Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

"Қазақстан - 2050: ұлт идеясы - мәңгілік ел" шебер класс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шебер –класс

«Қазақстан – 2050: Мәңгілік ел – ұлт идеясы »

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ибраева Б.О.

Шахтинск қ. – 2014

Орындаған:
« Шахтинск қаласы әкімдігінің
№3 ЖББМ» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Б.О. Ибраева
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – 2050: «Мәңгілік ел – ұлт идеясы»
Сабақтың мақсаты: 1. ҚР Президентінің халыққа Жолдауындағы тіл мәселесін талдау
2. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын пайдалана отырып, ұстаздармен іс-тәжірибе бөлісу.
3. берілген әдіс-тәсілді бірлесе отырып, талқыға салу
І. Кіріспе
1.Сын тұрғысынан ойлау туралы мәлімет беру.
2. Сын тұрғысынан ойлау бойынша қазақ тілінен сабақ үлгілері
ІІ. Негізгі бөлім
Ұстаздарға дайындалған әдістеме туралы мектеп оқушыларымен түсірілген бейне сабақ үлгілерін көрсету;
Ұстаздармен жұмыс. Топқа бөлу арқылы жоба қорғау
ІІІ. Қорытынды
Рефлексия. «Мәңгілік ел» бейне ролигін көрсетіп, шебер сыныпты аяқтау.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
-шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. 1-сызба. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді
Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. Оқушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының сабақ барысында мына стратегиялары өте тиімді:
«Пирамидалық түрдегі оқиға» немесе жазуға деген қызығушылығын қалай оятуға болады?
(Пирамидная история)
Әдетте жазба жұмыстары балаларда онша қызығушылық тудыра қоймайтыны белгілі. Сол себепті сабақты оқушы қызығатындай етіп құрастыру әр мұғалімнің өзіне байланысты. Дегенмен де, осы стратегия жазуға деген белсенділігін арттыруда көп көмегін тигізері даусыз. Стратегия 3 кезеңнен тұрады.
1 кезең пирамиданы ұжымдық түрде толтыру
2-кезең әр оқушының өз ойын жеке түрде айтуы
3-кезең жазылғанды ұжымдық түрде талдау.
Пән : қазақ тілі
Сынып : жетінші
Тақырып : етістіктің өткен шағын қайталау
Сабақтың мақсаты. Оқушылардың етістік шағы бойынша өткен білімдерін бекіту; логикалық ойлау қабілетін дамыту; мәселені анықтай алуға және шешімін таба білуге үйрету.
Сабақтың барысы:
Сабақ алдында тақтада немесе үлкен ақ парақта келесі сызбаны дайындап қою керек:
1.

2.

3.

4.

5.
Мұнан соң мұғалім оқушыларға олардың бүгін нағыз жазушы болатындықтарын, өз оқиғаларының авторы болатындықтары жайында түсіндіреді. Мұндай тарихты жазу үшін, алдымен, барлығы бірлесе отырып мына сызбаны толтыру керектігі айтылады.
Дегенмен, у-шу болмас үшін келесі ережелерді құрастыру керек:
1.Қол көтеру құқығы (тек қол көтерген адам сөйлейді)
2. Сабақта өте мұқиятты және белсенді болу керек
3. Бір-бірінің ойына, көзқарасына төзімділікпен қарау қажет
4. Сөйлеп тұрған адамның сөзін бөліп жібермей, соңына дейін тыңдай білу керек.
Ереже құрастырылып болған соң, пирамиданы келесі түрде толтыру қажеттілігі түсіндіріледі.
Сіздің оқиғаңыздағы кейіпкердің есімі ( кейіпкер ретінде тек адам ғана емес, жануар, жеміс-жидек, жансыз дүниелер де бола алады)
Кейіпкерді сипаттайтын екі сөз (түрі, жасы, мінезі, қасиеті)
Іс-әрекеттің болған орнын сипаттайтын үш сөз (ел, мекен, қоғамдық орындар және т.б.)
Оқиға мәселесін сипаттайтын төрт сөз (ақша, адасып қалу, кедейлік, кездесу, махаббат)
Бірінші болған оқиғаны сипаттайтын бес сөз (оқиғадағы мәселенің шығу себебі неде?)
Екінші болған оқиғаны сипаттайтын алты сөз ( сюжет барысы бойынша кейіпкерге және оны қоршаған ортаға не болды?)
Үшінші оқиғаны сипаттайтын жеті сөз (мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданылады?)
Мәселенің табылған шешімдерін сипаттайтын сегіз сөз
Оқушылардың берген жауаптарының ішінде ең кең таралғандарын пирамидаға жаза бастаймыз. Менің сыныбымның оқушылары пирамиданы былай толтырды:
1.Рекс (ит).2. ақылды, мейірімді. 3. Ауыл, өзен, талдың түбі. 4. Қыңылау, жарақат, өкініш, көзқарасы. 5. Аштық, тоңу, суық, тастап кету, жоғалту. 6. Аяғы, қан, косервінің банкасы, тұмсық, тамақ. 7. Үй, жүгіру, үру, мәшине, жол, көз жасы, өтіну. 8. Тамақтандыру, пальто, ит тұмылдырығы, серуен, құрастыру, күзету, қойшы, сүйектер.
Кесте толығымен толтырылып біткен соң, мен оқушыларға берілген кілт сөздер бойынша өз оқиғаларын құүрастыруын ұсынамын. Мәтін құрастыру барысында оқушылар сөз құрамдарын өзгертулері мүмкін ( жақ, шақ, септік және т.б.), кей сөздердің орнын ауыстыруға, тіпті зат есімді етістікке, сын есімге айналдыра алады. Мысалы, пирамидада өкініш деген сөз бар, осы сөзді өкінішті немесе өкініп тұр деп ауыстыруға болады. Ең бастысы, сөздің негізгі мағыналарын жоғалтып алмау. Бұл оқушылардың өз оқиғаларын еркін құрастыруына мүмкіндік береді. Тағы бір шарт - етістіктерді көп жағдайда өткен шақ тұлғасында пайдалану.
Оқушылар 10-15 минут аралығында мәтінді құрастырады, сосын әрқайсысы өз мәтіні бойынша презентация дайындайды. Сол мәтіндердің ішіндегі мына бір жұмысты көрсеткі келіп отыр.
Менің итім бар. Оның аты – Рекс. Ол өте ақылды, мейірімді. Өткен жызда біз әжеміздің үйіне, ауылға бардық. Бір күні біз өзенге шомылуға бардық, біраздан соң біз жағалауда тал түбінде қыңсылаған бір дауысты естідік. Тал түбінен біз аштық пен суықтан қыңсылаған кішкентай күшік тауып алдық. Біз оны не адасып қалған немесе оны лақтырып жіберген деп ойладық. Біз қолымызға күшікті көтеріп алдық, сол кезде оның аяғындағы қанды көрдік. Жарақат аса үлкен емес еді. Жақын жерден консервінің банкасын тауып алдық. Күшіктің тұмсығында тамақ қалдықтарының орны болды. Әкем бізге өкінішпен қарап тұрған үлкен итті көрді. Біз күшікті алып, үйге қайттық. Үлкен ит біздің артымыздан жүгірді. Ол жолды кесіп өтпекші болғанда, оны мәшине қағып кете жаздады.ит қақпа жанына келіп, үре бастады. Оның көздері жасқа толып тұрды, күшігін қайтаруды өтініп тұрғандай болды. Біз екеуін де алатын болып шештік. Күшікті Боря, итті Рекс деп атадық. Әжем оларды тамақтандырса, анам жарақатты емдеді. Әкем үйшік жасап, мен ескі пальтоны әкелдім. Біз өзіміздің жаңа достарымызбен қыдырғанды ұнатамыз. Рекс үйді күзетеді, ал Боря қаздарды бағады. Олардың ең сүйікті тағамы – үлкен сүйек.
Оқиғаны тыңдап болған оқушылар әр жағдайды талдай бастайды. Жануарларды тастауға бола ма, ол неге әкеліп соғады? Егер сен үй жануарын ұстай алмасаң, не істеу қажет? Егер сіз үйсіз қалған күшік немесе мысық тауып алғанда не істер едіңіз?
Осы әдісті пайдалана отырып, бір уақытта грамматикалық материалды қайталай отыра, сын тұрғысынан ойлауды дамыттық. Негізгі ақпаратты алған оқушылар өздігінен мәтінді байланыстыра білді. Орындауға міндетті шарттардың негізінде, оқушылар қиялдай білуді үйренді.
Бұл стратегия оқушылардың ойын анықтауға көп көмегін тигізеді. Тақырып түрінде «Алдар көсе» аңызын да алуға болады.

«Бес жолды өлең » әдісі бойынша төмендегі карточкаларды оқушыларға толтыра отырып, сабақты қорытындылаймын.
Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауда қолданылған 5 жолды өлең:
Зат есім (1 сөз)
Сын есім (2сөз)
Етістік (3сөз)
1 сөйлем (4 сөз)
Синоним.
Қорыта келгенде, жазушы өмірі мен шығармалары, тақырыбы жөнінде жауап ала отырып, оқушылардың ғылыми тілмен сөйлеуге, әдеби талдауға, шығарма негізінде жатқан проблема жазушының басты ойы, тілі туралы оқушының өзіндік ой – түйініне қол жеткізуге болады. Бұл әдіс – тәсілдер арқылы оқушылар біріншіден, әрі ойлап, әрі жазып, өз ойларын сараласа, екіншіден, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімдерін кеңейте түсті .
2. Кубизм стратегиясы
суреттеңіз
салыстырыңыз
зерттеңіз
қолданыңыз
бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?
қолдаңыз не қарсы шығыңыз.
Суреттеңіз: (5 минут)
Кубиктің осы беті түскен сәтте « Қазақстан балалар жазушылары»
Тірек – сызба бойынша қаз.бал.жазушылары туралы ой таратып, түсіндіреді.
Жазушы дегенді алы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді? (қиял дүниесімен болжайды), суреттегі бейнесін жасап көрсетуге болады.
Зерттеңіз: (4-5 минут)Тақырып бойынша оқушылар өз білгенін ортаға салады. Зертетушілер тобынан төмендегіше сұрақтар қойылады:
Қазақ әдебиетінде – балалар әдебиетінің атасы кім?
Ол жазушы туралы не білесіңдер?
Балалар әдебиетіне арналған шығармалардың қай түріне фильм түсірілді?
Қолданыңыз. Балаларға арналып жазылған шығармлардың беретін қандай тәрбиелік мәні бар? Өмірде осы қасиеттерді қолданар ма едіңдер?
Қолдаңыз не қарсы шығыңыз.
Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.
«Менің атым Қожа» шығармасында Қожа өз атына риза болмады, неге?
Қожаның қазақ тілі мұғалімі Майқанова апайға істегені дұрыс па?
Сендер оның орнында не істер едіңдер?
Салыстырыңыз: шығармадағы кейіпкер мен қазіргі мектеп оқушыларының іс-әрекетін салыстырып көріңіздер. Мінездеме беріп көріңіздер
«Сұрақтарға жауап беру арқылы ертегі құрастыру» стратегисы
Шарты: сыныпты топқа бөліп, әр топтан бір-бір ертегі шығару. Басты кейіпкердің іс-әрекеті адаммен байланысты болады.
Керекті сұрақтар:
Кім, не? (жанды зат есім)
Қай жерде? (оқиғаның орнын көрсету)
Не істеді? ( зат есім + етістік, өткен шақта)
Адамдар не деді? (адамдардың кейіпкерге айтқан сөздері )
Ол не деді? (басты кейіпкер не деп жауап қайтарғанын сөйлеммен беруге болады)
Олар не істеді? (олардың осы оқиғадан соң атқарған іс-әрекеттері).
Әр топта 6 оқушыдан отыруы керек. Әр оқушы берілген сұраққа жауап жазып, топ ішінде оны талқылайды. Ең дұрыс , қызықты деген мәтін таңдалынып алады. Екі жақтың да ертегісі дайын болған соң, оны көрерменге қалай жеткізу топтың өз еншісінде. Қойылым ретінде ме, әлде мимикалық жест арқылы ма – көрерменге айтар ойын жеткізу керек. Егер мимикалық түрде болса, екінші топ табу керек, басты кейіпкер кім екенін. Соңында әр топ спикері құрастырылған ертегіні оқып береді. Мысалы, 7 снып оқушыларының құрған ертегісі:
аю
орманда
адасып қалған адамға көмектесті.
адамдар оған "Бақытты бол!"- деді
аю да оларға «Енді адаспаңдар», - деді.
Олар енді тату өмір сүретін болды.
қатал, қорқынышты
Мінездеме : әдетте орман аюы жабайы аң
адаммен қатысы жоқ

мейірімді, жанашыр
Ертегідегі кейіпкер аю жабайы болса да, көмектесіп, адамға көмектесті.
Адамдармен қарым-қатынас жасай бастады.

Ұстаздармен жұмыс.
Енді сіздермен осы сын тұрғысынан оқыту әдісі бойынша жұмыстар атқарамыз.
Алдымен, топқа бөлініп алайық. Ол үшін сізер келіп, мына үстелдің үстінен түрлі-түсті қағаздарды таңдап аласыздар. Әдетте айтады ғой, түстік терапия адам көңіл-күйін нығайтады деп, мен сондықтан сіздердің көңіл – күйлеріңізді көтеру үшін осы түстер арқылы топқа бөлуді жөн көрдім.
Топқа бөлу(көк шаршы, сары дөңгелек, қызыл жүрек, жасыл жапырақ, қызғылт сары доп);
Берілген тақырыпты естігенде көз алдыларына не келді, мәңгілік ел дегенді қалай түсінеді? Ұлт идеясы туралы өз ойларын жеткізу. (плакатқа сурет салу, кластер түрінде)
Ортақ мәселені шешу жолдарын көрсету.
Елбасы Н.Назарбаевтың мәңгілік ел туралы Жолдауынан үзіндімен аяқтау.
Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың перзенті» деп нық басып айтты.
Құрметті әріптестер, мәңгілік ел – бірлігі берік ел дегенді білдіреді. Ал, осы бірлікке шақыру сонау ІХ ғасырда өмір сүрген ұлы ойшыл - Шығыстың Аристотелі атанған - Әл Фарабидің еңбектерінен бастау алады.
Ендеше, менің сіздерге қазір ой тастағым келіп отыр. Жоғарыда атап, өткендей, Елбасының биылғы халыққа Жолдауында жарияланған, жүрегімізге ерекше жылулық ұялатқан «Ұлт идеясы – мәңгілік ел» деген пайымдауды өзекті мәселе қылып алдарыңызға тартып отырмын.
Тапсырма: алдарыңызда жатқан қағаз – қаламдардың көмегімен осы тақырып төңірегінде ой қозғаңыздар.
«Ұлт идеясы – мәңгілік ел» дегенді естігенде, көз алдарыңызға не елестейді, бұл пайымдауды қалай түсінуге болады, келешектен қандай үміт күтуге болады? Құрметті әріптестер, ойларыңызды ортаға салыңыздар , топ спикерлері белгілі уақыттан соң жобаларыңызды қорғайсыздар. Жоба дайындауға барлығы – 7 минут беріледі.
Берілген уақыт өткен соң, әр топ өз жобасын қорғайды, ортаға салады.
Өте жақсы, міне, құрметті ұстаздар сіздермен қосыла отырып, Елбасының алға қойған мақсат-мүдделерін жан-жақты талдап шығып, «Мәңгілік ел» дегенге өзімізше түсінік бердік.
Қорытынды.
Енді, осы Мәңгілік ел дегенді Елбасы не дейді? Мен бүгінгі шебер сыныбымды мына бір бейне түсіріліммен аяқтағым келіп отыр. Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жайлы ақпарат
Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. 7-сынып
Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ел
Қазақстан жолы - 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Сынып оқушыларымен және ата - аналарымен танысу
Елбасының жалау еткен жолдауы
Мен өз Отанымның патриотымын
Ұлт тарихын баяндайтын слайдтар, фотогалереялар негізінде сол ұлттың Қазақстандағы өмірін баяндау
Құрметті депутаттар және Үкімет мүшелері
Елбасы жолдауы - жарқын болашақтың айқын кепілі
Пәндер