Бейнелеу өнерінде интерактивті тақтаның педагогикалық-әдістемелік тиімділігі

№242 «Сығанақ» негізгі орта білім беру мектебі.

Баяндама

Тақырыбы:«Бейнелеу өнерінде интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолданудың тиімділігі»

пән мұғалімі: ержігітова жанар

«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Қоғамда ақпараттандыру құралдарының кеңінен қолданылуы, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпалын тигізеді. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында арнайы пәндердің сапасын көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Жаңа заман талаптарына сәйкес құзыретті маман дайындауда ақпараттық технологияның маңызы ерекше.

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктерін педагогика тұрғысынан талдай отырып, керек кезінде негізгі талаптарға сай қолданған жөн.

Мұғалім компьютерді қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін, сонымен қатар, түрлі технологиялық операцияларды анимация арқылы көрсету үшін пайдалана алады. Сондай - ақ, мұғалім көмегінсіз оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың қолжетімділігін жоғарылатады, ақпараттық технология бойынша электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Осы тұрғыдан алғанда бейнелеу өнерінде интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдалану сабақ барысында оқу материалын толық жеткізуде өте тиімді. Интерактивті тақтаның түрлі құралдары бейнелеу заңдылықтарын, бейнелердің салыну кезеңдерін түсіндіруде маңызды роль атқарады. Интерактивті тақтаның тиімділігін мынадай бағытта саралап айтуға болады:

  • Суретшілер шығармаларының репродукцияларын қолдану барысында шығармадағы бейнелеу заңдылықтарының қалай қолданылғандығын суреттің бетінде сызықтар арқылы талдап көрсету;
  • Бейненің салыну кезеңдерін дайын геометриялық фигуралар немесе сызықтар арқылы тиімді көрсету;
  • Сан алуан түстерді бейнелердің ерекшеліктеріне сай қолдану;
  • Түрлі нысандарды тез қозғалта немесе көлемін өзгерте отырып, композиция құрастыруда уақытты үнемдеу;
  • Интерактивті тақта кітапханасындағы түрлі нысандардың машықтық жұмыс жасату барысындағы маңыздылығы;
  • Жаңа материалды түсіндіру барысында бейнелерді анимация арқылы қозғалта отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

Интерьерді бейнелеу жолдарын үйрету кезінде түрлі әдістерді, интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану нәтижелі жұмыс жасауға септігін тигізеді. Мұнда алдымен интерьер жанры, оның ерекшеліктері жөнінде мәлімет беріледі. Интерьерді бейнелеу барысында перспектива заңдылықтарының негізгі роль атқаратындығы айтылады.

Сонымен қатар суретшілердің шығармаларымен таныстырып, ондағы интерьердің бейнелену ерекшеліктеріне талдау жасалады. Интерьердегі заттардың орналасуы, қабырға сызықтарының, басқа да параллель сызықтардың бейнеленуі, алыстағы заттардың кішірейуі перспектива заңдылығының негізгі ерекшелігі болып табылады.

Интерьерді бейнелеу ережелері заңдылықтарға сәйкес түсіндіріледі. Интерьердегі бейнелердің көкжиек сызығына байланысты орындалу жолдары интерактивті тақтаның функциясын пайдалана отырып көрсетіледі. Қарама - қарсы перспективада барлық параллель сызықтардың көкжиек сызығының бойында бір нүктеде түйісуі көрнекі түрде түсіндіріледі. Фотосуреттегі нақты бейнелердің перспективадағы құрылысын көрсету оқушылардың жүйелі түсінуіне ықпалын тигізеді.

Келесі кезекте бұрыштық перспективада бейнеленген интерьердің ерекшеліктері сызықтар арқылы түсіндіріледі. Мұндағы көкжиек сызығының деңгейі, параллель сызықтардың екі нүктеде түйісуі нақты көрсетіледі.

Машықтық жұмыс ретінде интерактивті тақта кітапханасындағы түрлі бейнелерден комопзиция құрастыруға тапысрма беріледі. Мұнда қарама - қарсы перспективада бейнеленген интерьерге бұйымдарды заңдылықтарға сйкес орналастырады. Қажетті бұйым түрлерін кітапханадағы салалар бойынша таңдайды. Бейнелерді екінші бағытқа ауыстыру, фон түстерін өзгерту бейне қасиеттеріне кіру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар перспектива заңдылықтарына сәйкес бейнелерді үлкейту, кішірейту, бұру, көшірмесін алу, жою операциялары орындалады.

Мұндай тапсырмалар оқушылардың кең ауқымда іздене отырып жүйелі жұмыстануына, уақытты үнемдей отырып, оң нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Интерактивті тақта мүмкіндіктері арқылы бейнелердің оңай өзгертілуі, шығармашылық қабілеттерінің ұшталуына жол ашады. Сондықтан да компьютердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану - сапалы білім беруге қол жеткізудің кепілі.


Ұқсас жұмыстар
Сабақта электронды оқулықтарды қолданудың педагогикалық-әдістемелік тиімділігі
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі мен интерактивті тақталарды қолданудың педагогикалық тиімділігі
Интерактивті оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттырудың педагогикалық-әдістемелік негіздері
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Абай мен Пушкин қатысқан инсценировка: аудандық орыс тілі мұғалімдері семинары мен интерактивті тақтаның тиімділігі
Бейнелеу өнерінде жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық және эстетикалық белсенділігін арттыру: сәндік-қолданбалы өнер және жүннен моншақ жасау әдісі
Оқыту үрдісінде интерактивті тақталарды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
Интерактивті тақталардың мектеп біліміндегі рөлі мен тиімділігі
Бейнелеу өнері мен сызу сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттырудың педагогикалық-әдістемелік негіздері
Сындарлы оқытудағы интерактивті тәсілдердің тиімділігі: бастауыш сынып тәжірибесі
Тіл сабақтарында интерактивті технологиялардың тиімділігі мен пәндік білім сапасына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz