Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Заманауи мұғалим, мұғалімнің кәсіпқойлығы


Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы
Жангелдин орта мектебінің
химия және биология пәні мұғалімі

Мұғалімнің кәсіпқойлығы: заманауи тәсілдемелер

Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекеті,
жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын орны,
қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл
қоғамның дамуына тікелей байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында
тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді
азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру
жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін
кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз
тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни
біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Бұрынғы әдіске арналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық ролі
берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділігі көрсетілуі тиіс, ал
мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы: әрбір оқушының жеке
қызығушылығымен мүмкіндіктерін ашу. Әрбір оқушы басқа оқушымен
салыстырылмайды, керісінше, дамуына қарай өзімен-өзі салыстыралады. Бұл
әдістер оқушылардың сабаққа ынтасын оятып, ойлау, сойлеу қабілетін дамытуға
және “үндемейтін” “енжар” оқушыны “сөйлетуге” болатындығын өз тәжірибемнен
байқадым.
Қазіргі оқу үрдісінде түрлі иннивоциялық технологиялар – білім сапасын
арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану - оқушыны шығармашылыққа
төселдіруге ықпалы зор.
Қазіргі уақыт ұстаздан жаңа тәсілдерді қолдануды, шығармашылықпен,
ізденіспен жұмыс істеуді талап етеді. Әрбір мұғалімнің негізгі міндеті –
оқушыларға терең де тиянақты білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау
қабілетін жетілдіру.
Химияның қазіргі сабағы дамытылған сабақ болуы тиіс. Ол оқытудың
дамытылған типіне сәйкес келеді. Мұғалім сабақты қалай құрса, соған сәйкес
әдістер мен оқыту тәсілдерін іріктеп алады, ол біріншіден, оқытудың мазмұны
мен мақсатына сәйкес келеді, екіншіден, танымдық белсенділікті дамытуға
мүмкіндік береді. Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын, зерттеу қабілетін
дамытады. Барлық жағдайда да қазіргі сабаққа проблемалық, тапқырлық
мүмкіндіктер тудыру көзделеді. Оқушы сапасына білімді жүйелі түрде
меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда Қазақстан
Республикасы мен Кембридж Университетінің бірлесіп әзірлеген методикасы
маңызды роль атқарады.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының негізгі үшінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі білім
жүйесін жаңа тәсілдерді енгізе отырып, оқушылардың жеке тұлға болып
қалыптасуына әсер ету.
Сабақта «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:диалогтік оқыту және қалай
оқу керектігін үйрету» модулін қолдану қажет. Диалог негізінде оқыту мен
оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы
диалогтың шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамытуына
көмектеседі. [1, 12 бет] Выготский оқыту моделі оқушы диалог құру
нәтижесінде білім алады деп жорамалдады. Сондықтан, оқушының білім деңгейін
дамытуға, әлеуметтік қолдау көрсетуге мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың
көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен
мұғалімдер болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту
жеңіл болмақ. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының
ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар, олар:
әңгіме дебат, топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме[1. 40бет]. Білім тек
қана дәріс арқылы берілсе оқушылардың алған ақпаратты сақтауы төмен
деңгейде болады. Алған ақпараттарын, білімдерін көрсету, талқылау, қолданса
материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Оқушыларға білімді тек мұғалімнің
айтуымен ғана емес, өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілетін дамытуына
жағдай туғызатындай тапсырмалар үнемі қолданып отыру қажет. Сол кезде
диалогтік оқытуда оқушылар берілген ақпараттың негізінде ойланып, талдап,
пікірталасуға үйреніп, әртүрлі пікірлермен танысып, шешім қабылдап,
адамдармен араласады. Биология және химия сабағында осы диалогтік
әңгімелесуді еңгізу үшін топтық, жұптық және жеке тапсырмалар берілді.
Диалогтік оқытуды сабақтарда қолдана отырып, сұрақ қою техникасын
толығымен өзгерту қажет. Сұрақтар негізінен төмен және жоғарғы деңгейде
болады. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда оқушылар арасындағы
ынтымақтастық атмосферасының өзгергеді, сұраққа жауап беру оларға қызықты
болады. Сұрақ құрастырған кезінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
мақсатын негізге алу қажет. Сабақтың әр кезеңінде өзінің сұрақтары болады.
Сабақтың бірінші кезеңінде ұйымдастырушылық сұрақтарын қою керек. Бұл
сұрақтар оқушылардың сабаққа деген назарын аудару және сыныпта
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін қойылады. Мысалы: Оқушылардың
көңіл күйі туралы сұрақ қойса, бұл сұрақ оқушылардың қызығушылықтарын
тудырады, барлығы да оған жауап беруге құлшынады. Бұл сұрақ арқылы сабақ
бастау жеңіл болады, оқушылар бар ынта жігерімен жұмыс жасайды. Келесі
сұрақтар оқушылардың пәнге деген назарын аудару мақсатында жүйелілікпен
қойылады. Осы қойылған сұрақтарға жауап беру барысында оқушы мен мұғалім
арасында диалогтік әңгіме жақсы дамиды. Менің байқағаным, сұрақты жүйелі
түрде қойғанда оқушылар сұраққа өз ойларын толықтыра отырып, алған
білімдеріне сүйене жауап қайтарады.
Сыни тұрғысыдан ойлау «ойлау туралы ойлану». Ол маңызды мәселелерді
талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау
– бақылаудың , тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған
ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік
шешім. [1,49 б]. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып,
тұжырым жасау. Ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни
қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп,
білмегенін өз зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және
бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. [2, 21 б]. Оқушылардың сыни тұрғыдан
ойлауы үшін ең алдымен мұғалімнің өзі сыни тұрғыдан ойлай алуы қажет. Сыни
тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдай
отырып, өзіндік ой мен пікірді қалыптастырады. Сыни тұрғыдан ойлау
оқушыларға ойлана білуіне, сұрақ қоюына, қарсы пікір айтуға, айтылған
пікірге күмәнмен қарауға үйретеді. Сабақ барысында кездескен қиындықтар,
сұрақтарды оқушылар бірлесіп өзара әңгімелесу арқылы шешеді. Тақырыпқа
байланысты оқушылардың пікірлерін білу мақсатыда оқушыларға «Сен қалай
ойлайсың?» деп сұрақ қоя отырып, өз пікірін айтуға мүмкіндік берсе, оқушы
өзінің пікірінің маңыздылығын түсініп, ойын айтуға жасқанбайды. Кластер, ой
шақыру, логикалық және проблемалық сұрақтарды сабақтарда жиі қолдану
оқушылардың сыни түрғыдан ойлауына әсер етеді. Сыни тұрғыдан ойлай алатын
оқушы ең жақсы түсініктемелерді табуға тырысады, үзілді кесілді жауаптарды
орнына сұрақтарды қоя біледі, болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің
барлығын қарастырады, олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне
сенбейді, белсенді болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды жоспарлаған кезде
проблемалық, өмірден алынған және маңызды материалдарды қолдану қажет.
Топтастыру әдісін қолдану арқылы балалар бірлесіп, ақпарат алмасып, жұптық
әңгіме өрбітіп, бір-бірін тыңдауға әуестенеді. Жұптық жұмыста өзіне сенімі
аздау балалар жұмысқа қатысып, ұжымда болу қажеттілігіне көздері жетуі
тиіс.
Ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану ол – заман талабы.
Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін,
қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық
өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу─мектепте
химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын,
құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар
практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты
күнделікті сабақта:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық
оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже
береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып
тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. [3, 3б]
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім
сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты
арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына
қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді
қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды
қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін
кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау
жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда
(салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз
сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады.
Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге
қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты
үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да
арттырады. [4, 16 б]
Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай
жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада
орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны
сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы
да қолдануға болады.
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны
пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты
үнемдейді.
Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі бұл әрине
мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық. Электрондық оқулықты
пайдалану мұғалімнің  ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ
үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Химиялық білім беруде электронды
оқулықтармен жұмыс негізі үш деңгейде атқарылады:
• «оқу»
• «оқыту»
• «бақылау және тексеру» [5, 26 б]
Электронды оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын және
жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім
алу сапасын көтереді.
Химия – мемлекетіміздің дамуына, әл ауқатының артуына, өнеркәсібіне,
ауыл шаруашылығына тікелей әсер ететін практикалық маңызы бар білім беретін
сала. Химия сабағында танымдық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.
Танымдық ойындардың жіктелуі: жұмбақтар, басқатырғыштар, сөзжұмбақтар,
сауалдар. Сабақтың бекіту кезіндегі ойындар: қыз қуу, цифрограмма, кестелі
сұрақтар, шытырман реакция, химбизнес, жасырын зат. Бұл ойындарды ойнату
арқылы оқушылардың жан-жақты білім дағдылары қалыптасып, тапсырмалар өз
бетінше орындалады. [6, 26 б]
Сабақтарда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында мынадай
жұмыс түрлерін жүргізуге болады.
Сабақта тірек-схемаларды пайдалану. Бұл әдіс жаңа сабақты өз бетінше
сапалы түрде меңгеру үшін және оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре
түсу мақсатында қолданылады. Сол сызба арқылы түсіндіре келе, оқушыға
проблема туғызатын «Неге? Неліктен?» деген қосымша, жетекші сұрақтар
қойылады. Мұндай сұрақтар оқушының материалды саналы түрде жүйеге
келтіруіне, теңестіре отырып сөйлеуіне мүмкіндік береді. Алғашқы кезде
сызбаны түсіндіре отырып көрсетіп, кейіннен үй тапсырмасы ретінде сабақтың
мәтінін сызбанұсқа түрінде түсіріп келуге тапсырма беруге болады.
Химия – ғылымы қиын да, күрделі ғылымдардың бірі, оны оқушыларға
меңгерте білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Химия пәнін оқушыларды
меңгерту үшін ең алдымен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту қажет.
Химияда теория мен практика қатар жүретін ғылым саласы, оқушы теорияны
меңгерумен қатар оны практикада қолдана білуі жөн. Оқушының химия пәніне
қызығушылығын тудырудың бірден бір жолы – химияның тәжирібелері. Химиялық
тәжірибені оқушылар өз көзімен көріп, жасаған кезде пәнге деген белсендігі
арттады. Сондықтан мен сабақтарды практикамен ұштастырып отырамын.
Қарапайым, үй жағдайында жасайтын тәжірибені жасаса, оқушылар белсенді
жұмыс жасайды. «Химия – қиын, ашиды миың» деген ұғымнан арылады. Дегенмен
де ауылдық мектептегі химия зертханасы мен қалалық мектептегі зертханамен
салыстыруға келмейді. Рас, қазір барлық тәжірибелер аудио, видео жолдарымен
көрсетіледі. Бұл оқушыға жаттанды, бір сарынды болып көрінуі мүмкін.
Сондықтан менің ойымша, мектеп зертханасына реактивтердің берілуі жолға
қойылса деймін.
Химияны басқа пәндермен де байланыстырып оқытса, бұл да мұғалімнің
шеберлігі. Химияда тек есептер, химиялық реакциялады шешумен ғана
шектелмей, халықтық педагогиканы да қолданса, ол оқушыларды өмірге деген
көзқарасын қалыптастырып, тәрбиелейді. Химия пәнін өлкетанумен байланыстыру
бұл тиімді тәсілдердің бірі. Оқушы өз ауылында, мектебінде, өлкесіндегі
химик ғалымдарды біліп, олардың жұмыстарымен танысып отырса, ол оқушы
шығармашылығын шыңдап, оның болашақта химик ғалым болып қалыптасуына зор
ықпал ететіні сөзсіз.
Сабақ жоспарын құрғанда мұғалім жалпы мақсаттарды қойып, әрбір
оқушының мүмкіндіктерін ескеріп , кері байланыс арқылы келесі сабақтың
негізі айқындау керек. Онда күтілетін нәтижелерге басты назар аударылып,
барлық оқушымен жұмыс жасауына мән беріледі. Оқыту нәтижелілігі мұғалім
жұмысының жүйелі болуына байланысты. Жүйелі түрде жұмыс жасау үшін мұғалім
үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Ол деген баланың күнделікті
қызығушылығын негізге ала отырып, ілгері дамытуды қамтамасыз ету дегенді
білдіреді. Бұл көрсеткіштердің барлығы мектеп мұғалімі:
• жүйелі жұмыс жасаса;
• өмірмен байланыстарды негізге алса;
• өз і-әрекетін зерттеуі дұрыс деңгейде қалыптастырса;
• ізденісте болса;
• әр баланың алға жылжуына жағдайлар жасаса ғана өз нәтижесін береді.
ХХІ ғасыр педагогикасының негізі – жеке тұлға. Оқыту процесінде әр
баламен жеке жұмыс жасау,оның қабілеттерін аша білу, мінез-құлқының
ерекшелігін ылғи да ескеріп отыру, баланың «Мен» концепциясың қалыптастыру
– мұғалімнің міндеті. Осы міндеттерді өз жауапкершілігіне алатын мұғалім,
яғни, ХХІ ғасыр мұғалімі– өз ісінің шебері, жан-жақты дамыған, кәсіби
білімі мол маман болуы керек.
Г.Галилей: «Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған
жаңалық ашуға көмектескен жөн»- дегендей әр мұғалім осы бағытта жұмыс
істегенде ғана, ойлау мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан, құзырлы
тұлға қалыптастыра алады. Өйткені бұл өмір талабы.

Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Аралбай ауылы
Жангелдин орта мектебі

Әдебиет тізімі:

[1] Мұғалімге арналған нұсқаулық
[2] Бержанова З. Оқу үдерісін технологияландыру мәселелері // Химия
мектепте/ №1.2014 19-22б
[3] Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің
көзі.//Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет.
[4] Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.
Алматы, 2009 ж
[5] Бауржанова А. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі //
Химия мектепте/ №6.2013 26-27б
[6] М.Ж.Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер.// Открытая
школа,№5,2004.

Ұқсас жұмыстар
Заманауи әдіс - тәсілдер арқылы көптілділікті жүзеге асыру жолдары
Заманауи сабаққа қойылатын талаптар
Ақсуат ауылы
Жаңа заман, жаңа талап, жаңашыл ұстаз
Досумжанов Баян Аманович қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен пайдалану
Ақпаратты сығу
Құзыреттілік негізіндегі заманауи сабақ
Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар
Химия сабақтарының жіктелуі
Пәндер