Жігіт Сұлтаны 2014 байқауының сахналық сценарийі және өткізу бағдарламасы

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2014» байқауының

сахналық сценариі:

Өтетін орны:

Өтетін уақыты:

Безендірілуі: Банер, лозунгтар, шарлар

Жүргізушілер:

Талшын Парасатова

1. Шымылдық жабық. Күйден үзінді ойналып, шымылдық артынан өлең оқылады.

Қуаныш:

Жаса қазақ, күллі әлемге шықсын атың жаңғырып,

Бас иеміз қасиетіңмен құдіретіңе мәңгілік!!!

2. Шымылдық ашылады. Фанфар ойналады. Сахнаның сол жағынан жүргізушілер шығады.

Қуаныш:

Тұран дала, кең жазира тұрағы,

Ынтымақ пен бірлік болған ұраны.

Рухы асқақ аманбысың, ағайын,

Құдіретті қас сақтардың ұланы.

Талшын:

Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын,

Жас жүректің жігерін суытпайтын.

Қазағымның жігіттері жасай берсін,

Дәстүрімнің ақ туын құлатпайтын.

Қуаныш :

Ардақты ағайын!

«Жігіт сұлтаны-2014» байқауына қош келдіңіздер!!

Талшын:

Жігіттеріміздің дүл-дүлін, сал-серілігін, күш-жігерін, сегіз қырлы бір сырлылығын анықтау үшін біз оларды 6 түрлі сайыспен сынап көрмекшіміз. Куәгері қадірлі халайық өздеріңіз және әділ бағасын беріп төрелігін айтатын қазылар алқасы.

Қуаныш:

Ендеше, бүгінгі байқауда төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

3. Жүргізушілер кезекпен әділ - қазылар алқасымен таныстырады

1 . . .

2 . . .

3 . . .

4 . . .

Қуаныш:

Құрметті көрермендер әділ қазыларымызға қошемет білдірейік.

Жігіт сұлтаны байқауында жігіттеріміз мынандай шарттар бойынша сайысқа түседі.

1 сайысымыз «Мен Алаштың ұлымын» деп аталады. Жігіттердің өздерін таныстыруы .

Талшын :

2 сайысымыз «Құралайды көзге атқан». Бұл сайыста кішігірім бейне сюжет арқылы жігіттеріміздің мергендік қасиетін тамашалайтын боласыздар.

Қуаныш:

3 сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Яғни жігіттер өз өнерін көрсететін болады.

Талшын :

4 сайысымыз «Күш атасын танымас» 1 кезеңі - қазақша күрес, Жігіттердің арасында қазақша күрестен болған сайысты бейне сюжет арқылы көретін боласыздар.

5 сайысымыз «Күш атасын танымас» 2 кезеңі - қол күресі. Жігіттердің арасында қол күресінен болған сайысты бейне сюжеттен тамашалайсыздар.

Музыкалық номер.

Қуаныш:

6 сайысымыз «Ер қанаты- ат» деп аталады. Жігіттердің атбегілілік ерлігін бейне сюжет арқылы тамашалайсыздар

Қуаныш :

7 сайысымыз «Ер жігіттің ептілігі», қызға сөз салуы . Ақыл-парасат, жігіттің махаббат сезімін білдіру сайысы болмақ.

Қуаныш:

Талшын, қадірменді көрермен осы сайыстарда бағын сынайтын ер жүрек жігіттерімізді де тосып отырған болар. Жігіттерді ортаға шығарып таныстырайық.

5. Осы кезде сахнаның арғы жағынан жігіттер халық алдына келеді. Әрбір жігіт, жүргізушілер таныстырған уақытта алдыға келіп халыққа иіледі.

Қуаныш:

Олай болса 1 нөмірдегі жігітіміз .

Талшын :

2 нөмірдегі жігітіміз

Қуаныш:

3 нөмірдегі жігіт - -

Талшын :

4 нөмірдегі жігітіміз

Қуаныш:

5 нөмірдегі жігіт

Талшын :

6 нөмірдегі жігіт

Қуаныш:

7 нөмірдегі жігіт

Талшын:

Құттықтау сөз «Жігіт Сұлтаны - 2014» байқауын ұйымдастырушысы, беріледі.

( сөз сөйлейді)

Қуаныш:

Байқап отырғандарыңыздай жігіттеріміздің рет саны анықталған. Қалай болды? Деген сұрақ туындамас үшін, бұл жайды сіздерге түсіндіре кетейік. Жігіттеріміздің рет санын анықтау үшін біз Жeребий өткіздік. Сөзіміз дәлелді болуы үшін бейне сюжетке көңіл аударайық.

Бейнесюжет - 1. Жeребий

Қуаныш:

Сүйдірген күнге тұлымын,

Құдайдың ғана құлымын.

Елім деген ержүрек,

Алыптардың жырымын.

Асқақтаған айбары,

Мен Алаштың ұлымын.

Талшын:

Сонымен алғашқы сайысымыз « МЕН АЛАШТЫҢ ҰЛЫМЫН ». Жігіттердің өздерін таныстыруы. Бұл сайыстың бір ерекшелігі жігіттер өздерін, белгілі бір сюжет желісімен немесе композиция арқылы таныстыру қажет. Сахнада 1 нөмірдегі жігітіміз

Қуаныш:

Келесі 2 нөмірдегі жігітіміз

Талшын:

Келесі 3 нөмірдегі жігіт -

Қуаныш:

Келесі 4 нөмірдегі жігітіміз

Талшын:

Келесі 5 нөмірдегі жігіт -

Қуаныш :

Келесі 6 нөмірдегі жігіт -

Талшын :

Келесі 7 нөмірдегі жігіт -

Қуаныш:

«Ат үстінде күн кешкен,

Асылдардың ұрпағы.

Құралайды көзге атқан,

Жігіттердің сұлтаны» - дегендей.

Талшын :

Ендігі кезекті «ҚҰРАЛАЙДЫ КӨЗГЕ АТҚАН» атты бейне сюжетке берейік.

Бейнесюжет. - 2. «ҚҰРАЛАЙДЫ КӨЗГЕ АТҚАН»

Қуаныш :

Аталмыш сайыстың қорытынды ұпайларын көру үшін - экранға назар аударайық

Экранда Жігіттердің бағалары көрінеді (Бағаларды Қуаныш таныстырады)

Талшын :

Қос қанатты пырақ бар өнер - білім,

Бағаласаң ол - дағы төгер нұрын.

Құдай берген дарыны болғаннан соң,

Өрге жүзер өрісі өнерлінің.

Қуаныш:

Жігіттердің өз өнерін көрсетуі үшін ендігі кезекті «ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» атты сайысқа берейік. Сонымен өз өнерін көрсету үшін 1-ші нөмірдегі ,

Талшын :

Келесі 2 нөмірдегі жігітіміз

Қуаныш:

Келесі 3 нөмірдегі жігіт -

Талшын :

Келесі 4 нөмірдегі жігітіміз

Қуаныш:

Келесі 5 нөмірдегі жігіт -

Талшын :

Келесі 6 нөмірдегі жігіт -

Қуаныш:

Келесі 7 нөмірдегі жігіт -

Талшын: 7 жігіт рет саны бойынша шығады.

Жігіттер өз өнерлерін көрсетіп болғаннан кейін жүргізушілер әділ қазылардан балл сұрайды.

Қуаныш: Халқымыз ерлік пен батырлықты, әділдік пен адалдықты, өнер мен парасатты ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп келеді. Осынау асыл қасиеттерді әр халық өз азаматтарының бойынан көріп, көңіл қуанышы еткен. Бүгінгі ХХІ ғасырда тәуелсіздікке қол жеткізгенімізде, халқымыз сол елдікті, егемендікті қолынан шығармаудың қамында. Ендеше «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы жігіттердің бойынан халқымыз осы қасиеттерді көргісі келеді.

Талшын :

Ендеше, жігіттеріміздің қаншалықты мықты екендігін анықтау үшін «КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС » сайысындағы қазақша күрес пен қол күресінің бейне сюжеттеріне назар аударайық.

Бейнесюжет. - 3 «КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС»

(Қазақша күрес. Қол күресі)

Қуаныш :

«Күш атасын танымас» сайыстарының қорытындыларымен таныс болу үшін экранға назар аударыңыздар!

Экранда Жігіттердің бағалары көрінеді (бағаларды Қуаныш таныстырады)

Музыкалық номер.

Талшын:

Қазақ жылқы мінезді халық дейді. Қуаныш , сен осымен келісесің бе?

Қуаныш:

Әрине, қазақтың жаны мен қаны - жылқы емес пе. Ат танымас қазақ жоқ.

Талшын:

Иә, «ЕР ҚАНАТЫ - АТ » демекші, сол сәйгүлік тұлпарларды біздің жігіттеріміз қалай шырқ үйіретінін көрейік.

Қуаныш:

Ат десе қазағымның делебесі қозатын,


Ұқсас жұмыстар
Жігіт сұлтаны сайысының әдістемелік және ұйымдастырулық сценарийі
Жігіт сұлтаны: мектепішілік ұлттық тәрбиеге арналған сайыс сценарийі
1-сынып оқушыларына арналған Жігіт сұлтаны сайысының сценарийі
Бастауыш сынып тәрбие сағаты: Жігіт сұлтаны сайысының мақсаты, шарттары және сценарийі
№5 жалпы орта білім беретін мектебінің Жігіт сұлтаны байқауын өткізу жоспары (Балдырған тобы, тәрбиешісі Сабыргалиева К.А., Орал, 2017)
2-сынып оқушыларының Жігіт сұлтаны: ұлттық дәстүрлер мен өнер сайысы
Наурызға арналған Алтыбақан ойын-сауық кешінің сценарийі және сахналық бағдарламасы
Жігіт сұлтаны сайыс сабағы: мектепалды даярлық ұлдарына арналған тәрбиелік және шығармашылық бағдарлама
Мектептік Алтын күз мерекесінің сценарийі және Күз ханзадасы 2013 байқауының бағдарламасы
ІІ Медеу аудандық Жігіт сұлтаны - Көктем аруы байқауы: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына және Ғашықтар күнін мерекелеуге арналған
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz