Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Санның бөлігін табу жайлы ақпарат
Күні: 15.01.2010 жыл сыныбы: 5а
Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін табу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: санның бөлігін табу ережесін түсіндіру және оны есеп
шығаруда дұрыс қолдануға дағдыландыру;
2. Тәрбиелігі: сабақ барысында қатарлар жарысын, математикалық ойындар
ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен
жауапкершілігін арттыру және зейінді болуға тәрбиелеу;
3. Дамытушылығы: оқушылардың тез ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген
танымдық қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың өткізу әдістері: 1. іздену
2. ынталандыру, мотивация әдісі.
3. бақылау және өзін-өзі бақылау.
Сабақтың барысы:
І. Оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үйге берген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Даярлық. Асанның 25 асығы бар. Олардың 3/5 – і боялған. Асанның боялған
неше асығы бар?
1) 25 асықтың 1/5 – і неше асық?
Ол үшін 25:5=5 асық
2) 25 асықтың 3/5 – і неше асық?
Ол үшін (25:5)*3=15 асық.
Сонда, 25 *3=25*3 көбейту амалын орындау керек екен.
5. 5
Сонымен, 25 асықтың 15-і боялған.
Жауабы: 15 асық .
Есеп: АВ кесіндісінің ұзындығы 10 см (АВ=10см) . АС кесіндісінің ұзындығы
оның 3/5 – індей. АС
кесіндісінің ұзындығын тап.
АВ=10см
АС=3/5 –індей
АС=?
Шешуі: АВ=10см кесіндісін сызамыз.
10*1/5=2 см, 10*3/5=(10:5)*3=6 см, АС=6см
Бөлшекті көбейту ережесі бойынша:
10*3/5= 10*3 = 2*3 = 6
5
Жауабы: АС=6 см.
Егер бөлшек 1-ден кіші болса, онда санның бөлігі осы саннан кіші
болады.
1-мысал: 1 1 санының 3 бөлігін тап.
2 5
Шешуі: 1 1 . 3 =3/2 * 3/5 = 9/10.
2 5
3/5 ‹ 1 болғандықтан, 9/10 ‹ 1 1 болады.
2
Егер бөлшек 1-ден үлкен болса, онда санның бөлігі осы саннан үлкен
болады.
2-мысал. 5 1 санының 1 1 бөлігін тап.
3 8
Шешуі: 5 1 .1 1 = 16/3 * 9/8= 2*3=67
3 8
1 1 › 1 болғандықтан, 6 › 5 1 болады.
8 3
Ауызша есептеу.
№812.
1) 32-нің 1 –ін 4) 60-тың 7 –ін
4 10
2) 100-дің 1 –ін 5) 35-тің 4 –ін
2 5
3) 25-тің 3 –ін 6) 15-тің 1 -ін
5 3
табыңдар.
Оқулықпен жұмыс.
№814
Шаманың жартысын (1/2) және ширегін (1/4) тауып, кестені толтырыңдар:
|Шама |16 м |132 см |216 кг |600 г |24 сағ |
|½ - жарты | | | | | |
|¼ - ширек | | | | | |
№816 (І деңгей)
Киіз үйде 125 уық бар. Оның 1/25 – і киіз үйдің есігінің үстіне
шаншылады. Киіз үйдің есегінің үстіне неше уық шаншылады?
Барлығы – 125 уық
Есік үстіне - 1/25 – і шаншылады.
Есік үстіне неше уық шаншылады?
Шешуі: 125* 1/25 = 5
Жауабы: 5уық.
№820 (ІІ деңгей)
Өркен қарындасымен екеуі ақшаларын қосып, 275 теңгеге кітап сатып
алды. Оның 3/5 – ін Өркен төледі. Қарындасы неше теңге төледі?
Барлығы – 275 теңге
Өркен төледі – 3/5 – ін.
Қарындасы неше теңге төледі - ?
Шешуі: 275* 3/5 =165
275-165=110
Жауабы: 110 теңге.
№821 (ІІІ деңгей)
Араның жылдамдығы 2 м/с, шыбынның жылдамдығы араның жылдамдығының 2 1 –
індей,
2
Инеліктің жылдамдығы араның жылдамдығының 4 1 – іне тең. Шыбынның
жылдамдығы қандай?
2
Инеліктің жылдамдығы қандай?
Ара жылдамдығы – 2 м/с
Шыбын жылдамдығы – 2 1 -індей
2
Инелік жылдамдығы – 4 1 –індей
2
Шыбын жылдамдығы -? Инелік жылдамдығы - ?
Шешуі: 2* 2,5= 5 м/с
5*4,5=22,5 м/с
Жауабы: 5 м/с; 22,5 м/с
Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
1. Амалдарды орында: 3 1 + 2 2 = 5 3
4 4 4
2. Көбейтуді орында: 2 * 3 * 5 = 1
5 4 6 4
2-деңгей.
1. Бөлуді орында: 1 : 1 = 1 * 6 = 1
12 6 12 1 2
2. 30 метр матаның 2 -сінен балаларға көйлек тігілді. Балаларға
тігілген көйлекке неше метр мата
5
жұмсалды?
3-деңгей.
1. Көбейтуді орында: 4 * 3 * 7 = 1
9 14 8 12
2. Квадраттың қабырғасы 3 1 см. Оның периметрін тап.
2
«Кім жылдам?» ойыны.
Үш қатарға жеке қағазға жазылған тапсырмалар беріледі. Әр партадағы
екі оқушы бір тапсырманы орындап әрі қарай жылжытып отырады. Жеңіске
жеткен қатар аталады.
1-қатар тапсырмасы. «Қатарыңды І орынға алып шық»
1) 15* 3/5 2) 45 * 4/9 3) 120 * 3/10 4) 24* ¾ 5) 42*
7/10
2-қатар тапсырмасы. «Қатараыңның жеңіске жетуі саған байланысты».
1) 20* 4/5 2) 30* 3/5 3) 36*10/12 4) ½ * 2/3 5) 56 * 3/8
3-қатар тапсырмасы. «Қатарыңның намысын қорға»
1) 60* ¼ 2) 24* ¾ 3) 48* 3/8 4) 48*3/8 5) 35* 5/7
IV. Бекіту. Тест тапсырмасы.
1. 5х+1=3x+9 теңдеуінің түбірін берілген сандардың ішінен тап:
а) х=3 ә) x=-3 б) х=4 в) x=2
2. Қай сан 3-ке бөлінеді?
а) 253 ә) 741 б) 206 в) 305
3. Қай сан 9-ға бөлінеді?
а) 403 ә) 701 б) 901 в) 207
4. Амалдарды орында: 1 +2
4 3
а) 1 ә) 3 б) 11 в) 3
12 4 12 12
5. Көбейтуді орында: 2 * 5 * 7
7 6 5
а) 1 ә) 3 б) 5 в) 3
3 6 7 5
V. Үйге тапсырма: санның бөлігін табу ережесін жаттап, №818; №823; №827
есептерін шығарып келу.
VІ. Сабақты қорытындылау.
Ұрпағы еліміздің намыс қонған
Ұшады білімдермен алыстарға
Саналы да зерделі оқушылар
Оқуда жете берсін табыстарға.
Қатарлар жарысының қорытындысын шығару, жеке оқушыларды атап өту.
Белсенділік және білімін көрсеткен оқушыларды бағалау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz