Бастауыш сыныпта оқу-тәрбиелік үрдісте ойын әдістерінің ойлау мен тілдік дағдыларды дамытуға әсері

Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т. б салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістердан тыс қалған жоқ. Себебі, мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас - ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдындағы күрделі міндет тұр. Ол - оқушыны саналы ойлайтын, ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп щығару.

Негізі бастауыш сыныпта қаланатын білімнің сапасы білік пен іскерлік дағдыларының деңгейі оқушының бағаға емес, білімге қызығушылығына, оны игеруге, білімнің қажеттілігін түсінуіне байланысты болмақ. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңашылдықпен қарап, заман талабына сай төл технологияларды нәтижелі пайдалана білсек, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қол жеткіземіз.

Бала оқуды тілден бастайды. «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ»-деп елбасы айтқандай сан ғасырлық тарихы бар туған тіліміздің қыр-сырын үйретуді бастауыш сыныптан бастаған жөн. Адам өз ойын тіл арқылы жеткізеді. Тіл маңызы мемлекетімізде де ерекше көңіл аударылып, бүгінгі күнніің өзекті мәселесі болып тұр. Тіл ана сүтімен бала бойына дариды. Ал оны дамыту, жетілдіру мектеп еншісінде. Баланың тілі қалыптаспай ойын айта алмайды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіннің тілін, ойын дамытуда өз сабақтарымда түрлі ойындар пайдаланамын. Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. «Балалықтың қанына - ойын азық»-деп халық бекер айтпаған. Ойын ата-бабаларымыздың заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрлі жалғасып, үнемі жетіліп келеді. Сондықтан белгілі бір ережені меңгертетін жаттығулар орындағанда баланы ойландыратын түрлі ойын түрлерін пайдаланамын. Пайдаланылған ойындар баланың ойлау қабілетін дамытып, дұрыс байланыстыра сөйлей білуге және білім алуға деген құмарлығын арттыратындай болғанындығын негізге аламын. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, ұйқасын тап, дидактикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары, рөлдік ойындар, анаграмма ойындарының әсері мол. Мысалы, «Ұйқасын тап» ойынында балалардың білсем деген ынтасы артып, қызығып, белсенділігі танылады.

Бата алмас түлкі

Үсті тікен . . . (кірпі)

Тұмсығымен шымшып

Құрт тереді . . . (шымшық)

Өзінше ноян

Қорқақ кім?(қоян)

Сабақта қазақтың ұлттық ойындарында пайдаланамын. «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға барлық сынып толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына ақсүйек тығылып жатады. Кім дұрыс шығарса, ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Бұл ойында оқушының құлшынысы байқалады.

Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқытушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалай шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану - бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы.

Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. 2013 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан қазақ тілі оқулығында ребустар шешуге үлкен көңіл бөлініп, әр тақырыпқа ребустар берілген. Ребустар шешу арқылы оқушының ойы, сөдік қоры толысып, шағын әңгімелер құрастыруға дағдыланады.

Баланы тез ойлануға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдаланамын. Сабақта жұмбақты балаларға жатқа айтқызу олардың тілін жаттықтырады. Ал жұмбақ баланы шапшаң ойлай білуге, шапшаң сөйлеуге үйретеді.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәні арқылы көркем әдебиетті оқыту және оқушылардың тілдік-ойлау қабілеттерін жетілдіру
Тапқыр болсаң, тауып көр: ойлау қабілетін және логикалық дағдыларды дамытуға арналған интеллектуалды ойын сабағы
1-сынып орыс тілі сабағындағы интербелсенді ойын Бауырсақ ертегісі арқылы тілдік және тәрбиелік дағдыларды дамыту
Музыка, өнер және әдебиет: оқылым стратегиялары мен тілдік дағдыларды дамытуға арналған қазақ тілі сабағы
Төменгі сыныпта ағылшын тілін оқытуда ойын элементтері арқылы тілдік құзіреттілікті дамыту
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудағы ойын технологиясы
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағына ойын технологияларын енгізу: әдістемелік негіздері мен әсері
Семей қаласы: тарихи-мәдени ақпарат пен тілдік дағдыларды дамытуға арналған сабақ
Бастауыш сыныпта ойын әдісі арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру
Шыбын мен Көбелек: жәндіктерді зерттеу және тілдік-шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған аралас сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz