Ғ. Мүсіреповтың Қазақ солдаты романы

Сабақ тақырыбы: Ана құшағында
Мақсаты:
Білімділік:
. Оқушыларға Ғ. Мүсіреповтың « Қазақ солдаты » романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету. Өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.
Дамытушылық:
Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу.
Көрнекілігі : слайд, тірек сызба, автордың суреті
Оқытудың нәтижелері:
- Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады
- Берілген тақырыптың маңынасы мен мазмұнын түсінеді
- Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады
- Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1 - модуль - Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2 - модуль - Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ассоциация, кубизм)
3 - модуль - Бағалау
4 - модуль - АКТ пайдалану (интерактивті тақтамен жұмыс және видео)
2. Қадамдар:
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны ашу
3. Ой - толғаныс
4. Рефлексия
5. Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Үй тапсырмасын сұрау
2. Топқа бөлу
3. Оқушының зейінін сабаққа аудару
4. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Тапсырмалар беру
Оқушының іс-әрекеті:
1 . үй тапсырмасын орындайды
2. Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлінеді
3 . Зейіндерін сабаққа аударады
4 . Жаңа сабақты меңгереді
5 . Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды
6. Кері байланыс. Алма ағашына алма ілу арқылы
7. Бағалау бетшелері арқылы бір - бірін бағалайды және «Екі жұлдыз бір тілек» айдары бойынша топ бір-бірінбағалайды.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту.
І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 -10 мин)
«Шаттық шеңбері»
Қуан шаттан, қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын!
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру. Модуль 1, әдісі «Диалогтық оқыту»
- Үйге төрт түліктің қайсысы жайлы біліп келу тапсырылды? (Түйе)
-«Үлек» әңгімесінің мазмұнын 2 - 3 оқушыға жалғастыра айтқызу.
Үй тапсырмасын пысықтау: Модуль 2, әдісі «Ортадағы қаламсап»
Оқушылар қаламсаптарын ортаға жинайды. Мұғалім қай қаламсапты таңдаса, сол қаламсаптың иесі сұраққа жауап береді.
Мұғалімнің сұрақтары:
1. -Үлек дегеніміз не екен қане, үлекке сипаттама беріп көрейік.
- Үлек - жалғыз өркешті, нардың бурасы. Айбары сұмдық, кісіге шабады, айбатты, батыл, қорқу дегенді білмейді
Еңбегі өте зор, ауыл түйелерін бағады.
2. - Түйе жейтін қандай шөптердің аты айтылған?
( изен, жусан, алабота, ащы қурай, теріскен, шеңгел, жантақ ) Тағы да қосуға бола ма?.
3. -Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?
- Мүлкібай ата портретін кім айтады ?Қоржиған, бойы кішкентай, ап - арық. Көңілді, балаларды жақсы көреді. Себебі ол малға барғанда бүкіл баланы жинап апарады. Малды да жақсы көреді. Үлектің оны тыңдайтыны кішкентай кезінен жақсы баққан, қараған.
Оқушыларды геометриялық фигураларға байланысты 4 топқа бөлемін (үшбұрыштар, көпбұрыштар, шаршы, шеңбер)
II. Мағынаны ашу кезеңі (20-25 мин)
ІҮ Жаңа сабаққа әзірлік. Модуль 2, әдісі Ассосация,
«Миға шабуыл»
-Балалар, сендердің араларыңда оқығысы келмеген балалар бар ма екен?
-Ал, оқығысы келетіндер ше?
- Сендердің мектепке келгендеріңе де 4 жыл болды. Жыл өткен сайын білімдерің ұштала түсті. Ондай болса қазір біз «Ойна да, ойла! » деген ойын ойнайық. Ол үшін берілген сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар, жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
- «Ана құшағында» дегенде ойларыңа не келеді
?
Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. Мейірім, сүйіспеншілік, еркелік т. б.
«Ана»
тақырыбында постер қорғайды.
Бүгінгі сабақта біз осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романының үзіндісімен танысамыз.
Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз?
Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов 1902 - 1985 - жылдар аралығында өмір сүрді. Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты», « Ұлпан » т. б. атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. 3 - сыныпта « Таңның атуы » атты шығармасымен танысқанбыз.
- Кемеңгер жазушының Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz