Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Деректерді кестелік түрде ұсыну. 8 сынып


Сабақтың тақырыбы: Деректерді кестелік түрде ұсыну.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың тіктөртбұрышты кесте лер туралы түсінігін
қалыптастыру. Оларды электрондық кесте ұғымымен таныстыру.
2. Оқушыларды электрондық кестедегі жолдарды, бағандарды және ұяшықтар
диапазонының ұғымын беру.
3. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін арттыру,
өз ойын ашық айта білуге, ойын жүйелеп жеткізуге, материалды тез қабылдауға
тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ЕТ кешені, оқулық, презентациялық материалдар,
дәптер мен қалам.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Оқу процесін ұйымдастыру әдістері: Түсіндіру, баяндау, машықтық жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Миға шабуыл» (Үй тапсырмасын тексеру)
Редакциялау дегеніміз не?
Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесің?
Колонтитул деген не?
Бет нөмірлерін қалай қоюға болады?
Суреттерді қалай кірістіруге болады?
«Машық жұмысы» (Оқушылар жасаған жұмыстарын көрсетеді) WORD мәтіндік
редакторының терезе элементтерін таныстырады.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Бағдарламалар

графикалық мәтіндік кестелік
(Paint, Corel Draw) `(Word, WordPad) (VisisCalc,
Excel,
SuperCalc-3-4-5, Multiplan)
Кәсіби жұмыста мәліметтерді кесте түрінде беру қажеттігі жиі кездеседі,
мысалы еңбекақыны есептеу тізімдемесі, смета құру, сатылған өнім туралы
есеп беру және т.с.с.
Сонымен кесте дегеніміз не?
Кесте-ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен
бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін.
Кестеде тек бір ғана жол болуы да мүмкін, мұндай кестені сызықтық кесте деп
атайды.
Бірнеше жолдардан тұратын кестені тіктөртбұрышты кесте деп атайды.
Жол-көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.
Баған-көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.
Бағандар мен жолдар қиылысып ұяшықтар түзеді.
Ұяшық-дерек сақталатын орны.
Электрондық кесте (ЭК)-ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар)
жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.
Бағандар латын алфавит әріптерімен белгіленеді. ЭК бағандары “А”-дан
“Z”-ке дейінгі латын әріптерімен, ары қарай “AA”-дан “IV”-ға дейінгі әріп
комбинациясымен белгіленеді. Әрбір жол 1-ден басталатын реттік нөмерімен
нөмірленеді.
Жұмыс кестесі жол мен баған түрінде ұйымдастырылған. Әрбір бет 256
бағаннан және 65 536 жолдан тұрады.
ІV Қорытындылау
Сабақты қорытындылау мақсатында мына сәйкестендіру жұмысын оқушыларға
орындатамын.

Ү. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалаймын.
ҮІ. Үйге тапесырма.
Деректерді кестелік түрде ұсыну тақырыбын оқып келу.

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің
математика және информатика пәнінің мұғалімі
Жанбырбеков Айбол Тлеубекович
-----------------------
Бір жолы бар кесте

Көршіліес ұяшықтар көлденең бірлестігі

Көршіліес ұяшықтар тік бірлестігі

Деректер сақталатын орын

Бағандар мен жолдардың қиылысуы

Жолдар мен бағандардың реттеліп берілуі

Бірнеше жолдан тұратын кесте

Тіктөрбұрышты кесте

Ұяшық

Жол

Баған

Кесте

Сызықтық кесте


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың барысы. Сабақтың тақырыбы
Топтарға тапсырма ұсыну
Сұрақтарды оқушыларға ұсыну
Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау
Paint графикалық редакторының құралдары жайлы ақпарат
Диаграммалардың типтері
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Оқушылар сабақ минут
Excel бағдарламасы басқа бағдарламадан ұтымдылығы
Деректер базасы
Пәндер