Мәліметтерді сұрыптау, іздеу және алмастыру

Астана қаласы, №56 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Әмірхан Кәкима Советқызы

Сабақтың тақырыбы : Мәліметтерді сұрыптау, іздеу және алмастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Access бағдарламасында кестедегі мәліметтерді сұрыптау, іздеу және алмастыру жолдарын оқушы санасында қалыптастыру.

Тәрбиелік: Алған білімдерін еркін қолдана білуге, ұқыптылыққа және өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін практикада тиімді қолдану

дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Технологиясы: « Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі»

Пән аралық байланыс: орыс тілі, география.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, Microsoft Access бағдарламасы, деңгейлік таратпа тапсырмалар.

Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі . ( сабаққа оқушыларды жұмылдыру сәті )

ІІ. Қайталау . ( оқытудың тірек білімдерін қайталап, оқушылармен

бірлесе сабақтың мақсатын белгілеп, нақтылау )

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру . ( жаңа тақырыпты қабылдау және меңгеру )

ІV. Жаңа сабақты бекіту . ( деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін

практика жүзінде қолдану )

V. Қортындылау . ( білімдерді жинақтау және жүйелеу )

VІ. Бағалау . ( тапсырмаларды орындау деңгейі бойынша бағалау )

VІ. Үйге тапсырма . ( үй тапсырмасын хабарлау )

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Қайталау. Microsoft Access бағдарламасында алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы еске түсіріп, тірек-схема түрінде көрсету.

  • Microsoft Access бағдарламасын қайда қолданылады және не үшін қажет?

(кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін. )

  • Microsoft Access бағдарламасын тиімділігі.

(кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтарын алып, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды . )

  • Сіздер Microsoft Access бағдарламасында қандай жұмыс жасау жолдарын үйрендіңіздер?

(кесте құру, сақтау және оған мәлімет енгізіп, оның типін өзгерту. Кестеге жаңа өріс енгізу оны жою)

  • Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?

(Оқушылармен бірлесе отырып сабақтыңбілімділік мақсатын айқындау. )

Сабақтың мақсаты:

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру . Оқушыларғмен бірлесе оқытудың мақсатын нақтылап алғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушыларға алдынғы сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып, «Оқушы» мәліметтер дерегін ашу.

І. Мәліметтерді сұрыптау.

- Оқушы мәліметтер қорынан маған тегі Ж әріпінен басталатын оқушыларды табу қажет. Ол үшін не істейміз? (жауабын оқушылармен бірлесе отырып ашу)

- Әрине сұрыптау қажет.

- Ал сұрыптау дегеніміз не?

(Сұрыптауға анықтама беру және тәсілдерімен таныстыру)

«Оқушы» кестесін ашып, Іздеу жүргізілетін мәні бойынша

СҰРЫПТАУ

Iтәсiл IІ тәсiл

ІІ. Мәліметтерді іздеу.

Іздеуге анықтама беру және таныстыру.

IЗДЕУ.

  1. Окушы формасын ашу.
  2. батырмасына шерту-iздеу/ауыстыру(найти/ заменить) сұқбат терезесi шығады.
  3. С әрпiнен басталатын оқушылардың фамилиясын табу керек
  4. Үлгi өрiсiне - С, просмотр -все, совпадение - с начало поля.
  5. Ары қарай іздеу(Найти далее) батырмасына шерту.
  6. Қашан табылғаншаАры қарай іздеу(найти далее) батырмасына шертiп орындаймыз.
  7. Терезенi жабу батырмасына шертiп жабамыз.

ІІІ. Мәліметтерді ауыстыру.

1. Окушы формасын ашып іздеу жұмыстарын жасағаннан кейін

  1. Кестелер(Таблицы) қосымшасын таңдапокушыкестесiн ашу.
  2. Мектепөрiсiнiң атынмектеп-лицейдеп өзгерту керек, ол үшiн өрiстiң атына тышқанның курсорын екi рет шерту және пернелiк тақтадан жаңа атты терiп енгiзу.

ІV. Жаңа сабақты бекіту .

Оқушылардың әрқайсысы өз мүмкіндігі деңгейінде жұмыс істейді.

І деңгей

№1 тапсырма «Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар» туралы мәліметтер кестесін аш.

а) Саны өрісі бойынша кему ретімен сұрыпта.

ә) Ең ұзақ өмір сүретін 3 жануар:

б) Жануарлар өрісі бойынша өсу ретімен сұрыпта;

Жануарлар: Жануарлар
Мекендеу ортасы: Мекендеу ортасы
Саны (шамамен): Саны (шамамен)
Қорегі: Қорегі
Жануарлар: Тау ешкі
Мекендеу ортасы: Алтай, Тянь-Шань
Саны (шамамен): 2000
Қорегі: Өсім. қорек
Жануарлар: Қоңыр аю
Мекендеу ортасы: Орман
Саны (шамамен): 1000
Қорегі: Ет қорек.
Жануарлар: Қамыс мысығы
Мекендеу ортасы: Жағалау
Саны (шамамен): 350
Қорегі: Ет қорек.
Жануарлар: Бүркіт
Мекендеу ортасы: Дала
Саны (шамамен): 1500
Қорегі: Ет қорек.
Жануарлар: Қасқыр
Мекендеу ортасы: Орман, дала
Саны (шамамен): 600
Қорегі: Ет қорек.
Жануарлар: Тау қыраны
Мекендеу ортасы: Тянь-Шань
Саны (шамамен): 2000
Қорегі: Ет қорек.
Жануарлар: Құндыз
Мекендеу ортасы: Сырдария
Саны (шамамен): 2500
Қорегі: Өсім. қорек

ІІ деңгей

Тапсырма №2

а) Кестеге өріс енгіз. Атын « Өмір сүру ұзақтығы » деп сақтап, өріске сандарды енгіз

Жануарлар: Жануарлар
Мекендеу ортасы: Мекендеу ортасы
Саны (шамамен): Саны (шамамен)
Қорегі: Қорегі
Өмір сүру ұзақтығы: Өмір сүру ұзақтығы
Жануарлар: Бүркіт
Мекендеу ортасы:
Саны (шамамен):
Қорегі:
Өмір сүру ұзақтығы: 5
Жануарлар: Қамыс мысығы
Мекендеу ортасы:
Саны (шамамен):
Қорегі:
Өмір сүру ұзақтығы: 7
Жануарлар: Қасқыр
Мекендеу ортасы:
Саны (шамамен):
Қорегі:
Өмір сүру ұзақтығы: 10
Жануарлар: Қоңыр аю
Мекендеу ортасы:
Саны (шамамен):
Қорегі:
Өмір сүру ұзақтығы: 17
Жануарлар: Құндыз
Мекендеу ортасы:
Саны (шамамен):
Қорегі:
Өмір сүру ұзақтығы: 5
Жануарлар: Тау ешкі
Мекендеу ортасы:
Саны (шамамен):
Қорегі:
Өмір сүру ұзақтығы: 8
Жануарлар: Тау қыраны
Мекендеу ортасы:
Саны (шамамен):
Қорегі:
Өмір сүру ұзақтығы: 5

ә) Кестеге «Барыс» туралы мәлімет енгіз;


Ұқсас жұмыстар
Microsoft Excel электрондық кестеде деректермен жұмыс істеу, сілтемелерді және макрокоманданы қолдану
Excel электрондық кестеде мәліметтерді іздеу және сүзгілеуді жүзеге асыру
Мәліметтерді сүзу
Электрондық кесте msexcel-де деректер базасы
Деректі табу және ауыстыру
Excel-де деректерді іріктеу және сүзгілеу
Сабақтың басы. Сабақтың ортасы
Деректер базасы
Сұранысты құру жолдары
Мәліметтер базасын сұрыптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz