Коучинг және тәлімгерлік ету арқылы мұғалімнің дамуы

Қостанай қаласы

С. Мәуленов атындағы гимназияның

1 санатты, II деңгейлі информатика пәні мұғалімі

Ермағамбетова Ұлдықыз Төлегенқызы

Коучинг және тәлімгерлік іс- әрекет арқылы мұғалімнің кәсіби дамуы

ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды.

Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсынуда жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін мүмкіндік беретін коучинг және тәлімгерлік етудің ықпалы мол деп айтар едім. Коучинг - бірге оқыту мен оқудың нақты саласындағы нақты тәжірибелік дағдыларды беруге бағыттаса, тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс деп айтуға болады.

Осы тақырыпты өз тәжірибемнен айтар болсам: Мен жұмыс жасайтын қаладағы С. Мәуленов атындағы гимназияда азғантай уақыт болса да, біршама жұмыстар жүргізілді деп айтуға болады.

Коучинг және тәлімгерлік ету мақсатым: Әріптестеріме «Жеті модульге бағытталған бағдарламаның теориялық негізі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы сабақтарында осы бағдарламаны тиімді пайдалануға мұғалімдерді дайындау» мақсатын қойдым. Бірлесе отырып, жоспар құру, ой тастау, пікір алмасу, ұсыныс айту арқылы оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесу барысында оқушыларымызға сапалы білім беріп, жаңа оқушыны қалыптастыру, яғни өзгертуге болатынын көздедім.

Педагогикалық кеңесте әріптестеріме осы бағдарлама төңірегінде әңгімелеп, «Жаңашыл мұғалім қандай болу керек?» жайлы ой тастадым.

Коучинг, тәлімгерлік үдерісін жоспарға сәйкес жүзеге асырып отырдым. Бұл жұмыс мазмұндарын іске асыру өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Ұжымда ең алдымен өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізгісі келетін мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру бойынша бастадым.

Әріптестеріме жеті модульге бағытталған бағдарламаның теориялық негізі туралы түсініктерін қалыптастыру және сабақтарында осы бағдарламаны тиімді пайдалануға мұғалімдерді дайындау және өзімнің тәлім алушыммен жұмысты онан әрі жалғастыру болатын. Курста оқып жүргеннен өзінің қызығушылығын танытып тәлім алушы болуға келіскен әріптесім, қазақ тілі пәнінің мұғалімі болатын. Тәлім алушыға сапа үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданылуы керек, қазіргі сабақ мұғалім мен оқушы серіктес болатын жеті модульдің идеяларымен қаруланған болуы тиіс екенін түсіндіріп отырдым. Тәлім алушым еңбекқор, талапты, жаңашыл мұғалім. Соның ішінде мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан «Оқыту мен оқытудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?», «Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері», 7 модуль туралы оқуын сұрадым. Тәлім алушыны ынталандыру, теориядағы білімді практика жүзінде қалай пайдаланамыз және түсінікті болу үшін екеуміз бірлесе жұмыс атқарып жүрміз.

Тәлім алушымен бірлесіп жоспар құрып, сабақтар жүргізе бастадық.

7 модульды ықпалдастыру аясында құрылған сабақтар өткіздік . Меніңше, бұл оқушы жетістіктерінің, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін бірден- бір дәлел. Тәлім алушымның сабағында топпен жұмыстың дұрыс жүргізілгені, жұппен жұмыс, диалогтік оқыту, бағалау, кері байланысты дұрыс қызықтыра өткізгені байқалды. Осындай сабақтар топтамасынан кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгімелер жүргізіп отырдық. Зерттелінетін 3 оқушы жайлы бақылапқайта жоспар құрып отырдық. Сабақ барысында тәлім алушым мына модульдерді «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау; Сын тұрғысынан ойлау, АКТ» пайдалана отырып, «Миға шабуыл», «Серпілген сауал» әдіс-тәсілдерін қолдана білді. Сұхбаттасу арқылы мұғалімнің қажеттілігін анықтап жоспарға кірістірдім. Ең бастысы, тәлімгердің өзіне деген сенімі берік болуы керек екенін айта кету керек. Тәлім алушымен шыншылдық, сыпайылық, ынтымақтастық қарым-қатынаста және ашықтық қажет. Әрқашан тәлім алушыға қолдау көрсетіп, пікірімен санасып, әрбір жетістігін айтып, ісін марапаттап, алға ұмтылдыра түсу тәлімгердің басты міндеттерінің бірі деп есептеймін. Осындай тығыз қарым- қатынас жұмыстарын жүргізу арқылы сабағымыз жанданып өте бастады, білім сапасының да айтарлықтай өзгергені байқалды. Тәлім алушымның да жаңашылдыққа деген сенімі артып өзі де екінші деңгейлі курсқа жазылып, өз тәжірибесін шыңдауда. Гимназиямызда жоспар бойынша жүргізген коучинг сессияларында (жалпы) мұғалімдердің жаңашылдыққа жақын екенін байқадым. 7 модуль төңірегінде өткізілген коучинг сессияларында әріптестерімнің өз сабақтарында осы 7 модульдің элементтерін сабақтарында қызыға пайдаланып жүргені қуантатын жәйт. Қолдарынан келгенше үш деңгейлі оқушыға назар аударатыны, топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыра алуы, кері байланыс ұйымдастыруы, бағалау критерийлерін қолдануы дағдыға айналған сияқты. Әрбір өткізілген коучинг сессиясынан өздерінің сабағында нені, қалай пайдалану керектігін ұғынып қолданып үйреніп жатыр.

Коучинг сессиясына қатысу арқылы мұғалімдердің еркін сөйлеуі, шапшаңдығы, қызығушылығы, белсенділігі онан сайын артып, көздері жанып, көп үйренгісі келетіндері байқалады. Сонымен қатар сабақта АКТ-ні тиімді пайдалану, сабақтың қай жерінде қалай пайдалану, оқушыларға қалай қызықты ету қарастырылып отыр. Мектеп әкімшілігі тарапынан да бақыланып, қызығушылық танытып отыр.

.

C:\Users\Гульжихан\Documents\фото мектеп\DCIM\коучинг 1 мен биолг\DSC00242.JPG

Гимназиямызда басқа да деңгейлік курстардан өткен әріптестеріммен өте тығыз қарым- қатынас жасау арқылы жұмысымыз ілгерілеу үстінде.

Осындай жұмыстар гимназиямыздағы мұғалімдердің кәсіби дамуына, соның негізінде оқушылардың белсенділіктерінің артуына үлкен ықпал етуде.

Мектебіміздегі осы жаңашылдық қадамдар жасалуынан байқағаным: Мұғалімдердің жаңалыққа ұмтылыстары, өз іс тәжірибелерінде пайдаланып жатқандары, бір- бірімен қарым- қатынастың онан сайын нығайғаны туралы айтуға болады. Өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлайтыны байқалады. Осы оқытуға негізделе отырып, болашақта мен тәлім алушымен жүргізетін жұмыстарымды, жоспармен өткізетін коучинг сабақтарды мұғалімдердің ұсыныс, сұрақтары арқылы жалғастырдым. Тоқсан сайын коучинг сессиясын ұйымдастыру өз білімімді шыңдауға көмектеседі.

  • Мұғалімдермен үнемі байланыста болу және әріптестік көмек көрсету.
  • 7 модуль мәнмәтінін тереңірек үйрену
  • Тәлімгерлік үдерісті жалғастыру
  • 7 модуль бойынша қосымша ақпараттар жинақтап, жүйелеу;
  • Мұғалімдермен үнемі байланыста болу және әріптестік көмек көрсету;
  • Тиісті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру.

Ұқсас жұмыстар
Тәлім алушы әріптестерім
Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мұғалім біліктілігін арттыру
Көшбасшы жоспары
Коучинг жүргізуге арналған жұмыс жоспары
Тәлімгерлік жоспар
Көшбасшы мұғалім-ел болашағының негізін қалайды
Бірінші деңгей бағдарламасы идеясы
Тәлімгерлік бағдарламасының мақсаты
Сабақ жоспарлары
Мектептегі тәжірибе кезіндегі желілік қауымдастықты құру жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz