін

Мектеп директоры

Ғ. Ә. Ұзақбаев

«»2014

Класс жетекші қызметінің циклограммасы

Класс жетекші өз қызметі барысында күн сайын:

- сабаққа қатыспай отырған немесе кешіккен оқушыларды анықтайды, қатыспау, кешігу себебін анықтайды, ата-ананы хабардар етеді;

- класс бөлмесінде оқушылардың кезекшілігін ұйымдастырады, орындалуын қадағалайды;

- жекелеген оқушылармен сабақ уақытындағы және мектептен тыс уақыттағы тәртіптері бойынша әртүрлі тәрбие жұмыстарын жүргізеді, соның ішінде қиын оқушылар мен тәртіп бұзуға бейім оқушыларды күнделікті бақылауына алады;

- класс оқушыларының мектеп оқушысы формасын сақтауын, күнделікті киюін қадағалайды;

- 1-4 класс оқушыларының мектеп асханасында тамақтануын ұйымдастырады;

- сабақ үлгірімін жақсарту мақсатында пән мұғалімдерімен байланыс жасайды.

Класс жетекші өз қызметі барысында апта сайын:

- оқушылар күнделігін тексереді, сабақ үлгірімдерін талдайды, ата-аналарды оқушының сабақ үлгіріміне байланысты жағдайлармен хабардар етеді;

- тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес әр дүйсенбі күні тәрбие сағатын өткізеді;

- класс активтерінің жұмысына басшылық жасайды;

- 6-11 класс жетекшілері бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес оқушылар кезекшілігін ұйымдастырады, сапалы жүргізілуін қадағалайды;

- ата-анамен жұмыс жүргізеді;

- мектеп медицина қызметкерлерімен сабаққа қатыспаған оқушының денсаулығына байланысты әңгімелеседі;

- ситуацияға байланысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогпен байланысады;

- сабақтан дәлелді себепсіз қалатын, сабаққа жиі кешігетін оқушылармен немесе қиын оқушылармен жүргізілген жұмыс нәтиже бермеген жағдайда, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қажетті мәліметтер беріп, хабардар етеді.

Класс жетекші өз қызметі барысында ай сайын:

- класста өтетін сабақтарға қатысады, талдау жасайды;

- тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектепішілік іс-шараларға оқушыларды қатыстырады, олардың іс-шараға сапалы түрде дайындалуын, қатысуын қамтамасыз етеді;

- оқушыларға жол, өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретуге арналған әңгімелер өткізеді;

- оқушылардың жанұяларына барып, ата-аналармен байланыс жасайды;

- ата-аналар комитетімен байланыс жасап отырады;

- әр айдың 20-на дейін сабақтан дәлелді себепсіз қалатын оқушылар жайлы мәліметтерді, құжаттарды уақытылы мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына өткізіп, хабардар етеді.

Класс жетекші өз қызметі барысында тоқсан сайын:

- оқушылардың сабақ үлгірімін талдайды, қорытындысымен ата-

аналарды таныстырады;

- ата-аналар жиналысын өткізеді;

- оқушыларды экскурсияға, мәдени іс -шараларға, мұражайларға, т. б. апарады, ұжымдық тәрбие жұмыстарын жүргізеді;

- қыркүйек, қаңтар айларында журналдағы оқушылардың үйірмелерге қатысуы жайлы мәліметтерді талапқа сай толтырады;

- оқушылардың сабақтарды жіберген күндерін, сағаттар санын көрсетіп, керекті журнал бетін толтырады;

- класс бөлмесіне тазалық жұмыстарын жүргізуді, оқушылардың сәуір айында көгалдандыру, тазалау айлығына қатысуын ұйымдастырады;

- жүргізілген тәрбие жұмысын талдайды, есебін тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарға тапсырады, жаңа тоқсанда жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасайды,

- класс жетекшілер бірлестігінің отырысына қатысады, қабылданған шешеімдердің орындалуын ұйымдастырады.

Класс жетекші өз қызметі барысында жыл сайын:

- тамыз, қыркүйек айларында кітапханашымен байланыс жасап, оқушыларға оқулықтарды алуды ұйымдастырады, кітапхана қорында жоқ оқулықтар тізімімен ата-аналарды таныстырады.

- класста жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасайды;

- қыркүйек айының бірінші онкүндігінде журналдағы жинақ ведомостін толтырып, оқушылардың жалпы тізімінде жеке мәліметтерін құжаттарына сәйкес көрсетеді, 4 дана дайындайды: тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарға - 2 дана, мектеп дәрігеріне -1, қабылдау бөлмесіне-1;

- оқушылардың жеке іс - қағаздарын толтырады, мектеп директорының орынбасарларына статистикалық есеп береді;

- оқушылардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын зерттейді, акт жасайды.

- класстың әлеуметтік құжатын дайындап, бір данасын қыркүйек айының бірінші онкүндігінде әлеуметтік педагогқа тапсырады;

- ашық тәрбие сағатын өткізеді;

- жыл бойына жүргізілген тәрбие жұмысына талдау жасап, есебін мамыр айында тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарға тапсырады;

- жаз айларында оқушылардың тынығуы жайлы ата-аналармен әңгіме жүргізіп, мәліметтер жинақтайды; мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына мәліметтерді өткізеді.

Класс жетекшінің іс -қағаздары:

  1. Мектеп Усиавының көшірмесі.
  2. Класс оқушылары жайлы жалпы мәлімет.
  3. Қауіпсіздік ережелері.
  4. Класста жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспары.
  5. Класстың әлеуметтік құжаты.
  6. Класс активтерінің құрамы.
  7. Ата - аналар комитетінің құрамы.
  8. Ата -аналар жиналысының хаттамалары.
  9. Ата-аналардың жиналысқа қатысуы жайлы мәлімет жинағы.
  10. Оқушылардың жеке құжаттары.
  11. Оқушылар мінездемелері
  12. Класс журналы.
  13. Класс ұжымының психологиялық - педагогикалық мінездемесі. Класс ұжымына, жеке оқушыға арналған картотека; сауалнамалар, диагностика қорытындылары.
  14. Қиын оқушыға арналған тәрбие жұмыс дәптері, тәрбие жұмысының жоспары.
  15. Класс жетекшінің күнделігі.
  16. Оқушылар қауіпсіздігіне арналған арнайы журнал.
  17. Класста жүргізілетін тәрбие жұмысының есебі.
  18. Тәрбие сағаттары сценарийлерінің жинағы.

Ұқсас жұмыстар
Мектептегі тәрбие жұмысының тиімділігі: сынып жетекшінің теориялық-практикалық дайындығы мен ұйымдастыру шеберлігі
Сынып жетекшісінің құжаттары және тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Әдіскер жұмысының ұйымдастырылған айлық циклограммасы: бақылау, кеңес және әдістемелік қызмет
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсаттары мен іс-шаралар жоспары
№9 орта мектебінің тәрбие жұмысының моделі
Сынып жетекшісінің тәрбиелік-әдістемелік жоспары мен 2012/2013 оқу жылындағы тәрбие жұмысының қорытынды есебі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы әдістемелік кабинет әдіскерінің жұмысының ерекшеліктері
2018-2019 оқу жылы: Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тәрбие жұмысының іс-шаралар жоспары
Білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері
Шағын жинақталған бастауыш мектептерде сабақ кестесін құру, біріктірілген сыныптар мен сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz