Паскаль бағдарламмалау тілінде сызықты бағдарлама құру

№2 Аршалы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

Паскаль бағдарламмалау тілінде сызықты бағдарлама құру

9 сынып

Өткізген : Калиева С. С

Аршалы кенті

Сабақтың тақырыбы : «Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау »

Сабақтың мақсаты: оқытушылық: оқушыларды сызықтық бағдарламаның құрылымымен таныстыру, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру машығын қалыптастыру;

дамытушылық: Есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету;

тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін дамуына жол ашу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын

әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақта қолданылатын

құрылғылар: компьютерлік сынып, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

II. Жан-жақты білім тексеру.

1) Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысын не деп атадық. (алгоритм)

2) Осы алгоритімді орындайтын кімдер? (адам, компьютер, робот т. б)

3) Алгоритімді кескіндеу тәсілдері. ( табиғи тілде, блок-схема, алгоитмдік тілде, программалау тілде)

4) Алгоритімді компьютер түсінетіндей тілде жазуды не деп атаймыз:? (прграммалау тілі)

5) Алгоритмді құрудың түрлері, қаңдай? (сызықты, тармақталу, циклдік)

6) Сызықты алгоритм дегеніміз не? (Егер командалар бірінен соң бірі ретімен орындалса, алгоритм сызықты деп аталады. )

7) Шамалар түрлері. (Айнымалы, тұрақты)

8) Var, writeln, readln операторларының қызметі. (айнымалаларды сипаттау, шығару, енгізу операторы)

9) Шамалар типтері. (Бүтін- integer, нақты- real)

III. Жаңа сабақтарды түсіндіру:

Паскаль бағдарламаның тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктемеге тоқталайық:

-Паскаль бағдарламалау тілінде операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді:

-Операторлар Begin және end операторлардың ішіне алынып жазылады:

-Тек меншіктеу операторларынан ғана тұрса, оны қарапайым оператор деп атайды.

Сызықты бағдарлама қарапайым операторлардан тұрады.

Сызықты бағдарлама жазу үшін келесі операторлар қолданылады:

:= меншіктеу операторы;

Read немесе readln - енгізу операторы

Write немесе writeln - шығару операторы.

Презентация

Есеп. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.

program qq;

var a, b, c: integer; сипаттау бөлімі

begin

read ( a, b ) ; енгізу операторы

c := a + b; меншіктеу операт негізгі бөлім

writeln ( c ) ; шығару операторы

end.

Осы прграмманың орындалуын оқушыларға түсіндіру,

Программаны орындау үшін

  1. F9( программаны орында) пернесін басамыз.
  2. ажәневайнымалыларына мән енгізу керек. Мысалы, 9 5 сандарын енгізіп, enter пернесін басамыз.
  3. Экранғас-ның мәні 14 шығады.

Тапсырма 1 Қате жолды көрсет

program qq;

var a, b: integer;

x, y: real;

begin

a := 5;

10 := x;

y := 7, 8;

b := 2. 5;

x := 2*(a + y) ;

a := b + x;

end.

Тапсырма 2. Программаны орындағанда не шығады?

program qq;

var a, b: integer;

begin

a := 5;

b := a + 2;

a := (a + 2) *(b - 3) ;

end.

Презентация 12 -14 бетті түсіндіру

I V. Жаңа тақырыпты түсінуін тексеру

Ал енді сызықтық бағдарлама жазып көрейік. Мысал: Ұзындығы а -ға тең, ені в -болатын тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын бағдарлама жазу:

Алдымен бізге тіктөртбұрыштың анықтайтын формуланы білуіміз керек. Ол S := a * b

Алдымен Блок-схемасы мен алгоритімін қарастырып көрейік

Блок-схема
Алгоритм
Блок-схема:
Алгоритм:

алг тіктөртбұрыш ауданын анықтау

нақты а , в

нәтиже S

басы

а, в енгізу

S = a+b

S шығару

соңы

Енді осы алгоритм бойынша бағдарлама құрамыз:

Program pr1;

Var a , b, s: real;

Begin

Write(‘ a , b мәндерін енгіз’) ;

Read( a , b) ;

S:= a *b;

Write(‘S:=’, S) ;

End.

Программаны компьютерде орындап, нәтижесін талдау.

Есеп .

Шенбердің радиусы R берілген. Шеңбердің ұзындығын, ауданың есептейтін программа, алгоритмін, блок-схемасын құру

формуласы: С=2πR

S=πR 2

PROGRAM ESEP2;

VAR R, C, S: REAL;

BEGIN

READ(R) ;

C:=2*PI*R;

S:=PI*SQR(R) ;

WRITELN('АУДАН=', S, 'ҰЗЫНДЫҒЫ=', C)

END.

Алг есеп2( арг нақ R, нәт нақ S, C)

Басы

Енгізу R

C:=2*PI*R;

S:=PI*SQR(R) ;

Шығару S, C

соңы

V Үй жұмысы

Қайталау. №16, 17

VI. Сабақтың қорытындысы

  • Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
  • Нәтижені экранға шығарудың қандай жолдарын білесіңдер?
  • Экранға түсініктеме ретінде қолданылатын сөз тіркестері қалай шығарылады?
  • Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?

Ұқсас жұмыстар
Паскаль тіліне аудару
Сызықтық құрылымды алгоритмдермен программаларды құру
Сызықтық алгоритмді програмалау
Паскаль – бағдарламалау тілі
Сызықты алгоритмдерді программалау
Санның цифрларын бөліп алу алгоритмін меңгерту
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері. 9-сынып
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері
Мәліметтер типі. Өрнек. Айнымалылар
Паскаль - программалау тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz