"Аминдер."

Сабақтың жоспары
I. Сабақтың тақырыбы: § 27. Аминдер.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Оқушыларға азотты органикалық қосылыстардың алғашқы өнімі ретінде аминдер туралы түсінік беру.
- Дамытушылық:Молекуладағы атомдардың өзара әсерлесуін анилин мысалында тағы да қайталап, тереңдете түсуі.
- Тәрбиелік:Аминдердің алынуына, электрондық құрылысына, негізделе халық шаруашылығындағы маңызына тоқталу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Лекция, түсініктемелік конспект жазу.
Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика
Сабақтың жабдығы: 1. Қ. Н. Сақариянова, М. Б. Усманова, Б. Н. Сахариева, Р. С. Рақышева. «Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл. 2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.
II. Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Үй тапсырмасын сұрау:1. Целлюлоза мен крахмалдың арасында қандай айырмашылықтар бар?
2. Целлюлозаның қасиеттерін айтып беріңіздер.
3. Целлюлоза қайда қолданылады?
4. Көмірсулардың адам тіршілігіндегі маңызы қандай?
III. Жаңа сабақ: Аминдер дегеніміз- аммиак (NH 3 ) молекуласындағы бір, екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдер.
Аминдер аммиак (NH 3 ) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдарының санына қарай үш топқа бөлінеді:
Біріншілік
R-NH 2
Екіншілік
R 2
NH
R 2
Үшіншілік
R 1 - N - R 2
R 3
CH 3 - NH 2 C H 3 СН 3 - N - CH 3
метиламин NH
C 2 H 5 C 2 H 5
метилэтиламин диметилэтиламин
- NH2тобы - амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.
Мысалы,
СН -NH 2 метиламин немесе аминометан
СН 3 - СН - СН 3
NH 2
Изопропиламин немесе 2- аминопропан
Изомериясы: Аминдерде тізбек және радикалдың орналасу изомериясы болады.
1. Көміртек тізбегі изомериясы.
H 3 C
H 3 C C - NH 2
H 3 C
H 3 C - CH - CH 2 - CH 3
NH 2
H 3 C - CH 2 - CH 2 - CH 2 - NH 2
2. Амин тобының орналасуы бойынша
біріншілік, екіншілік, үшіншілік
деп бөлінеді.
CH 3 - H 2 C - N - CH 2 - CH 3
H
CH 3 - N - C 2 H 5
CH 3
C 4 H 11 N
Физикалық қасиеттері: Аминдерлің жеңіл өкілдері - газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар. Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.
Химиялық қасиеттері: Көптеген химялық қасиеттері аммиакқа ұқсайды.
- Ауада жануы:
4CH 3 - NH 2 + 9O 2 🡢4CO 2 + 10 H 2 O + 2N 2
- Суда ерігенде ерітіндісіне лакмус тамызсақ, сілтіге тән реакцияны көрсетеді. Демек, аммоний гидроксиді тәрізді орынбасқан метил аммоний гидроксиді түзілетінін көреміз.
Н H +
. .
СН 3 - N : + Н + ОН - 🠢 СН 3 - N - H OH -
. .
Н
H
CH 3 - NH 2 + H 2 O 🠢 [ CH 3 NH 3 ] + OH -
метиламин метиламмоний
гидрооксиді
- Қышқылдармен әректтесіп, тұз түзеді (бейтараптану реакциясы) .
CH 3 NH 2 + HCl 🠢 [CH 3 NH 3 ] + Cl -
Сондықтан аминдерді органикалық негіздер деп атайды.
IV. Сабақты бекіту:
Үйге тапсырма беру:
- § 27. Аминдер. 127-128 беттер;
- Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?
Аминдердің суда еруін және қышқылдармен әректтесуін қалай түсіндіруге болады ? Мысал келтіріңіздер.
3. Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.
V. Қорытындылау: Аммиак молекуласындағы сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдерді аминдер деп атайды. Олар: біріншілік, екіншілік, және үшіншілік болып жіктеледі.
Сабақтың жоспары
I. Сабақтың тақырыбы: § 28. Аминқышқылдары.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Оқушыларға аминқышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы мейлінше кең мағлұмат беру
- Дамытушылық:Аминқышқылдарының кейбір өкілдеріне назар аудартып, тереңдете түсу.
- Тәрбиелік:Білім алуға ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Лекция, түсініктемелік конспект жазу.
Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика
Сабақтың жабдығы:
1. Қ. Н. Сақариянова, М. Б. Усманова, Б. Н. Сахариева, Р. С. Рақышева. «Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл.
2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.
3. Кожарева М. Е. «Химиядан анықтамалық материалдар» Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлерге; Алматы «Өнер» 2004 жыл.
II. Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Үй тапсырмасын сұрау:
1. Аминдер деп қандай заттарды айтамыз ?
2. Аминдердің суда еруін және қышқылдармен әректтесуін қалай түсіндіруге болады. Мысал келтіріңіздер.
3. Не себепті аммиакқа қарағанда метиламиннің негіздік қсиеті басым болады?
4. Қандай қасиетіне байланысты органикалық негз деп аталады?
5. Анилинді алу реакциясы қалай аталады?
III. Жаңа сабақ: Аминқышқылдары дегеніміз - молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы - NH 2 және карбоксил тобы - СООН болатын заттар.
Жалпы формуласы: (NH 2 ) m R (СООН) n
n, m - көбіне 1-ге немесе 2-ге тең болады.
Аминқышқылдары құрамындағы:
а) Функционалдық топтардың санына қарай жіктеледі:
NH 2 - R - COOH; (NH 2 ) 2 - R - COOH NH 2 - R - (СООН) 2
моноаминдикарбон диаминмонокарбон моноаминдикарбон
қышқылы қышқылы қышқылдары
ә) амин тобының орналасуына қарай жіктеледі:
О
y B L //
Н 3 С - Н 2 С - НС - С
\
NH 2 ОН
L - аминқышқылы
О
y B L //
Н 3 С - Н 2 С - НС - С
\
NH 2 ОН
B - аминқышқылы
О
y B L //
СН 2 - СН 2 - СН - С
\
NH 2 ОН
y - аминқышқылы
Біздің қарастырғанымыз құрамында бір амин тобы - NH 2 және бір карбоксил тобы - CООН бар қарапайым, қаныққан қатардағы аминқышқылдар. Оларды молекула құрамындағы радикалдың сутек атомының біреуінің орнын - NH 2 амин тобы басқан карбон қышқылдары деп қарауға болады. Аминқышқылдары тарихи қалыптасқан жүйе бойынша атау үшін карбоксил тобынан кейінгі көміртектен бастап, грек әріптерімен белгілейді де, сол әріптердің көмегімен амин тобының орнын көрсетеді.
Одан басқа табиғатта кездесетін түрлерінің тривиалдық атаулары да болады. Мысалы: NH 2 CH 2 - COOH - глицин қышқылы (аминсірке қышқылы) (11- кесте)
Амин қышқылдарының кейбір өкілдері
Аминсірке
Аминпропион
Аминмай
Аминвалериан
Аминкапрон
Аминэнант
H 2 N - CH 2 - COOH
H 2 N - CH 2 - CH 2 - COOH
H 2 N - CH 2 - CH 2 - CH 2 - COOH
H 2 N - CH 2 - CH 2 - CH 2 - CH 2 - COOH
H 2 N - CH 2 - CH 2 - CH 2 - CH 2 - CH 2 - COOH
H 2 N - CH 2 - CH 2 - CH 2 -CH 2 - CH 2 - CH 2 - COOH
Бұларда класс ішінде изомерияның екі түрі: көміртек тізбегі және функционалдық топ орынына байланысты изомериясы болады. Осыған қоса класаралық изомерлер де түзеді. Оның өзі радикалдардың орналасуына қарай түрленеді. Мысалы:
а) көміртек тізбегі изомері:
б y B L
Н 3 С - Н 2 С - СН - CН 2 - СООН
NH 2
B - аминвалериан қышқылы
NH 2
y B L
H 3 C - C - CH 2 - COOH
CH 3
B амин - B - метилмай қышқылы
ә) орынбасушылар орнына байланысты изомер:
y B L
Н 3 С - СН - СН - СООН
NH 2 CH 3
B - амин - L - метилмаймай қышқылы
б) класс аралық изомер:
О
B L //
Н 3 С - СН - С
\
ОСН 3
B - аминпропион қышқылының
метил эфирі
О
//
Н 2 С - С
\
NH 2 ОС 2 Н 5
Аминсірке қышқылының этил эфирі
Аминқышқылдарын алу.
Практикада аминқышқылдарын көбіне белоктарды гидролиздеу арқылы алады, ал қоспадан бөліп алу үшін хромотаграфия әдісі қолданылады. Синтездік алыну әдісі органикалық заттар арасындағы генетикалық байланысқа негізделген:
СН 3 СООН + Сl 2 🠢 СН 2 - СООН + НСl
сірке қышқылы Сl
хлорсірке қышқылы
СН 2 - СООН + NH 3 🠢 CH 2 - CОНН + НСl
Cl NH 2
хлорсірке қышқылы аминсірке қышқылы
Физикалық қасиеттері. Аминқышқылдыры - суда еритін түссіз кристалл заттар, балқу температурасы 230-300°С. Көпшілік B - аминқышқылдарының дәмі тәтті болады.
Химиялық қасиеттері: Аминқышқылдарында екі түрлі функционалдық топтар болғандықтан, химиялық қасиеттерін төмендегідей жіктеп қарастырамыз:
- R -
Қышқылдық қасиеттер
(карбон қышқылдары тәрізді)
- Негіздермен әректтесуі(қышқыл ретінде) :
Н 2 С - СООН + NаОН 🠢Н 2 С - СООNа + Н 2 О
NH 2 NH 2
аминсірке қышқылы аминсірке қышқылының
(глицин) Na тұзы, Na-дің глицинаты
- Қышқылдармен әрекеттесуі(негіз ретінде) :
+
O
//
Н 2 С - СООН + Н + Cl - 🠢 H 2 C - C Cl -
\
NH 2 NH 3 OH
аминсірке қышқылы аминсірке қышқылының
(глицин) хлориді (тұз)
Сөйтіп аминқышқылдары екі жақты қасиет көрсететін органикалық екідайлы қосылыстар.
- Ортаның ( қышқыл немесе сілті) өзгеруіне байланысты аминқышқылдарының молекуласы ионданады:
O O O
// OH - // OH - //
+ Н 3 N - CH - C NH 3 + - CH - C H 2 N - CH - C
\ H + \ H + \
OH R O - R O -
қышқыл орта бейтарап орта сілтілік орта
Егер амин тобы мен карбоксил топтарының саны тең болса, онда аминқышқылдары бейтарап орта көрсетеді, егер біреуінің саны көбірек болса, онда ондай аминқышқылдарының ортасы да фунуционалдық топтың түріне қарай негіздік немесе қышқылдық болады.
- Аминқышқылдары өзара әректтесіп, петидтер түзеді:
R - CH - COOH + R 1 - CH - COOH 🠢
NH 2 NH 2
_ _ _
🠢R - CH - C - N - CH - COOH + H 2 O
_ _ _
NH 2 R 1
пептидтік (амидтік) байланыс
Аминқышқылдары өзара әректтескенде түзілген:
О H
С N
байланысы пептидтік немесе амидтік байланыс деп аталады. Түзілген қосылысты бірінші қышқылдың тривиалдық атына -ил- жұрнағын жалғап, соңғысын сол қалпында қосып атайды.
Түзілген затта амин және карбоксил тобы болғандықтан, ол екі жағынан тағы да аминқышқылдарын қосып алады. Осындай реакция нәтижесінде көп аминқышқылды буындары бар молекулалар түзіледі. Олар полипептидтер деп аталады.
Аминқышқылдарының маңызы. Аминқышқылдары адам және жануарлар организмінде белоктың құрамына кіретін тіршілік үшін аса маңызды заттар. Бұл мақсат үшін аминқышқылдарын тікелей тағамнан алады немесе организм өзі синтездейді. Осыған байланысты аминқышқылдары екі топқа бөлінеді:
- алмасатын аминқышқылдары-адам организмінде синтезделеді. Оған: глицин, аланин, глутамин, серин, аспарагин, тирозин, аргинин, пролин жатады.
- алмаспайтын аминқышқылдары-саны - 9. Адам организмінде синтезделмейді, жануар текті белоктары бар тағам арқылы қабылданады. Оған. Валин, лейцин, фенилаланин, изолейцин, лизин, треонин, метионин, гистидин, триптофан, цистейн жатады.
Белоктың құрамына кіретін аминқышқылдарының жалпы формуласы:
R - CH - COOH
NH 2
Осы кезге дейін белок құрамынан 20 шақты L - аминқышқылдары табылған. Олар тіршіліктің негізін құрайтын заттар.
IV. Сабақты бекіту:
Үйге тапсырма беру:
§ 28. Аминқышқылдары. 132-135 беттер;
Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.
V. Қорытындылау: Аминқышқылдарының құрамында қасиеттері бір-біріне қарама-қарсы екі функционалдық (амин және карбоксил) топтары бар. Осы функционалдық топтардың орналасуына байланысты олар L -, B-, y- аминқышқылдары деп бөлінеді.
Сабақтың жоспары
I. Сабақтың тақырыбы: §1. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Оқушыларға құрылыс теориясының негізгі ережелерімен таныстыра отырып, құрылымдық формуланың маңызын түсіндіру, мейлінше кең мағлұмат беру
2. Дамытушылық: «Химиялық құрылыс», және «зат қасиеттерінің оның құрылысына тәуелділігі» туралы ұғымдарды қалыптастыра дамытып, Бутлеровтың териясын дәріптеу.
3. Тәрбиелік: Терең білім алуға ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Лекция, түсініктемелік конспект жазу.
Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика
Сабақтың жабдығы:
1. Қ. Н. Сақариянова, М. Б. Усманова, Б. Н. Сахариева, Р. С. Рақышева. «Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл.
2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.
3. Кожарева М. Е. «Химиядан анықтамалық материалдар» Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлерге; Алматы «Өнер» 2004 жыл.
4. №1, 2, 3 анықтама материал (Органикалық заттардың құрылысы)
5. Э. Франклендтің өмірбаяны мен портреті.
6. А. С. Купердің өмірбаяны мен портреті.
7. А. М. Бутлеровтың өмірбаяны мен портреті.
8. Ф. А. Кекуленің өмірбаяны мен автопортреті.
II. Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Үй тапсырмасын сұрау:
1. Органикалық химия пәні нені оқытады?
2. Органикалық заттардың саны қанша?
3. Бейорганикалық заттар жөніндегі білімді периодтық заң мен элементтердің периодтық кестесін бір жүйеге келтіріп қорытындылаған кім?
III. Жаңа сабақ: Заттардың құрылысын зерттеудегі органикалық химияның даму тарихын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады.
а) органикалық заттардың құрылыс теориясына дейінгі кезең. (ХІХ ғ. 30-40 ж. аралығы)
ә) заттардың химиялық құрылыс теориясы және стереохимия туралы теорияның дәірі (ХІХ ғ. 40-60 ж аралығы)
б) заттардың құрылысы туралы электрондық және кванттық механиалық көзқарастардың қалыптасқан кезеңі (ХІХ ғ. 60ж. Бастап бүгінгі күнге дейін. )
1860 ж дейін зат құрылымын түсіндіретін теория болмады. Бұл кезде химияның дамуына ағылшын ғалымы К. Э. Франкландтың жұмыстары өз әсерін тигізді. Ол атомистика идеяларына сүйене отырып, 1853 ж «валенттілік » түсінігін енгізді. Және неміс ғалымы А. Кекуле органикалық қосылыстардағы көміртектің 4 валенттілігін және көміртек атомдарының өзара тізбек құрып байланыса алатындығын дәлелдеді. Шотланд химигі А. Купер химиялық қосылыстардың құрылысын қазір қолданып жүрген сызықтар арқылы кескндеу жүйесін ұсынды.
А. М. Бутлеров осындай алдыңғы қатарлы жетістіктерді өз теориясында дұрыс пайдалана білді. 1861 ж А. М. Бутлеров органикалық қослыстардың құрылыс теориясына «молекулалық құрылым» туралы жаңа мағұлмат енгізуді ұсынып, химилық құрылыс теориясын дамытты.
1861 ж Қазан университетінің профессоры Александр Михаилович бутлеров органикалық химияның қарыштап дамуына жол ашқан жаңа теорияның негізін қалады. Химиялық құрылыс теориясының ережелерін төмендегідей тұжырымдады.
1. Молекулада атомдар ретсіз орналаспайды, олар өздерінің валенттілігіне сәйкес өзара бірімен-бірі белгілі тәртіппен байланысады.
Н
І Метан молекуласындағы атомдар қандай
Н - С - Н ретпен орналасқанын валенттіліктерді
І сызықшамен белгілей отырып көрсетеміз.
Н
2. Заттардың қасиеттері молекула құрамына қандай элементтің атомдары және қанша мөлшерде кіргеніне ғана байланысты емес, сол сияқты молекуладағы атомдардың байланысу ретіне тәуелді болады.
3. Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір-бірінің химиялық қасиеттеріне өзара әсер етеді.
4. Заттың молекула құрылысынв байланысты қасиеттерін болжауға немесе керісінше қасиеттеріне байланысты молекула құрылысын анықтауға болады.
Молекуладағы атомдардың байланысу реті көрсетілген химиялық формула құрылымдық немесе құрылыс формуласы деп атайды.
Құрылыс териясының одан әрі қарай дамуы мына төмендегі бағыттармен сипатталады.
а) молекуладағы атомдар кеңістікте орналасуы;
ә) атомдардың құрылысы ;
б) химиялық байланыстардың электрондық табиғаты.
IV. Сабақты бекіту:
Үйге тапсырма беру:
§ 1. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы 5-10 беттер;
Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына, оқушы күнделігіне қою.
V. Қорытындылау: заттардың қасиеттері олардың құрылымына тәуелді болады. Хим. құр. теор. ашылуы орг. -қ химияның қарқындап дамуына ықпалын тигізді. Орг. хим. саласы- стереохимия ғылымы п. б. оның пайда болуына заттың кеңістіктегі құрылымын зерттейтін физ-хим әдістер әсерін тигізді.
Сабақтың жоспары
I. Сабақтың тақырыбы: §5. Гомологтар мен изомерлер.
Сабақтың мақсаты:
Аминдер туралы |
Азотты органикалық қосылыстар. аминдер |
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы |
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі |
Орыс химигі крахмалды қышқылмен |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz