Жаңа форматты мұғалім

Бүгінгі ғаламдану заманы мұғалімге информатор, бақылаушы, тексеруші қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуды мақсат етеді.
Оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарды зерделей, зерттей отырып іс-тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру - заман талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»-деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден-бір қызмет етуі керек.
Үшінші мыңжылдықта мектепке жоғары деңгейдегі маман, мемлекет сұранысын қанағаттандыратын, тәуелсіз Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін мұғалім ғана емес, жаңаша ойлайтын, инновациялық даярлығы қалыптасқан мұғалім қажет.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты десек, сол мақсаттардың сабақ барысында қалай іске асып жатқаны туралы айта кетейік. Оқытудың мәңгілік сауалы: “нені оқыту, қалай оқыту”күн өткен сайын күрделеніп келеді. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше “Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу” мәселесін өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты төмендегідей болуы тиіс.
-озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
-өз білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету,
-оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;
Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат мазмұн --- форма әдіс --- оқыту көрнекілігі болса, бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрену меңгеру --- өмірге ендіру --- дамыту болып өзгеріп отыр.
“Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, “қалай оқыту керек?” сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек.
Өздеріңізге белгілі бүгінгі күні мектептеріміз соңғы үлгідегі мультимедиа кабинеттерімен, интерактивті тақталармен жабдықталуда, мұғалімдер компьютер, электрондық оқулықтар арқылы сабақ жүргізуге мүмкіндік алды. Бұл мұғалімнің ақпараттық құзырлылығын - яғни оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдана білуге жол ашты.
Ақпараттық технологияны қолданып интерактивті сабақ өткізу мұғалімге не береді?- деген сұрақ туындайды. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді.
1. Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады
2. Білім сапасын арттыра алады
3. Оқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады
Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады. Оқуға деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі
Уақытты үнемдейді
Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді
Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік
тудырады
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызатын жаңа технологияларды тиімді пайдалану -әр ұстаздың міндеті. Қазіргі кезде ұстаздардың қазақ тілін және әдебиетін оқытуда қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, сатылай кешенді талдау, дамыта оқыту технологиялары оқушыларды еркін ойлануға, пікір таластыруға, пікір алмастыруға, өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуде, тез ойлануға, жылдам нақты жауап беруге баулиды. (өз сабақтарымда жиі қолданылатын технологиялардың элементтері слайдын көрсету)
Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру; мұғалімнің оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушыны дамыту болып табылады.
Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың ойынан шыға алады.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану-олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа формация мұғалімі қалыптастыра біледі.
Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасап, баланың шығармашылық қабілетін ашып, оны алға қарай дамыту барысында сыныпта қабілетті, яғни дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жүйелі жолға қою қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есте ұстауы қажет:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz