Бастауыш сынып сабағы: Оразақын Асқардың Туған жер өлеңі бойынша оқу-тәрбие және бағалау жоспары

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

«№39жалпы орта білім беретін мектеп»ККМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кожабекова Арайлы Маратовна

Сабақтың атауы
Туған жер. О. Асқар
Сабақтың атауы: Жалпы мақсаты
Туған жер. О. Асқар: Оразақын Асқардың «Туған жер» өлеңімен таныстыру. Автор туралы мағлұмат беру. Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі туған жерге деген сүйіспеншілікті суреттей білуге, туған жерінің тарихын, байлығын қадірлей білуге үйрету. Сауатты, мәнерлі оқуға дағдыландыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміздің Отаншыл, ұлтжанды патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың атауы: Оқыту нәтижесі
Туған жер. О. Асқар: Өлеңдегі негізгі ой анықталады. Өлеңді түсініп, мәнерлі оқиды. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойып, ол сұрақтарға ойланып жауап береді. Туған жерінің тарихын, байлықтарын қорғап, қадірлеу керектігін түсінеді.
Сабақтың атауы: Негізгі идеялары
Туған жер. О. Асқар: Тақырыпты жан-жақты қарастыру. Жұппен, топпен жұмыс жүргізу арқылы оқушылар арасындағы диалогті арттыру. Өз ойын нақты, ерікті түрде жеткізе білу, өз жұмыстарын бағалай алу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың атауы: Тапсырмалар
Туған жер. О. Асқар: Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар
Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже
Сабақтың атауы: Ұйымдастыру кезеңі
Туған жер. О. Асқар:

Оқушыларды ұйымдастыру. Топтарға бөлу(3 топ) .

Әр топ өз ұранымен таныстырады(1 шумақ) .

І топ. Тәуелсіздік төрінде,

Егемендік елімде.

Білімді, білгір болар деп

Әр ұстаз бізге сенуде.

ІІ топ. Ұйымшылдық ұстаным,

Ұялатар ұстазым.

Топ болып жұмыс істеу

Жеткізер шыңға ұққаным.

ІІІ топ. Әр топтың биік тұғыры,

Еңбекшіл болған ұжымы

Бірлік бар да, тірлік бар деген

Ұлылардың ұлығы!

Сабақтың атауы: Үй тапсырмасы
Туған жер. О. Асқар: Тарауды қайталау. Тес жұмысы
5 сұрақтан тұратын тест жұмысын орындайды.
Сабақтың атауы: Бағалау критерийі
Туған жер. О. Асқар:

1. Мәнерлі оқу, сөйлеу.

2. Сауатты оқу, сөйлеу, жазу.

3. Топпен жұмыс(оқушылардың қамтылуы)

4. Тақырыпты қорғауы.

5. Тақырыпты аша алуы.

6. Тақырыптың маңыздылығы.

7. Деректі пайдалануы.

8. Өлең не мақалдар қолдануы.

9. Эстетикалық талапқа сай болуы.

10. Сұрақтарға толық жауап беруі.

Оқушылар өз жұмыстарының қалай бағаланатынын түсінеді. Әр топтың жұмысын кесте арқылы бағалау керек екенін біледі.
Сабақтың атауы: І. Қызығушылы- ғын ояту.
Туған жер. О. Асқар: Тараумен таныстыру. Видео-ролик көрсету. (Туған жер өлеңі оқылады)
Тараудың не туралы екеніне ой қозғау жасайды.
Сабақтың атауы: ІІ. Мағынаны тану.
Туған жер. О. Асқар:

1. Автор Оразақын Асқар туралы мағлұмат беру.

2. Өлеңмен танысады (Топпен оқу)

3. Сұрақтар қойылады.

4. Топпен жұмыс. Топтарға тақырыптар тартылады. Соған сәйкес тақырыптарды бағалау критериі бойынша ашу тапсырылады.

Әр топ тапсырмасын қорғап болған соң «Үшбұрыш» әдісі бойынша топтарға сұрақтар қояды.

Автор туралы мағлұматпен танысады.

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Сұрақтарға жауап береді.

Топпен жұмыс жүргізеді.

1-топ: Туған жердің тарихы.

2-топ: Туған жердің қазынасы.

3-топ: Туған жерге деген сүйіспеншілік.

Әр топ берілген уақыттан кейін өз тапсырмаларын қорғайды.

Келесі топтар басқа топтарды критерий бойынша бағалайды.

Сабақтың атауы: Сергіту сәтін өткізу
Сабақтың атауы: ІІІ. Ой-толғаныс.
Туған жер. О. Асқар:

РАФТ әдісі бойынша 1 шумақ өлең шығарады.

Р-рөл- жас ақын

А-аудитория-сынып

Ф-форма-өлең

Т-тақырып-«Туған жер»

Әр оқушы не жұппен бірігіп 1 шумақ өлең шығарады.

Өлең шумақтары топ арасында талқыланып, әр топтың үздік деген өлең жолдары оқылады.

Сабақтың атауы: Кері байланыс жасау
Туған жер. О. Асқар: Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады.
Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.
Сабақтың атауы: Оқушыларды бағалау
Туған жер. О. Асқар:

Оқушыларды бағалау, мадақтау

Сабақтан алған көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсету сұралады.

«Үшбұрыш» әдісі бойынша әр топ бірін бірі критерий бойынша бағалайды.
Сабақтың атауы: Үйге тапсырма беру
Туған жер. О. Асқар: 72-бет. Өлеңді жаттау.

Ұқсас жұмыстар
Ашық сабақ: Оразықын Асқардың Туған жер өлеңі арқылы туған жерге патриоттық тәрбие мен тарихи-мәдени білім беру
Тәрбие сабағы: Туған жер - Атамекен; ұлтжандылық пен отансүйгіштікті тәрбиелеу
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Туған еліме өлеңі бойынша бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Әбділда Тәжібаевтың Сырдария өлеңі: туған жер лирикасын талдау
1-сыныпқа арналған Ұстазыма және Туған жер тақырыптары бойынша оқу-әдістемелік жоспар
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Наурыз - жыл басы өлеңі бойынша сабақ жоспары
3-сынып Өзін-өзі тану пәні бойынша Туған жер ғажаптары тақырыбындағы сабақ жоспары
Бастауыш сынып әдебиеті: С. Сейфуллиннің Туған ел өлеңін оқу және талдау
8-сынып: Жамбыл Жабаевтың Артықша туған азамат өлеңі бойынша сабақ жоспары
Туған жер - алтын бесігім: Құрманғазы ауданының тарихи-мәдени мұрасы және патриоттық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz