2013 жылғы Әулиекөл ауданы Айгөлек балабақшасы Орта А тобының Отаным - Атамекен мерекелік ертеңгілігі (жетекшісі Дүйсен Мөлдір Серікбайқызы)

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Айгөлек» Әулиекөл балабақшасы» МКҚК

Ортаңғы «А» тобы.

Өткізген: Дүйсен Мөлдір Серікбайқызы.

2013 жыл

Ән-күй залында М. Омаровтың «Қазақстан» әні орындалуда, топтың балалары қолдарында әр түстегі гүлдер, көк түсті жалаушалармен кіреді.

Жүргізуші: Республикам күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Алтын-бесік Қазақстан гүлістан!

-Қайырлы күн қадірменді қонақтар, бүлдіршіндер!

Бүгінгі «Отаным-атамекен» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз!

Әнұран орындалады.

Тақпақтар.

Алина:

Алтай-жайық арасы,

Жарты әлемдей даласы,

Ол біздің Қазақсатан!

А. Ерасыл:

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы,

Ол біздің Қазақсатан!

Ақбота:

Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күймен кәусар ән,

Ол біздің Қазақсатан!

Ілияс:

Анамыздай тілеуі - ақ,

Отан-бізде біреу-ақ,

Ол біздің Қазақсатан!

Каусар:

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

С. Ерасыл:

Отанды жас кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Балалардың орындауында «Отаным» өлеңі.

Тақпақтар:

Алмира:

Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап, қорғайды.

Аңсар:

Туған жер, алтын мекенім,

Бақытым сенсің аңсаған.

Мәңгі де бақи өтемін,

Қарыздар болып мен саған.

Аяулым:

Туған жерім-алтын босағам,

Аттандым сенен қияға.

Апам мен Отан-қос анам,

Қондырған мені ұяма.

Балалардың орындауында «Ана тілі» өлеңі.

Жүргізуші: Қазақстанымыздың болашағы жас бүлдіршіңдердің қолында десек, сол бүлдіршіңдердің 4-тілегін тыңдайық!

Әмір: Бірінші менің тілегім «Денсаулық»

Жүргізуші: Сол жадында жүрсінші!

Алина: Екінші менің тілегім «Еркіндік»

Жүргізуші: Құсша самғап желпіндік!

Аңсар: Үшінші менің тілегім «Тіліміз»

Жүргізуші: Онсыз жоқ-ау күніміз!

Нұралы: Төртінші менің тілегім «Күш-қайрат»

Жүргізуші: Арманына ұш жайлап!

Жүргізуші: Ендігі кезекте ұлттық би балалардың орындауында «Қара жорға»!

Тақпақтар:

Даяна:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер төккен

Билігім өз қолында

Еркіндігім, елтаңбам!

Жасұлан:

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт бейнесі.

Сол қырандай еркіндеп,

Келеген бізге бақыт қой!

Жүргізуші:

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан -ана,

Отан-үлкен

Қазақстан-туған ел!

Құрметті қонақтар! Бүлдіршіндер! Бүгінгі мерекемізге еліміздің тірегі болған Үш биді шақырайық!

Әйтеке би: Әмір

Армысың бақ дәулетті жерім менің,

Армысың асқар тауым, көлім менің.

Армысың еңселі елім менің,

Еліме тыныштықты тілеймін мен!

Әумин!

Қазыбек би: Нұралы

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер суын қорғау бабаңның

Емеспе еді басты ұраны.

Төле би: С. Ерасыл

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын!

Тату-тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын!

Әумин!

Жүргізуші:

Айбын болған еліме,

Айдын болған көліме.

Айналайын үш бабам,

Пана болған көліме.

Қалың қазақ пір тұтар,

Қасиетті үш бабам!

Ән: «Балдырғандар».

Жүргізуші:

Ата-бабам жанын қиып қорғаған,

Ақ тілегін ұрпақтарға арнаған!

Қазақстан алтын ұя-Отаным

Жайнай берші, мәңгі гүлден әрқашан!

Осымен бүгінгі «Отаным-атамекен» атты мерекеміз аяқталды!


Ұқсас жұмыстар
Әулиекөл ауданы әкімдігінің Айгөлек балабақшасы. Ересек топ. Ағылшын тілі: Көкөністер мен жемістер - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы А тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Менің отаным - туған өлкем
2012 жылғы Алтын күз мерекелік тәрбие сағаты - Айгөлек шағын орталығы, Достық орта мектебі, Шардара ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Менің тұңғыш Президентім мерекелік ертеңгілігі - Айгөлек балалар бақшасының патриоттық-тәрбиелік бағдарламасы (Жаңақазан ауылы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы)
Әліппемен қоштасу: Тастыөзек орта мектебінің 1 А сынып оқушыларының мерекелік ертеңгілігі (Кербұлақ ауданы, Алматы облысы)
Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы №97 балабақшасы Айна тобының 2011 жылғы балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
Ортаңғы A тобының экология негіздері бойынша ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы: Орманға саңырауқұлақ теруге барайық
Наурыз - жыл басы: Ақжігіт орта мектебі мектеп алдындағы даярлық тобының ертеңгілігі
Даярлық тобының қоштасу ертеңгілігі
2011 жылғы 1-4 сынып оқушыларына арналған Бағбан көктем гүлдерін көрсететін күн іс-шарасы - Абай орта мектеп-балабақшасы (Сырым ауданы, Батыс Қазақстан облысы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz