Ұстазым менің

ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ.

(мұғалімдер күніне арналған сценарий)

Қатысушылар: Бірінші жүргізуші (бастаушы), екінші жүргізуші (озат оқушы),

басқа да класстағы оқушылар.

Сахнаға бірінші және екінші жүргізушілер шығып сауықты бастайды.

Бірінші жүргізуші:

  • Бүгін мұғалімдер күні. Бәрімізге тәлім - тәрбие беріп, сауатымызды

ашқан ардақты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын !

Екінші жүргізуші (тебіреніп) :

  • Үйретіп бізге алғаш «ӘЛІППЕНІ»,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой - арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Бірінші жүргізуші:

  • Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,

тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты Ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

(көңілді күй ойналып, оқушылар сахнаға шығады. )

Екінші жүргізуші:

  • Оқымысты білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан.

Бірінші жүргізуші:

  • Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан,

Жазушыдан, ақыннан,

Ой шалқытқан күйшіден

Екінші жүргізуші:

  • Өнері көп актерден,

Өндіргіш ер шахтеден,

Бой балқытқан бишіден,

Ғарышкерден, батырдан.

Бірінші жүргізуші:

  • Отандық жас - кәріден,

Оқушының бәрінен,

Бәрі:

- Ұ С Т А З Д А Р Ғ А М Ы Ң А Л Ғ Ы С !

Оқушылардың орындауында «Қаражорға» биі.

О қ у ш ы л а р:

Бірінші оқушы:

  • Таудай биік талабым,

Таңдап білім аламын.

Ғарышкер боп ғарышқа,

Жол салуды қаладым.

Екінші оқушы:

  • Отанның, ел - ананың,

Мақтанышы боламын.

Туған елдің көгінде,

Жұлдыз болып жанамын.

Үшінші оқушы:

  • «Ел сенімін ақтайды»,

Деп ұстазым мақтайды.

Мұғалімнің әр сөзін,

Көкейімде сақтаймын.

Төртінші оқушы:

  • Басталғанда үзіліс,

Балалар шу көтерді.

Қым - қуыт бір қызық іс,

Бір мектепке жетерлік.

О қ у ш ы л а р д ы ң орындауында «Мектебім» әні. Хор

Бесінші оқушы:

  • Ой - ұшқыным жанады.,

Ұлағатты саналы.

Ұстазыма ұқсаймын,

Болам істің маманы.

Алтыншы оқушы:

  • Тәрбиеші лезде,

Келіп сөзін ұқтырды.

Бағынды да бір сөзге,

Барлық бала тік тұрды.

Жетінші оқушы:

  • Ақыл білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп, көктедім

Сенсің өмір көктемім.

Сегізінші оқушы:

  • Ыстық мектеп партасы

Оқулығы, картасы,

Мұнша қызық болғаны,

Мұғалімнің арқасы.

(бірнеше оқушы өнер көрсетеді. Ән, би, күй. )

Екінші жүргізуші:

  • Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ынта

қойып тыңдап, зер салып үйреніп жүрміз. Әрбір пән мұғаліміне жан - жақты білім бергені үшін алғысымыздың шегі жоқ. Оқушы шәкірттеріңіз пәндер туралы сыр шертеді.

Оныншы оқушы:

  • «А»- дан сыр шерткен,

Барлық пәнді үйреткен.

Ардақтап мен оқимын,

Ана тілін құрметпен.

Он бірінші оқушы:

  • Терең ғылым, сананың,

Тегі деп ой саламын.

Маңызды деп оқимын,

Математика сабағын.

Он екінші оқушы:

  • Шынықтыру денені,

Ол да бір пән елеулі.

Барлық шәкірт ұнатар,

Физкультура сабағын.

Он үшінші оқушы:

  • Табиғаттың сыры бар . . .

Тарихты да ұғып ал.

Кемдігі жоқ бәрінің,

Пәндер аты қыруар.

Он төртінші оқушы:

  • Сан алуан өнерді,

Сызу, сурет, өлеңді.

Мұғалімдер үйретіп,

Өркендеткен өнерді.

Он бесінші оқушы:

  • «Гео» деген - жеріміз

«Географиясын» көріңіз.

Өрнектелген картада,

Өзен, тау, ел, көліміз.

Бірінші жүргізуші:

  • Қадірлі Ұстаздар, Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мадақтап, жырға

қосамыз. Енді өздеріңіз туралы өзектен шыққан сөзімізді тыңдап көріңіздер.

Он алтыншы оқушы:

  • Сөз сөйлесе сартылдап,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық сабақ бастаса,

Қыза түсер қарқындап.

Бірінші оқушы:

  • Бізбен ойнап, күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашанда,

Қамқор болып жүреді.

Екінші оқушы:

  • Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар көзіңе.

Құрмет тұтар бізді де,

Қуат беріп сезімге.

Үшінші оқушы:

  • Көңіліңнің хошын - ай!

Көп шәкірттің досындай.

Ақ ниетті кең пейіл,

Біздің ағай осындай.

Төртінші оқушы:

  • Тәрбиелеп, сан алыпты,

Үйреттіңіз саналықты.

Түзеттіріп шалалықты

Есейттіңіз балалықты.

Бесінші оқушы:

  • Ойламас ез ертеңгіні,

Оспандарсыз еркелігі.

Күнде сотқар көңіліңізге,

Күй салып, өртендірді.

Алтыншы оқушы:

  • Сабырыңыз құрыштай нық,

Салып жөнге ұрыспай- ақ.

Санасызды, тентекті де,

Кешіріңіз. Жүрміз аяп.

Жетінші оқушы:

  • Бірін- бірі жақтаған,

Ұқсас жұмыстар
Менің алғашқы ұстазым Светлана апай
Менің ұстазым
Бастауыш білімнің бұлағы
Аяулы ұстаздарды бүгінгі күні
Ұстазым менің, ұстазым
Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын, Мерекеңіз құтты болсын мұғалім
Үйреттің бізді сарқылмастай білімге
Оқыту үрдісіндегі кері байланыстың тиімді жолдары
Басталған балалық көктемім, Қош бол, бастауыш мектебім
Ұстазым - ұлағатым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz