Информатикалық калейдоскоп: О.Исаев атындағы жалпы орта мектептің сыныптан тыс білімдік сайысы (2014-2015 оқу жылы)

О. Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:

Информатикалық калейдоскоп

(Сыныптан тыс)

Өткізген: Биханов Н. Е.

2014-2015 оқу жылы

Информатикалық калейдоскоп

Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндктерін байқау, мұғалім қауымын құрметтеуге тәрбиелеу

Барысы: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Мектепішілік «Информатикалық калейдоскоп» атты білімділік сайысына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі «Информатикалық калейдоскоп» білімділік сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайысымызға кеп тұрған

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

Ермеков Ермұрат 7-сынып оқушысы

Қуанов Бекзат 7-сынып оқушысы

Сапарова Ару 8-сынып оқушысы

Хамитова Аружан 8-сынып оқушысы

Дайырқұлова Ақжарқын 9-сынып оқушысы

Калкеева Айгерім 9-сынып оқушысы

Ал енді сайысымызға төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.

  1. Сариева Роза апай Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  2. Байбекешова Қалампыр апай Математика пәнінің мұғалімі
  3. Ибатова Айнагүл апай Информатика пәнінің мұғалімі

6 - сынып оқушысы Аманжолов Есенжанның орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!

Сайысымыздың бөлімдерімен таныстырсақ

  1. Таныстыру
  2. «Қас-қағым сәт»
  3. «Мақал - сөз мәйегі»
  4. Бәрін білгім келеді
  5. Қиял әлемі

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жарасама?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды, білімді жас талантқа, - дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз. Жоғарғы ұпай 5 ұпай.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын - дей келе ойынымыздың «Қас - қағым сәт» бөліміне де келіп жеттік. Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. 1 сұраққа 5 ұпайдан есептелінеді.

  1. Windows сөзінің аудармасы(терезе)
  2. Аты бар бір қатар байттар тізбегі(файл)
  3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал(компьютер)
  4. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек(60 - 70см)
  5. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 ж Лейбнец ойлап тапқан машина(арифмометр)
  6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы(сканер)
  7. Компьютердің ең басты бөлігі, ақыл - ойы(процессор)
  8. Бос орын қалдыру пернесі(пробел)
  9. Мәтінмен жұмыс істейтін редактор(Word)
  10. Дүниежүзілік компьютерлік желі(интернет)
  11. Компьютер ауруы(вирус)
  12. Ақпарат өлшем бірлігі(Бит, байт)
  13. Вирусты кері жоятын программа(антивирус)
  14. Есте сақтау құрылғысы (винчестер)
  15. Алғашқы есептеу құрылғысы(Саусақтар)
  16. Бит деп нені айтады? (Екілік санның әрбір разрядын бит деп атайды)

Ойын толқып жатқанда асып - тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отырып, ойынымыздың «Мақал - сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз. Компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал -мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан есептелінеді.

  1. Жігітті компьютеріңе қарап бағала. (Жігітті досыңа қарап, бағала)
  2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады. )
  3. Вирустан қорыққан интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)
  4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (Аттың сыры иесіне мәлім)
  5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
  6. Бір ядролы процессордан, ал екі ядролы процессор артық. (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
  7. Білмесең, «анықтамадан»-дан сұра (білмесең білгеннен сұра)
  8. Антивирусы күштіні- вирус ала алмайды (досы күштіні жау алмайды)
  9. Күлсең ескірген компьютерге күл. (Күлсең кәріге күл)
  10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
  11. Бір компьютерің болғанша, он Ноутбугін болсын (жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)
  12. Копьютердің қадірін сынып қалғанда білерсің (ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің)

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылықпен пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына, - деп келесі «Бәрін білгім келеді» бөліміне көшейік. Әрбір ойыншы монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет.

Ғалымдар

10. компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

20. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

30. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик (Джон Непер)

Тарих

10. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (СЕРОБЯН)

20. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (ХХ ғ. 1 жартысы)

30. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды (1846)

Ақпарат


Ұқсас жұмыстар
№50 орта мектептің сыныптан тыс әдеби-танымдық кеші Адам болам десеңіз 2014-2015 оқу жылы
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің Информатика әлемінде сыныптан тыс шарасының сценарийі (2014-2015 оқу жылы)
М. Әбдіхалықов атындағы орта мектептің 2014-2015 оқу жылы 6-9 сыныптар арасындағы Әлем тілдері сөйлейді сайысы
Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2014-2015 оқу жылы Халықтар достығы фестивалі: Татулығы жарасқан халықпыз
№6 орта мектептің 7-сыныптары арасындағы математикадан сыныптан тыс сабақ-сайысы (2009-2010 оқу жылы)
А.Иманов атындағы лицей-мектептің 5-сыныпқа арналған Астрофизика факультативті курс бағдарламасы (2014-2015 оқу жылы)
№19 орта мектептің 2014-2015 оқу жылы Толағай сайысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Информатикалық эрудит ойыны: сыныптан тыс сайыс сценарийі
№9 орта мектептің XXI ғасыр көшбасшысы: 2013-2014 оқу жылы математикалық сайысы
№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінің 2014-2015 оқу жылы соңғы қоңырау салтанаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz