3-сынып әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Әйтеке бидің шешендігі

3 «А» сынып
Мұғалім: Дусенбаева Р. А.
- Оқулық, дәптер
- "Мың бір мақал, мың бір жұмбақ" 1992ж
- Билердің портреттері, нақыл сөздері
Басқаларға үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз.
Л. Сенека
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
Оқушының іс-әрекеті:
Топпен жұмыс жасау, Топқа берілен тапсырманы бірлесе отырып орындау
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу. (3 мин)
Топқа бөлу
І- топ «Төле би »
ІІ- топ « Қазыбек би »
ІІІ - топ « Әйтеке би»
- Үй жұмысы қандай болды? - Не берілді?
- Жаңа сабақ бойынша Әйтеке бимен таныстыру. Өмірбаяны, шешендік сөзі.
2. Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып береді.
Оқушылар 100 беттегі мәліметтерді оқып, танысады.
Оқушылар іштей оқып, сұрақтарға жауап береді.
- Мұғалім әр топқа тапсырма береді: Үш бидің шешендік сөздерін оқып, негізгі ойларын жеткізе білу керек.
1 топ: Төле биге қатысты топтастыру жасау (кластер)
2 топ: Қазыбек би
3 топ: Әйтеке би
- Әр топ мақал-мәтелдер айтып, мағыналарын түсіндіру керек.
1 топ: Отан туралы
2 топ: Отбасы туралы
3 топ: Бірлік туралы
- Оқушылар оқулықтан 101 бетте 2 мақалды оқып, мағынасын ашу керек.
- Әр топқа тапсырма беріледі, қорытынды жасау үшін.
1 топ: Отан сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
2 топ: Венн диаграмма құрастыру: Төле би, Қазыбек би.
3 топ: Эссе жазу: «Отбасымдағы сыйластық. »
Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Өз білімдерін ортаға салып, ақылдасып, ақ қағазға түсіреді. ( флипчарт)
Оқушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып, түсіндіреді.
Оқушылар оқиды, түсіндіреді.
Оқушылар топтарында ақылдасып, ойларын жинақтап, ақ қағазға бес жолды өлең құрастырады, Венн диаграмма сызып, толтырады, эссе жазады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, жұмыстарын көрсетеді.
1 Рефлексия: Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Бағалау:
Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін жазады
Кері байланыс (сұрақ-жауап)
Өзін-өзі бағалау. Бағалау парақтарын толтырып, мұғалімге тапсырады.