Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бастауыш сыныпта жобалар әдісін қолдану


Бастауыш сыныпта жобалар әдісін қолдану

№ 65 орта мектеп Омарова Салтанат Жакеновна
бастауыш сынып мұғалімі

Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану
орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты
қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта
әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ
оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде
мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:
• Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде
• Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде
орындамау
• Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.
Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескеріп, жұмысыма жобалар әдісін қолдануды
дұрыс көрдім.
Жобалар әдісі педагогикада жаңалық емес. Бұл әдіс 1920 жылдары АҚШ-та
пайда болған. Бұл әдіс жеке бағдар беру технологиясының бірі. Бұнда
оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолданау
біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сын тұрғысынан
ойлауларын дамыту жатады.
Жобалар әдісі соңғы жылдары оқыту процесінде кеңінен орын ала бастады.
Бұл әдіске қызығушылықтың себебі оқыту процесі мен оның нәтижесіне жаңашыл
көзқараспен қарау. Жобалар әдісі қазіргі білім берудегі талаптарға сай
әдіс. Бұны қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс әрекеттерін
жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс
тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті
шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы
талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді,
бастаған істі аяқтауға баулиды.
Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға
талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке
қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Бірақ төменгі сынып оқушыларын зерттеу
тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине жоғарыда айтқандай бала туа біткен
зерттеуші, бірақ алғашқыда оған арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай
анықтауға болатыны, болжамды қалай құру керек, эксперимнт қалай жасалатыны
т.с.с.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық педагогикалық ерекшеліктері
абстактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді. Сондықтан сабақта өзіндік
жұмыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа
негізделген хабарламалар, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық
көрініс. Осылардың бәрі жоба өніміне жатады.Өзінің іс-әрекетін жоспарлауды
тек қана кейбір оқушылар ғана істей алады. Басқаларға көмек керек. Жоба
тақырыптары тікелей пәндік мазмұнымен байланысты. Себебі көрнекілік-образды
ойлау, қоршаған әлемге қызығушылық - бұл жастағы балалардың тақырыпты
таңдауда нақты пән бойынша алған білімге сүйенеді.
Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен
жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға болады.
Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төммендегідей жүйе бойынша жүзеге
асыруға болады:
Жобалар әдісініің кезеңдері
І. Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық
қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады,
міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі,
топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс
жүргізеді; алыңған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім
бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV. Рефлексивтік бағалау кезееңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп
береді, ұжымдық пікіірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім
бағалайды.
V. Қорытынды.
Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, олардың
танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым қатынастар арқасында қоғам
дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері арттырылады.
Жобалау технологиясының элементтерін сабақта да қолдануға болады. Оны
мен төмендегі сабақ жоспарының үлгісінде ұсынып отырмын. Бұл тақырыптың
бірінші сабағында жапырақтар турал
Мысал келтірсек 2 сыныпта дүниетану пәнінде «Жапырақтар. Олар күзде
неге сарғаяды» деген тақырып бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру
мақсатында мынадай жұмыс жүргіздім. Сабақты өткізу барысында сыныпты
бірнеше топқа бөлдім. Тақырып анықталды, алдарына мақсат қойылды.
Жапырақтар күзде сарғаяды да жерге түседі. Неге? Әрине хлорофилл туралы
түсінік берілді. Келесі сабаққа әр топқа мынадай тапсырмалар берілді: 1
топқа: шағын баяндама жасау. 2 топқа тақырыпқа байланысты ертегі құрастыру.
3 топқа альбом жасау. 4 топқа ребус пен сөзжұмбақ құрастыру.Әрине осы
жұмысты жүргізу барысында мұғалімнің тікелей көмегі қажет. Екінші сабақта
осы аталған жұмыстардың презентациясы болды.

Дүниетану 2 сынып
Тақырыбы: Жапырақтар. Күзде олар неге сарғаяды?
Мақсаты:
1. Жапырақтар және олардың құрамы туралы білгендерін ортаға салу.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып дүниетанымын
кеңейту. Өз ойларын еркін айтуға баулу
3. Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды
қорғай білуге баулу
Сабақтын түрі: сабақ – презентация
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі
Көрнекіліктер: Оқушылардың өз беттерімен жасаған сөзжұмбақ, ребус, альбом.
Тақырыпқа байланысты өздері салған суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
- Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.
- Бүгін бізге сыныпқа қонақтар келгенін ескеру
- Психологиялық дайындық:
- Бүгінгі біздің дүниетану сабағымыз қандай болсын деп ойлайсыңдар?
(көңілді өтсін, жақсы бағалар алайық, сәтті болсын, әдепті болайық)
- Олай болса келісім шартқа отырайық. Сабағымыз сәтті өтсін десеңдер біз
бір-бірімізді сыйлауымыз керек. Бір-бірлерімізді тыңдап отыруымыз
керек. Тыныштық сақтайық. Келістік пе?
- Ал енді біз осы сабақта сөзжұмбақты да шешеміз, ребусты да шешеміз,
көрініс те қоямыз. Одан қалса ойнаймыз. Сондықтан бүгін біздің
сабағымыз өте қызықты болады.
- Сыныпты төрт топқа бөлу.
- Әр топқа ат қою үшін әр топқа тапсырма беріледі. Есептеулер жүргізіп
әр топ өз атын шығарады. 1 топ – Теректер, 2 топ – Қайыңдар, 3 топ –
Емендер, 4 топ – Қарағайлар
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Блиц-сұрақ «Миға шабуыл»
- Қазір жылдын қай айы?
- Ол жылдың қай мезгіліне жатады?
- Күздің қандай ерекшелігін білесіңдер?
- Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
1 топ: Альбом Бір бала шығып альбомға презентация жасайды.
Мұнда оқушылардың күз туралы жинаған суреттері. Ағаштардың түрлері,
жапырақтардың түрлері.
2 топ: Сөзжұмбақ. Оны шешкенде «жапырақ» деген сөз шығады.

|Ж | | | | | |
| | | |А |
|П | | | | |
|Ы | | | | | |
| |Р | |
| |А | |
|Қ | | | |

1. Аспанда түнде болады
2. Ағашта өсетін жеміс
3. Оқушылар отыратын үстел
4. Қазақтың тұңғыш педагогы
5. Өзімен кесуге ле болады, кейде жәндік де болады
6. Қыста не жауады?
7. Сиырдың сүтінен жасалатын тағам
Серігіту сәті: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
Баяндама: «Жапырақ қоректі қайдан алады және оның пайдасы»
- Өсімдікке сән беретін – жапырақ. Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы
тамырдан келеді. Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады. Күн сәулесі мен жылуы
арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал жасалады. Ал жапыраққа
жасыл түс беретін хлорофилл деген зат бар. Жапырақтың пайдасы ол ауадан
көмір қышқыл газды сіңіреді де ауаға қажет оттегін шығарады. Сондықтан
ауамызды тазарту үшін ағаштарды өсірудің пайдасы мол.
3 топ: Ребустарін көрсету
4 топ: Көрініс: «Жапырақтың түсі неге жасыл немесе ол неге күзде сарғаяды»
Көктем келді. Ағаштарда жапырақтар көбейді. Олар күннің көзіне жылынып
өсе берді. Бір күні жапыраққа хлорофилл келді:
- Жапырақ, көмектес маған. Менің мекенім, тұратын үйім жоқ. Мені өзіңмен
қоса алшы, - деп жалынды
- Жоқ, сен маған керек жоқсың. Мен сенсіз-ақ та өмір сүремін, сенсіз-ақ та
әдемімін, - деп хлорофилді қуып жібереді. Хлорофилл жылап әрі қарай кете
береді.
Біраз уақыт өтеді. Жапырақтың түсі өзгеріп, бозарып кетіпті. Әлгі әдемі,
жасыл түсінен түк те жоқ. Оған сонда ағаш айтады:
- Сен өткенде бекер хлорофиллді қуып жібердің. Олсыз сенің түсің бозарып,
сарғайып кетіпті. Қазір күз емес қой.
Сонда жапырақ біраз ойланады да хлорофилге барып кешірім сұрайды:
- Шырағым, хлорофилл, кешірші мені. Менің сенсіз күнім жоқ екен. Кел,
екеуміз бірге өмір сүрейік.
Содан бастап хлорофилл жапырақпен бірге өмір сүріп, оған әдемі, жасыл
түс береді екен.
Күндерден күн өтіп жатады. Міне күз мезгілі де келді. Жаз бойы күннің
жылуына еркелеген жапырақ күннің көзіне зар бола бастайды. Себебі күзде күн
суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды. Бұнын салдарынан хлорофилл де әлсізденіп
қалады. Бір күні ол жапыраққа былай дейді:
- Жапырақ, міне күз келді. Күннің көзінің қызуы азайды. Мен де өз еліме
қайтайын. Келесі көктемде біз міндетті түрде кездесеміз, - деп қоштасып
кете береді. Ал жапырақ хлорофиллсыз жасыл түсін жоғалтып, сарғайып,
қурап қалады.
- Сендер өте жақсы дайындалыпсыңдар. Енді біз ойын ойнайық
Ойын: «Ағаштағы жапырақты жинау»
- Балалар, біздің ағашымызда біраз жапырақтар қалып қойыпты. Қане, соны
біз теріп алайық. Егер ағашта жапырақ қалып қойса не болады? (Қар
жауғанда қардың салмағымен ағаш сынып кетуі мүмкін)
- Дұрыс. Олай болса біз ағашта қалып қойған жапырақты жинап, ағашқа
көмектесейік. Бірақ бұл ағаш жай ағаш емес, бұның жапырағының артында
бізге берілген жұмбақтар, сұрақтар, мүмкін есептер де бар. Қане соны
орындап көрейік. Егер біз бұларды орындасақ, онда ағащқа
көмектескеніміз.
ІІІ. Қорытынды.
- Кластер стратегиясын құру:

жасыл
сары ағашта өседі

Жапырақ

ауаны тазартады
хлорофилл
қант пен крахмал

- Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?
- Жапырақ түсі неге өзгереді?
- Жапырақ неге түседі?
- Құраған жапырақтың қандай пайдасы бар?
- Біз бүгін не істедік?
- Сендерге ұнады ма?
- Алдарыңда дөңгелектер жатыр. Сабақ ұнаса алдарындағы дөңгелектің ішіне
мынадай қылып салыңдар (
- Сабақ ұнамаса мынадай қылып салыңдар (
- Бүгін сендер барлығың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.
- Бағалау

Қарағанды қаласы.


Ұқсас жұмыстар
Жобаға негізделген оқытудың анықтамалары
Шығармашылық жобалау
Ұшқын коллажы
Денсаулық сақтау технологиясын қолдану және меңгеру
Жобалау технологиясы
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Информатика пәнін оқытудың тиімділігі
Жоғары оқу орындарында «ақпараттану» пәнін бейінді-бейімдеп оқытудың теориялық моделі
Орыс тілінде
Мәтінен ауытқымай сұрақ қою
Пәндер