М м дыбысы мен әрпі

Сыныбы: 1
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
М м дыбысы мен әрпін таныту. М м дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасап, сөз сөйлем құратып шығармашылық іскерліктерін қалыптастыру
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту әдістері
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер, шығармашылық тапсырмалар т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Оқу құралдарын тексеру
3. Сабаққа назар аударту
ІІ. Қызығушылықты ояту.
- Психологиялық дайындық.
- Балалар, біз далаға шыққанда аяғымызбен нені басамыз?
- Аяғымызбен Жер - Ананы басамыз
- Жоғары қарап нені көреміз?
- Көк аспанды, күннің көзін көреміз
- Ендеше кәне, Жер - Анамен, көк аспанмен күнмен амандасайық
- Армысың, ару Жер - Ана!
- Армысың, ару көк аспан!
- Армысың, нұрын шашқан алтын күн!
- Геометриялық фигураларды беру арқылы сыныпты үш топқа бөлу
ІІІ. Қайталау - білім анасы
- Д д дыбысына сөз құрату, сөзден сөйлем ойлату
- Оқулықта берілген сөз, сөйлемдерді тізбектеп оқыту
IV. Жаңа сабақ.
- Өзі жап - жас, мұрты бар 2. Аспанда ақ сары құс шу салады
Ет пен сүткен ұмтылар Жабысып тақыр жерден су алады
Тастамайды жылы үйде Адамнан алғаны тым өзгеше
Түкті тоны шұп - шұбар Дуылдатып денеге у салады
- Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбыстарына мән беріп қарайық.
Мы - сық, ма - са сөз басында М м дыбысы естіліп тұр.
- Олай болса, біз бүгін Мм дыбысымен танысамыз
- Барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік
- М м дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап, қысылып айтылады.
- М м дауыссыз дыбыс
М м әрпінің баспа, жазба түрін таныстырып, ауада жазу.
V. «Сиқырлы кітап» Оқулықпен жұмыс
1. Сурет бойынша әңгімелеу
Қыздар моншақты әсемдік үшін тағады.
![]()
Комбайн мақта алқабында мақта орды.
![]()
Мақтадан киім тоқылады.
![]()
Оймақты іс тіккенде қолданады.
- Бағанда берілген сөздерді хормен оқыту
Тізбектей оқыту
Жеке - жеке оқыту
- Мәтінмен жұмыс
Тамақ
Тамақтың адам үшін маңызын ұғындыру
VІ. Күш - білімде, білім - кітапта
Буындардан сөздер құрастырып оқу, дыбыстық талдау жасау
Мақ ма до
мы та са ла
сық на мон шақ
VІІ. Ой толғаныс. Шығармашылық тапсырма. Бір сөзден көп сөз ойла
1 - топ: 2 - топ: 3 - топ:
Моншақ Оймақ Мақта
VІІІ. Сергіту сәті
«Қара жорға» биі
ІХ. Ой қозғау.
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан қандай Республика?
- Егеменді, тәуелсіз республика.
- Еліміздің астанасы қандай қала?
- Астана қаласы деп аталады.
- Республика қандай рәміздерін білесіңдер?
Эльшат: Ашық аспанды көгілдір туымыз бар.
Бекзат: Айбынды Елтаңбамыз бар.
Бейбарыс: Мағыналы ән ұранымыз бар.
Аружан: Елбасы, тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
- Балалар, Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?
- Отанымыз.
- Отан туралы кім мақал - мәтел айтады ?
Алтын: Отан - елдің анасы.
Атабек: Отан - алтын бесік.
Жандарбек: Отан - оттан да ыстық.
Сағадат: Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
- Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма?Сондықтанда әр қашан туып өскен жерімізді құрметтеп, аялап, қорғап өтейік.
Х. Дәптермен жұмыс
- М дыбысының бас әрпін, кіші әрпін тақтада жазып көрсету
- Ауада жазып көрсету
- Дәптерге жазу
ХІ. Сабақты қортындылау. «Топтастыру» стратегиясы
ХІІ. Оқушыларды мадақтау, формативті бағалау нормасы:
Тапсырманы толық, нақты орындаса (өте жақсы)
Тапсырманы жақсы орындаса (жақсы)
Тапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz