Байқоңыр қаласы М.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебінің 2014-2015 оқу жылын ашу салтанатының бағдарламасы

Байқоңыр қаласы М. Әуезов атындағы
№6 жалпы білім беретін орта мектептің
тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп
директорының орынбасары
Нуралиева Райхан Әленқызы
2014-2015 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиыны
«Армысың, алтын ұя мектебім!»
Өтетін күні, уақыты 01. 09. 2014 ж. сағ. 09. 00
Барысы:
Мустафа: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, оқушылар!
Назым:
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күні »- мерекең!
Мустафа:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын!
Салтанатты жиынға соңғы рет алғашқы қоңырау мерекесіне қатысқалы отырған 11 класс
оқушыларын сүйікті класс жетекшілерімен ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!
Назым: 11 А классының оқушыларын, класс жетекшісі физика пәнінің мұғалімі тәжірибелі ұстаз Азаматова Баян Алтынбекқызымен бірге қарсы алайық!
Мустафа : 11 Ә класын класс жетекшісі 1 санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі білікті ұстаз Ерішева Жанат Сейтбайқызымен бірге қошеметпен ортаға шақырамыз!
Назым : 11 Б классының оқушыларын, олардың класс жетекшісі 1 санатты тарих пәнінің мұғалімі ұлағатты ұстаз Ильясова Роза Жұмадинқызымен бірге қарсы алып, қошемет көрсетейік!
Мустафа: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстыруға рұхсат етіңіздер
Назым: Утебасов Бауржан Махметович - Байқоңыр қалалық Білім басқармасының бас маманы
Мустафа : Суйнбетов Шакибек - начальник отдела занятости и социальных программ города Байконур
Мустафа: Мектеп түзел! Тік тұр!
Назым : 2014-2015 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын ашық деп жарияланады.
ҚР, РФ Мемлекеттік әнұрандары ойналады
Назым : Қазақстан Президентінің ел халқына арнаған биылғы Жолдауында:«ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп қадап айтты. Бұл сөздің маңызын біздер әрине жақсы түсінеміз. Біздің М. Әуезов атындағы орта мектеп - бәсекеге қабілетті болашақ Қазақстанның азаматтарын даярлауда өз даңғыл жолы бар, қалыптасқан іргелі білім беру мекемелерінің бірі. Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлына беріледі
Мустафа : Келесі құттықтау сөз кезегі құрметті қонақтарға беріледі. Утебасов Бауржан, Суйнбетов Шакибек ағаларымызды ортаға шақырамыз.
(7 класс оқушыларының «Томирис» би тобы «Кең жайлау» биін билейді)
Назым: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел». Еліміз «Мәңгілік Ел» болу үшін - Тіл бірлігі, Дін бірлігі, Ұлт бірлігі, Азаматтық бір мақсат, бір мүдде деген басты төрт факторды қаматамасыз етуіміз керек» деген еді. Ендеше біздің алдымызда бір мақсат, бір мүдде тұрғаны айқын, біздің болашағымыз бір - ол тәуелсіз Қазақстан болашағы. Бүгінгі ұрпақ - сол болашақ Казак елінің перзенттері. Сонымен алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 класс оқушыларын - еліміздің болашақ азаматтарын жүрек жарды лебіздерімен қарсы алайық!
1 класстар шығады, тақпақ айтып, би билейді. Болғасын сол