Ш. Уәлихановтың Абылайхан мәтіні: тарихи-әдеби талдау және сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сабақтың тақырыбы: Ш. Уәлиханов «Абылайхан».

Сабақтың мақсаты: 1. Ш. Уәлиханов туралы мағлұмат беру. Абылайханның ерлік жолдары туралы түсінік беру.

мәтінінің негізгі мазмұнын түсіндіру.

2. СТО технологиясының стратегияларын қолдана отырып,

оқушылардың ойын толық баяндай білуін, жазба түрде

еркін жаза білуін, өз бетінше қорытынды жасап, ойын

жүйелей білуге дағдыландыру, хан Абылай туралы

білімдерін жетілдіре түсу.

3. Елі, халқы үшін күрескен ұлы адамдар өмірін үлгі

ету. Өткен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емеc.

Сабақ типі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, ізденіс жұмысы.

Көрнекіліктер: Ш. Уәлиханов; Абылайхан портреттері.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Қане, бәріміз бір - бірімізге шуақ сыйлайық. Қабағымызды ашайық. Әдемі күлейік.

Жаңа сабақ:

I. Қызығушылықты ояту:

А) «Алтын қақпа» ойыны

Шарты: тас, күміс, алтын қақпаның артындағы сандықта құпия бар, біздер осы 3 қақпаның артындағы құпияны ашуымыз керек. Ол үшін әр қақпаның тапсырмасы берілген.

Тас қақпаның тапсырмасы:

«Абылайхан» мәтінімен таныса отырып, хан Абылайға топтастыру стратегиясын құрыңдар.

Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген

1711 жылы туған Сабалақ

Қоғам қайраткері Абылайхан Әділ хан

Ержүрек, сарбаз Тәсілгер

Еш теңдесі жоқ хан 1781 жылы дүние салды

А) Мәтін оқу Б) Топтастыру құру

II. Мағынаны тану .

(Күміс қақпа тапсырмасы)

Мәтін бойынша «Инсерт» кестесін құру

Білемін
Мен үшін жаңа
Білгім келеді
Білемін:

Әбілмансұр

Сабалақ

Абылайхан

Мен үшін жаңа:

ержүрек сарбаз,

батыл қолбасшы,

әділ хан,

Шарышты өлтірген,

Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген

Білгім келеді: Абылайхан ұрпақтары жөнінде

III. Сергіту сәті.

«Қаражорға» биі

IV. «Алтын қақпа» тапсырмасы:

а) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап

б) Эссе «Абылайхан» (қорытынды)

V. Сандықтағы құпия сөзді оқу .

Даналық сөз. (Қазыбек би)

- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.

VI. Бағалау

VII . рефлексия

VIIІ. Үйге тапсырма:

«Абылайхан» оқу, мазмұндау. «Инсерт» кестесіндегі «Білгім келеді» бағанасын толтыру.


Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді сабақ жоспары - Соғыс және балалар тағдыры: әдеби талдау мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
Щ дыбысы мен әрпін таныстыру: дыбыстық талдау және жазу дағдыларын дамыту
Бастауыш сыныптарда топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту: мектепті дамыту жоспары
Бейнелі сөздердің орны мен диалог арқылы сөйлеу және сыни ойлау дағдыларын дамыту
Қазақ тілі сабағы: Спорт тақырыбы - кластерлеу, АКТ және сыни ойлау дағдыларын дамыту
Оқытудың инновациялық технологиялары және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
Қазақ тілі пәнінде диалогтік оқытудың сыни ойлау мен пікір білдіру дағдыларын дамыту тиімділігі
Құстар қайтты өлеңі арқылы көшпелі мен отырықшы құстарды талдау және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін идеялық-мағыналық талдау және сыни ойлау дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz