Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Д. Қасенов Адалдық - адалдыққа тәрбиелеу мен мәтінмен жұмыс

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы

Жалпы білім беретін Т. Жароков атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

ХАЙЫРЛИЕВА ГҮЛНӘР СЕРІКҚЫЗЫ

Сабақтың тақырыбы: Д. Қасенов «Адалдық».

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашуға негіз жасау, қолайсыз жағдаяттың алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірі - адалдық екенін ұғындыру.

Дамытушылығы: Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу, қорытынды жасау, салыстыру, пысықтау, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау дағдыларын дамыту, өзінше ойлау, сөйлеу мүмкіндігіне еркіндік беру.

Тәрбиелігі: Өмірдегі қарама-қайшылықтар мен жағымды-жағымсыз деген түсініктерді ажыратып, баға беру арқылы адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Түрі: жаңа білімді меңгерту.

Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқу құралдарын дайындау.

2. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері» \бір-біріне жақсы тілек айтады\.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
1-қатар
2-қатар
3-қатар
1-қатар: 3 оқушы мәтінді жалғастыра отырып, әңгімелейді
2-қатар: Беріктің қылығына өз көзқарастарын білдіру
3-қатар: Мәтінді қандай мақал-мәтелдермен түйіндеуге болады
  1. Мұғалімнің қорытуы:Өмірде адам бойында өкіндіретін кейбір жаман әдеттермен қатар, жақсы қылықтарда (қасиеттерде) көп кездеседі.

ІІІ. Мағынаны тану. 1. - Олай болса, адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап көрелік. (Оқушылар өз ойларын ортаға салады)

Топтастыру стратегиясы.

қайырымды Ақылды дарынды

Жақсы қасиеттер

ынталы достық лайық алғыр

  • Ал енді сағат тілінің бағытымен әр сөздің басқы әріптерінен сөз құрап оқиық.
  • Адалдық.
  • Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы шытырман оқиғаны баяндайтын, мектеп өмірінен көрініс беретін шығарма Д. Қасеновтың «Адалдық» мәтіні.
  1. Мәтінмен жұмыс:
  • Мәтінді кідіріспен оқу: Орыс тілі сабағы еді . . . 5000 теңгелік . . . шыға келді.
  • Әрі қарай балалар не істеуі мүмкін? (Өз ойларын ауызша айтады) .
  • Қарай гөр мұның адалын . . . өткен сабақты сұрауға кірісті.
  • Әрі қарай оқиға қалай болуы мүмкін? (Өз ойларын дәптерге жазбаша жазу) .
  • Міне, мұндай шытырман оқиғалы шығарманысюжетті шығармадейміз. Яғни бұл шығармада үш баланың мектеп өміріндегі басынан өткен бір оқиғасы әңгімеленеді.
  1. Сөздік жұмыс.
  2. Оқулықпен жұмыс:бірлескен оқу.
1-қатар
2-қатар
3-қатар
1-қатар: Мәтіннің басын оқиды
2-қатар: Рөлге бөліп оқу
3-қатар: Мәтіннің соңын оқиды

ІV. Ой толғау.

  • Балалар біз бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
  • Әңгіме неліктен «Адалдық» деп аталған?
  • Осы шығарманың негізгі түйіні, айтайын деген ойы не?
  • Жалпы адалдық деп, адал болу деп нені айтуға болады?
  • Осы мәтінге сай қандай мақал-мәтелдер айтуға болады?

Пайда ойлама, ар ойла.

Ақ жүрген адам азбас.

Адалдық - өмірден де қымбат.

  • Олай болса, бүгінгі сабағымызды мына өлең жолдарымен түйіндесек:

Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,

Балбұлақтай мөп-мөлдір, таза болғым келеді.

V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау. Үш ұлды сипаттап жазу.

VІ. Бағалау. Мадақтау


Ұқсас жұмыстар
9-сыныпқа арналған Мінез және адалдық тақырыптары бойынша сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта Д. Қасеновтың Найзағай мәтіні бойынша аралас сабақ жоспары
2 Д сыныпқа арналған сабақ жоспары: Мен қазақша сөйлеймін (16.10.2014)
Астана - арман қала: мәтінмен жұмыс арқылы сөйлеу мен лексикалық дағдыны дамытуға арналған сабақ жоспары
3-сынып: Жаным толған жақсылық - ақиқат, адалдық және жақсылыққа тәрбиелеу бойынша сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Адалдық пен әділдік тақырыбындағы сабақ жоспары (Ақиқат құндылығы)
5-сынып информатика практикумы: мәтінмен жұмыс
5-сынып информатикасы: Мәтінмен жұмыс практикумы
Сабақ жоспары: Етістік - фонетикалық талдау, сөйлем құрастыру және мәтінмен жұмыс
5-сынып информатикасы: §24 Практикум - мәтінмен жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz