1920 – 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру 9 сынып

9 сынып Қазақстан тарихы Күні:

Сабақтың тақырыбы
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру
Сабақтың тақырыбы: Сілтеме
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру: Қозыбаев М Қазақстан тарих 9 сынып оқулық 2013 жыл
Сабақтың тақырыбы: Жалпы мақсаты
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру: 1920-1930 жж. Қазақстандағы индустрияландыру, Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың мəні мен ерекшелігі, Қазақстандағы табиғи байлықтарды зерттеу жəне игеру, Қ. И. Сəтбаев; Қазақстандағы ірі кəсіпорындарының құрылысы мен ауыр өнеркəсіп, Түрксіб құрылысы, жұмысшы табының өсуі, бірінші бесжылдықтағы Қазақстандағы индустрияландырудың нəтижесі; және индустриаландыру саясатының экономикалық дамытудағы байланысын жан -жақты талдап, оқушының алған білімін өзінің дамуына әсер ету, тарихи танымын кеңейту
Сабақтың тақырыбы: Міндеттер:
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру:

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Сабақтың тақырыбы: Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру:

1. Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3. Оқушылардың ой - өрісін дамыту

4. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақтың тақырыбы: Сабақта туындаған негізгі идеялар
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру:

1. Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Білімділік пен білік дағдыларын қалыптастыруға баулу.

Сабақтың тақырыбы: Күтілетін нәтиже
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру:

1. Оқушы Қазақстандағы индустрияландыру саясаты жөнінде білім алады;

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға 1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру туралы білімнің басталғанын сезіндіру;

3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;

Сабақтың тақырыбы:

Тапсырмалар

wiki беттерінен жүктелген дерек көздер

1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру:

1. Қазақстан тарихы: Әдістемелік нұсқау 9 сынып / Т. Тұрлығұл, Қ. Жүкешев -Алматы 2005 жыл

2. Ж. О. Артықбаев Қазақстан тарихы 2007 жыл

3. history. js

4. http://www. tarih. spring. kz

Сабақтың тақырыбы:

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру:

Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу;

- психологиялық дайындық, «Жақсы сөз жарым ырыс» дегендей әуенмен оқушыларды билетіп, алдындағы оқушылардың арқасына жапсырылған стикерге сол сыныптасының

2 жақсы қасиетін жаздырту арқылы жүргізу.

- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І. Ой қозғау

Миға шабуыл ( Логикалық сұрақтар қою арқылы )

  1. Кеңес үкіметі елдегі ауыр экономикалық жағдайды жою үшін қандай реформалар жүргізілді ?
  2. Жаңа экономикалық саясаттың жетістіктерін қалай түсіндіресіңдер

Тапсырма !

Топта талдап, әр топтан бір оқушы сыныпта оқу

Мұғалім сөзі:

Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз «1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру»

ІІ. Мағынаны тану

Назар аударту! Тірек ұғымдармен жұмыс. (интернет желісін пайдаландыру арқылы өзіндік іздеу жұмысын әрі жаңа сабаққа енуін сезіндірту, содан кейін дайын жауапты салыстырып талдату)

Индустрияландыру - 1) ірі, техникасы дамыған өнеркәсіпті, ең алдымен елдің халық шаруашылығындағы жетекші саланың негізі ретінде өндіріс құрал- жабдықтарын өндіретін салаларды құру;

2) (лат. Күш салу) - өнеркәсіптегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы өндірістік күштерді ұлғайту және экономиканы көтеру мақсатына бағытталған ірі машина жасау өндірісін құру үдерісі.

Урбанизация - қала тұрғындарының өсуі.

Бесжылдық, Бесжылдық жоспар - Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы. Бірінші бесжылдық жоспар 1929-1932, Екінші бесжылдық жоспар 1933-1937 жылдары арналды

Мәтін таратылады

Оқушыларға мәтіндерді ЖИГСО стратегиясы бойынша оқыту.

1. Оқушыларды №-леймін. Мұғалім 4 тақырыпшаны бөліп береді.

Өз-өздері үйлерінде №-лерін оқиды. Жеке оқиды

№1

Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті

1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б) П- ның XIV съезінде қабылданды.

КСРО индустрияландырудың жоспарына Қазақстан да енгізілді. Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. 1928-1932 жылдары халық шаруашылғын дамытудың бірінші бесжылдығы болды.

Бұған дейін қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы, өнімінің 84, 4%-ы ауыл шаруашылғына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды. Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы түрлі көзқарастар болды. Бірулер « түйеден социализмге » өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен завоттар салу шамадан тыс нәрсе болып табылды, « Қазақтармен өнеркәсіп - қаржы жоспарын орындай алмайсың » және т. с. с. түрлі айтыстар болды. Ірі саяси қайраткерлер С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев және т. б бұған қарсы шықты. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден бастауы КСРО Ғылым академиясы 20 - жылдардың аяағы- 30 - жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспидициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды.

№2

Елді индустрияландыру туралы жаңа саясатты жүргізу үшін темір жол салу ісін жалғастыру қолға алынды.
220 мың кв. км - аумақты алып жаткан Жетісу өлкесінде бірде-бір темір жол болмады. Мұның өзі ауыл шаруашылыкты, өнеркәсіпті дамытуға тежеді.
Қазақстан индустриясының жетекші объектілері. 1927 жылы Түркістан - сібір теміржол магистралі саласына бастады. Бұл теміржол құрылысы еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді.

Түрксіб теміржол құрылысының басшылары:

В. С. Шатов - құрылыс бастығы,

Н. Нұрмақов - құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы,

Т. Рысқұлов - РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы.

Теміржол құрылысында 1 адам жұмыс істеді- орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар, татарлар, башқұрттар еңбек етті. Он мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті.

1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы түйісті.

1931 жылы қаңтарда Түрксіб теміржолы пайдалануға берілді.

Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды.

№3

Индустрияландырудың ерекшеліктері. Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.

Соғысқа дейін Қазақстанда ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты т. б. ірі кәсіпорындар салынды.

Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті.

Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады. Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, өңдеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ.

Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді.

Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.

Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29, 8% болды.

1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды.

1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті.

№3

Индустрияландырудағы жұмысшылар еңбегі.

Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді.

Қазақстан өнеркәсіп орындарына Мәскеу, Ленинград, Донбасс т. б. ірі өнеркәсіп орталықтары мен жұмысшы топтары көмек көрсетті.

Жаңа техниканы меңгеріп, жаңадан салынған өнеркәсіпте істейтін мамандарды даярлау керек болды.

Бұл үшін көптеген қазақ жұмысшылары кәсіби білім алу үшін Мәскеу, Ленинград, Донбасс, Баку өнеркәсіп орындарына жіберілді.

Алғаш Түрксіб құрылысына қара жұмысшы ретінде қатысқан Д. Омаров кейіннен Түрксіб бастығы, ал Т. Қазыбеков «Қазақ көлік құрылысы» тресінің бастығы болды. Жаңа техниканы меңгеру барысында Донбасс забойшысы А. Г. Стахановтың рекорды насихатталды. Стахановтың қазақ жеріндегі ізбасары Қарағанды кеншісі Түсіп Күзембаев болды.

Сәфи Өтебаев, Молдабек Сағымбеков, Ахметжан Сафин, Зағира Табылдинова - Қазақстандағы индустрияландыру ісінің үздіктері.

Сосын ұқсас №-лермен жиналады.

Әрбір ұқсас № жиналып бір-біріне түсінгенін айтып талқылайды Топпен жұмыс. Үйлеріне бармай.

ІІІ. Ой қорытынды

Сосын үйлеріне келеді. Бір-біріне реттік №-мен үйретеді.

Тапсырма:

1. Өз-өздері үйлерінде №-лерін оқиды жеке оқы /

2. Әрбір ұқсас № жиналып бір-біріне түсінгенін айтып талқылайды Топпен жұмыс /5мин

3. Үйлеріне келіп, . бір-біріне реттік №-мен үйретеді

4. Сыныпта қорғау

Дарынды және таланты оқушыларға жеке тапсырма топтық жұмыс кезінде беріледі.

«Төрт сөйлем » тапсырмасы беріледі.

Ол :

  1. Пікір.Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен келтіру.
  2. Дәлел.Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығу керек. Дәлел дегеніміз ұстанған көзқарасты логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу.
  3. Мысал.Енді келтірілген өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру. Мысал өмірден, практикадан керек: ақпарат көздеріне немесе көп таралған пікірлерге сілтеме жасау, практикадан орын алған үрдіс, басқа адамдардың пікірлері.
  4. Қорытынды.Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.

Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Топтың №

:
:
:
:
:
:
:
:

Үйге тапсырмасы: «Қазақстан ауыр өнеркәсібі дамыған елге айналды ма? » сұрағына дайындалып келу. Тақырыпты тереңдеп іздену

Толғаныс (рефлексия) ( сабақтың соңындағы оқушылардың білімге деген күйлерін зерттеу

Критерий-

лер

Топ

мүшелері

Идеяларды ұсынуы

Жолдастарын

топ жұмысына

жұмылдыру

Идеялар дың дербестігі

Сұрақ қою

Сұрақтарға

жауап беру

Белсенді

түрде тыңдау

Жалпы балл
Сабақтың тақырыбы:
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру:
Сабақтың тақырыбы:
1920 - 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру:

9 сынып Қазақстан тарихы Күні:


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер жайлы
Орынбордағы қазақ институты
Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру
Темір жолдан салудан
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір жайлы ақпарат
1920–1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстан тарихы. 9-сынып
Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz