Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

«сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиынының бағдарламасы



Байқоңыр қаласы М.Әуезов атындағы
№6 жалпы білім беретін орта мектептің

тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп

директорының орынбасары

Нуралиева Райхан Әленқызы

Байқоңыр-2012
1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты
жиынының бағдарламасы.

Өткізілу күні: 1 қыркүйек 2012 жыл
Уақыты: 9.00.
Сап түзеу уақыты: 8.45.
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, шақырылған
қонақтар
Өткізілу орны: мектеп ауласы

I. Кіріспе бөлім.
1. Салтанатты жиынға сап түзеу.
2. Сәлемдесу.
3. 11 сынып оқушыларын, сынып жетекшілерінің шығуы, қарсы алу.
4.Салтанатты жиынның ашылуы,сап түзеу,назар аудару,ҚР туын алып шығу.
5.ҚР гимнін ойнату
6.Ресми қонақтармен таныстыру.

II. Негізгі бөлім
1.Алғашқы құттықтау сөз. Мектеп директорының құттықтау сөзі.
2.Ресми қонақтардың құттықтау сөзі.
3.1 сынып жетекшілерін қарсы алу, құттықтау сөзі.
4.1 сынып оқушыларын қарсы алу, арнайы дайындалған тақпақтар оқу, би билеу.
5.11 сынып оқушыларының құттықтау сөзі.
6.1 сынып оқушылары ата-аналарының құттықтау сөзі.
7. Алғашқы қоңыраудың соғылу кезеңі.
III. Қорытынды бөлім.
1. Салтанатты жиынның жабылуы,сап түзеу,назар аудару, ҚР туын алып шығу.
2.Жүргізушінің қорытынды сөзі.
11 сынып оқушыларының 1 сынып оқушыларын алғашқы сабаққа алып бару кезеңі.

Өтілу барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар!
2-жүргізуші: және күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
1-жүргізуші:
Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.
Биылғы оқу жылы 1-сынып оқушыларымен қатар 11 сынып оқушылары ушін де
ерекше болмақ. Сәлден кейін 11 сынып оқушылары үшін соңғы алғашқы қоңырау
соғылады. Алда оларды ҰБТ, ұйқысыз түндер мен ізденіске толы күндер күтіп
тұр. Сонымен тек қана табыстар тілей отырып, болашақ мектеп тулектерін,
олрдың сынып жетекшілерін қарсы алайық!
11 А сыныбы: сынып жетекшісі Тілеубергенова Урзада
11 Ә сыныбы: сынып жетекшісі Сулейменова Уланай
11 Б сыныбы : сынып жетекшісі Бердібаева Баян
11 В сыныбы : Жумабаева Шарбану
2-жүргізуші: Дәстүрлі 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс
қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: Жаңа оқу жылы біз үшін ерекше болмақ. 2012 жылы
мектебімізге есімі берілген қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері,
филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ
КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл
толатыны баршамызға белгілі. Осы орайда мектепте ұстаздар, ата-аналар,
оқушылар бастауымен қолға алынған М.Әуезов музейі өз жұмысын бастамақшы.
Оқушылардың бойында өз Отанына, туған халқының көрнекті қайраткерлерінің
өмірін, шығармашылық жолын үйреніп, білуге деген ұлтжандылық сезімдерін
қалыптастыруда бұл тарихи мұражайдың ролі зор болады деп сенеміз.
Казахстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңның
қабылданғанына биыл 20 жыл толғанын аса мақтаныш сезіммен атап өтеміз.

2-жүргізуші : Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңыны 2-тарауының 4-бабында атап
көрсетілген 
«4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі 
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті
түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):  11) жалпы орта, кәсіптік
бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында -
жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде» 
Сонымен, Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының туы енгізілсін!

1-жүргізуші: Осы айтулы мерекемен қатар келіп жеткен жаңа 2012-2013 оқу
жылы баршамызға құтты болсын, ағайын!

2-жүргізуші: Дәстүрлі 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс
қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Өмір бойы мектебімді жыр етем

Бір өзіңде бақыт, білім берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін.

Құтты болсын, Білім күнің – мерекең
1-жүргізуші:
Дархандай көңілі кең біз халықпыз
Төрінен арылмаған құт қонағы.
Шарықтасын шат көңілдің алабы,
Шат жүрекке ақ тілектер қонады.
2-жүргізуші: Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстырып
өтейік.
/Қонақтар таныстырылады/
1---------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші:
Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,
Күн сайын өркендерміз, біз өсерміз.
Бүгінгі салтанатты жиналыста
Құрметпен өзіңізге сөз береміз.
Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі мектеп- директоры
Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлына беріледі.
2-жүргізуші: Сонымен сөз кезегі сіздерде, құрметті қонақтар! /Құттықтау
сөз беріледі./
( Мерекелік ән орындайтын Исабеков Б., 11 класс оқушысы)
1-жүргізуші: Еліміздің келешегі бүгінгі ұрпақ екені баршамызға мәлім.
Алтын ордамыздың табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып
оқушыларының сынып жетекшілері, яғни алғашқы ұстаздары арамызда. Қошеметпен
қарсы алайық:
Құрметті ұстаздар! Келесі ақ тілек өздерінізде.
1-жүргізуші:
Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы!
2-жүргізуші: Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 1-
сынып оқушыларына беріледі.
1-оқушы:
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая төл мерекең қарсы алды.
Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.
(Бәрі айтып болғасын, би билейді де орындарына барып тұрады)
1-жүргізуші: Құтты болсын қарағым,
Білімге қадам басқаның.
Сөмке артып арқаңа
Мектеп есігін ашқаның.
2-жүргізуші: Бүлдіршіндер, білім майданына алғаш аттаған қадамдарың құтты
болсын! Еліміздің көк байрағын аспандататын, келешекке нық қадам баса
алатын білімді де саналы азаматтары бола біліңдер!
1-жүргізуші: Құттыұтау сөз кезегі 11 сынып оқушыларына беріледі.
Болғасын 1 сыныптарға сыйлықтарын тапырады.
2-жүргізуші: Келесі сөз кезегі алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы
отырған 1 сынып оқушылардың ата-аналары атынан -----------------------------
----------------------------------------------------------------------------
-----------------беріледі. Қошеметпен қарсы алайық!
1-жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асыға,
Үн қосқан қиядан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен биік шың басына!
Биылғы жақа оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушысы --
--------------------------------------------------------беріледі.
/Қоңырау соғылады./
2-жүргізуші:
Қағылды алғашқы қоңырау, күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп жез қоңырау үніменен
Қазақтың даласына жаңа леп –
1,2-жүргізушілер: Білімді ұрпақтар тобы келді!
1-жүргізуші: Жаңа 2012-2013 оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
2-жүргізуші: Жаңа оқу жылы толағай табыс, жетістіктер әкелсін!
1-жүргізуші: Құрметті халайық! 1 қыркүйек – Білім күніне арналған
«Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты мерекемізді жабық деп жариялаймыз!
Назарларыңыз ортаға! Қазақстан Республикасының туы шығарылсын!
Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді алғашқы сабаққа
алып бару құрметі 11 сынып оқушыларына беріледі. Қол соғып қошемет
көрсетейік! Алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын!
1 сынып оқушыларымен қол ұстасып, 11 сынып оқушылары мектепке қадам басады.


Ұқсас жұмыстар
Сыңғырла, күміс қоңырау!
1 қыркүйек 2014-15 оқу жылына сценарий
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау туралы
Құтты болсын қадамың, Құтты болсын талабың
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Жас түлектерге ұстаздықтілегі
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер
Кел, балалар, оқылық!
"мемлекттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз!
Соңғы қонырау сценарийі
Пәндер