Химиялық элементтер бойынша қайталау сабағы: теория, тәжірибе және есептер

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды химиялық элементермен және олардың таңбаларымен

таныстыру.

Дамытушылық : Оқушылардың ой-өрісін дамыты отырып, білім тереңдетуге ізденіс қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ғылым құштарлыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: периодтық кесте, интерактивті тақта, шар, плакаттар

Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика, шет тілі

Сабақтың әдісі : сұрақ -жауап, есептер шығару, бағдаршам

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Қайталау

А) топқа бөлу

Б) тапсырмалар

IV. Бекіту . Кестені толтыр

V. Бағалау

1. Оқушылармен амагдасып, түгелдеу

2. Өткен тақырыптардан сұрақтар қою

1. Құбылыстар дегеніміз не?

2. Заттар нешеге бөлінеді

3. Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

4. Атомдар мен молекулалар дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ

1. Оқушыларды шаңырақ әдісі арқылы топқа бөлу 12 оқушы (шаңыраққа үш түрлі түсті (қызыл, сары, жасыл, ) ленталарды байлаймыз, оқушылар өздері ұнаған түстерін таңдап алып сол бойынша 3 топқа бөлінеді. )

2. Осы топтарға тапсырмалар беру

1 тапсырма: Адасқан элементтер (1 қорапқа 20 элемент таңбаларын салып оны араластырып оқушыларға таңдату. Таңдалған элементтеріне периодтық жүйе бойынша жалпы сипаттама беріп, қазақша, латынша аттарын айту. )

Ca, Fe, F, Na, K, Mg, Mn, Cl, S, Si, Hg, Ba, O, H, Br, I, Ag, Au, C, Cu, Zn, P

2 тапсырма: 3 топқа үш тақырыпқа байланысты тапсырма беріледі (үрілген шарлардың ішіндегі тапсырмаларды орындау, шарларды жару арқылы. ) . Оқушыларға берілетін тақырыптар: 1. Қоспалар 2. Физикалық және химиялық құбылыстар 3. Химиялық реакция типтері. (қысқаша түсінгендерін айту)

3 тапсырма: Әр топқа есептер беру. (есептің шығару жолын түсіндіру, және формулаларды түсіндіру)

1 топқа :

№1

Алюминий гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

№2

Массасы 49 г күкірт қышқылының зат мөлшерін есептеңдер.

№3

1, 5 моль натрий сульфатының массасын табыңдар.

№4

Массасы 10г неон газында қанша атом саны болатының табыңдар.

№5

Зат мөлшері 10 моль көмірқышқыл газының молекула санын есептеңдер

№6

Зат мөлшері 1, 5 моль оттек газының көлемін (қ. ж) есептеңдер.

№7

Көмірқышқыл газының 66 грамында қанша молекула болатынын табыңдар.

№8

Көміртек оксидінің СО 2 салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар

№9

Аммиактың NH 3 салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар

№10

Құрамында 42, 8% көміртек және 57, 2% оттек бар қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар.

№11

Судың 5 молінде қанша молекула болатының есептеңдер

№12

Судың 2 молінде қанша молекула болатының есептеңдер

4. Бекіту

1. Кестені толтырыңыз:

Химиялық элемент
таңбасы
Оқылуы
№: 1.
Химиялық элемент: натрий
таңбасы:
Оқылуы:
№: 2.
Химиялық элемент:
таңбасы: К
Оқылуы:
№: 3.
Химиялық элемент:
таңбасы:
Оқылуы: аргентум
№: 4.
Химиялық элемент: фосфор
таңбасы:
Оқылуы:
№: 5.
Химиялық элемент:
таңбасы:
Оқылуы: хлор
№: 6.
Химиялық элемент: алтын
таңбасы:
Оқылуы:
№: 7.
Химиялық элемент:
таңбасы: Zn
Оқылуы:
№: 8.
Химиялық элемент:
таңбасы:
Оқылуы: цезий
№: 9.
Химиялық элемент: оттегі
таңбасы:
Оқылуы:
№: 10.
Химиялық элемент:
таңбасы: Mg
Оқылуы:
№: 11.
Химиялық элемент: темір
таңбасы:
Оқылуы:
№: 12.
Химиялық элемент:
таңбасы:
Оқылуы: күкірт

5. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Токтың жұмысы мен қуаты: теория, тәжірибе және есептер
7-сынып: Қысым тарауын қайталау сабағы - теория, эксперимент және есептер
7-сыныпқа арналған қысым тақырыбы: теория, тәжірибе және есептер
Азимут бойынша қозғалыс: теория және тәжірибе
7-сыныптың сабақ жоспары: Архимед заңы - теория, тәжірибе және есептер
Молекулалық физика тарауын қайталау: теория, формулалар және есептер
Химиялық элементтер, олардың таңбалары және металдар мен бейметалдар
Адам ағзасындағы химиялық элементтер: макро- және микроэлементтердің рөлі мен маңызы
8-сынып: Бастапқы химиялық ұғымдарды қайталау сайыс сабағы
Функция шектері: теория, тамаша шектер және есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz