Сөйлем мүшелерінің байланысы . 3 сынып

Қазақ тілі. 3 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлем мүшелерінің байланысын іс-жүзінде меңгереді; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік қорлары молаяды; мәнерлеп сөйлеуге, көркем жазуға үйренеді. Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Сабақтың әдісі : түсіндіру, талдау, әңгімелесу, жинақтау, сұрақ-жауап, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі : кестелер, мақалдар, нақыл сөздер, қима қағаздар, оқулық.

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық:

- Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәтілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!

- Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік:

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

3. Үй жұмысын тексеру: Жаттығу 187. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

4. Жаңа сабақ. Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу.

- Көркем жазу минуты: Пп Пенал . . .

- Сөздік жұмыс : Сөздерді қатесіз көшіріп, сөз құрамына талдау:

Ұшақ, үшінші, жүрді, дәмді, жылдар, оқыды, көгілдір, жаңалықтар, кітапхана, Досжан, әсемпаз.

5. «Бой сергіту» - ойыны. Өткенді қайталау:

- Сөйлем нені білдіреді?

- Сөйлем нелерден тұрады?

- Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

- Бастауыш деген не? - сұрақтары - ?

- Баяндауыш деген не? - сұрақтары -?

- Тұрлаулы мүшелер деген не?

- Тұрлаусыз мүшелер деген не?

6. Бүгін сөйлем мүшелерінің байланысын анықтауға үйренеміз.

Тақтада сөйлем: - Мен туған елімді сүйемін.

Тапсырма: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетіңдер. ( өз бетінше жұмыс)

  • Біз қай елде тұрамыз?
  • 16 желтоқсан қандай күн?
  • Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
  • Әңұранның авторлары кім?
  • Елтаңбаның авторлары кім?
  • Туымыздың авторы кім?

7. Оқулықпен жұмыс. 70 бет. Жаттығу 189.

1 қатар - 1-ші жұмбақты көшіріп жазады;

2 қатар - 2-ші жұмбақты;

3 қатар - 3-ші жұмбақты.

  • Сергіту сәті: Қоян шықты далаға

Жан-жағына қарады

Отырды, тұрды, секірді,

Орнына келіп отырды.

8. Ауызша жаттығу 190. Ребусты шешу. ( Шаңғы) . Осы сөзбен сөйлем құрастыру.

9. Жазбаша жаттығу 191. Сөйлемдерді көшіріп, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

- Балалар мұз айдынына келді.

- Қайрат пен Гүлсім коньки теуіп жүр.

- Айнұр мұнда бірінші рет келген еді.

- Ол әлі өздігінен коньки тебе алмайды.

- Оған достары көмектесті.

10. Жатқа жазу . Мақал: Ақыл жастан шығады,

Асыл тастан шығады.

Мақалдың мағынасын ашу.

11. Өз бетінше жаттығу 195. Жазбаша.

12. Шығармашылық жұмыс : Мәтінді аяқтап жаз:

Қыс келді. Малшылар малдарын қораға кіргізді . . .

Қорытынды: - Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтауға болады? - Венн диаграмма құрастыру :

Бастауыш баяндауыш

Үйге: жаттығу 194, 72 бет. (Көшіру, сөйлем мүшелерінің байланысын көрсету) . Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Сөйлем мүшелерінің байланысы
Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой
Сөйлем мүшелерінің байланысы. Сабақтың тақырыбы
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар 3 - сынып
Синтаксис... бөлімдерін қайталау
Жақты сөйлем
Сөйлемдегі сөздердің байланысы жайлы ақпарат
Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы
Жайылма сөйлем
Қосарлама қос сөздер. 6-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz