Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Математика. квн. 2 сынып

КВН (математикалық жарыс) 2 сынып.
Мақсаты: Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, табандыққа, ойлаған мақсатқа жету қағидаларына тәрбиелеу. Баланың ойлау қабілетін дамыту.
Жарыстың барысы: Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе-бірің, еріңдер. Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер!
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлікСөз кезегін математикаға берейік.Арамызда тапқыр достар көп екенСолардың енді жауаптарын көрелік!

2 топ қатысады: 1. <<Алғырлар>>. 2.<<Тапқырлар>>.

* Ұраны: <<Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.

2. Ұраны: <<Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.>>

1 сайыс: Математикалық диктант.

* Құрамында 4 ондық, 5 бірлік бар санды жаз;
* Ең кіші бір таңбалы сан
* Ең үлкен екі таңбалы сан
* 8-ді 6-ға арттыр
* 14-ті 7-ге кеміт
* Бірінші қосылғыш -9, қосындының мәні - 17, екінші қосылғышты тап
* Азайғыш - 15, азайтқыш - 9. Айырманың мәнін тап.
* 1 ғасырда неше жыл?
* 1 жылда неше ай?
* 1 метрде неше см?

2 сайыс: <<Кім шапшаң?>>
1 топқа: 2 топқа:
8+7 16-8 ( 15-7)+50 5+8 12-6 (14-8)+60
9+3 15-7 (5+8)+40 6+5 13-7 (26-3)+70
7+5 14-6 (36-4)+60 7+9 14-8 (30-1)+50
6+7 13-5 ( 67-40)-10 8+6 16-9 ( 100-70)+7
8+3 14-9 (40-1)+30 9+4 15-7 (20+2)+30
5+8 17-8 (100-40)+2 4+8 17-9 (74-40)-20

3 сайыс: <<Қарап ал да, білп ал.>>

1 сағ - .........мин 1сағ10мин - .........мин
60 с- ........мин 1 ай - .........күн
1 жыл-.......ай 1 м - ..........дм
10 см - .........дм 1 ғас - .......жыл
1 апта - .........күн 12 ай -........жыл
1 тәул - .......сағ 10 мм - ........см

4 сайыс: <<Өзімізді өзіміз тексерейік>>. Теңдеулер шешу.

Х - 30 = 62 Х + 15 = 25
52 + Х = 60 46 + Х = 50

5 сайыс: <<Дұрыс санды қой>>

8 + 7= 9 + .... 6 + 7 = 8 + ....
.... - 8 = 10 - 2 .... - 6 = 12 - 3
9 + 3 = 20 - .... 7 + 4 = .... - 9
4 + .... = 12 + 0 5 + .... = 13 -1

* сайыс: Есеп шығару:

* топқа: Автобустың ішінде 14 қыз бала, 8 ұл бала келе жатыр еді. Аялдамада 2 қыз түсіп қалды. Автобуста неше бала қалды?

* топқа: Шолпанның 25 шары бар еді, анасы оған тағы 5 шар сатып әперді.
2 шары жарылып қалды. Шолпанда неше шар қалды?

* сайыс. <<Ойлан!>> Дұрыс жақша қой.

15 + 7 - 6 = 16 17 + 3 - 9 = 11
20 - 10 + 8 = 18 35 - 5 + 0 = 30
16 + 7 - 3 = 20 4 + 12 - 6 = 10
13 - 3 + 2 = 12 18 - 8 - 3 = 13

8 сайыс. <<Тез есепте>>.

* Мұз айдында жеті бала
Асыр сап жүр сырғанып
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң - жарадың! ( 9)

* Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып. (5)

* Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі
Кәне, кім тез шешеді? ( 5)

* Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғанынеше үйрек? ( 6)

* Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада
Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей. ( 2)

* Тал басында, тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да, үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? ( 4)

* Алматта бір асық,Санатта бір асық,Қанатта бір асық,Ал менде екі асық,Барлығы неше асық? (5)
8) Қазда бар екі аяқ Құста бар екі аяқ Екеуін қосып санаса Болады сонда қанша аяқ? (4)

Қорытынды.
Қазы алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздарды марапаттау.


Ұқсас жұмыстар
Қадірлі ұстаздар
Сырлы сауал сұрақтар
Математика, физика және информатика апталығы
Шақырылған қонақтар
Табиғатта қонақта. 1 сынып
Шарт - салат жасау
Сабақ сапасы - ұстаз білігінде
Кешті ашу
Көңілді тапқыртар клубы (квн)
Он үш мүшел жас. 7 сынып
Пәндер