§23 Қаңлылар: тарихи деректер, орналасуы және қоғамдық құрылысы

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы

Қасқабұлақ ауылы,

М. Әуезов атындағы орта мектептің тарих,

құқық пәндерінің мұғалімі

Жунисова Асел

Сабақтың тақырыбы: §23. Қаңлылар

Сабақтың мақсаты:

  • Қаңлы қоғамы, орналасуы, олар туралы деректер, қоғамдық құрылысы жайлы түсіндіру
  • Өткен тақырыптармен салыстыру арқылы білім, білік, дағды шеберліктерін арттыру логикалық ойлауын дамыту.
  • белсенді, білімді азамат тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Сабақтың типі: Дағды мен шеберлікті меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, бағалау парағы, жетондар, электронды оқулық Қазақстаның физикалық картасы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, топпен жұмыс, ой-қозғау, Блум жүйесі, құжатпен жұмыс, интерактивті оқыту әдістері,

сто стратегиялары

Жаңа технология: сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III . Жаңа сабақ

IV . Жаңа сабақты бекіту

V. Қорытындылау, бағалау

VI . Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқытуәдістерінің төңкерілген П стилімен оқушыларды орналастыру.
  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу. Бағалау парағын тарату.

Психологиялық дайындық . Слайд №3. Геометриялық фигуралар арқылы оқушылардың көңіл-күйін байқау.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Слайд№4

Сабақтың ұраны:

Қазақстанымыздың болашағы - білімді, сауатты, салауатты жастарымыздың қолында!

Н. Назарбаев .

ІІ. Слайд №5. Үй тапсырмасын сұрау:

  • П-22. Ждто. Кж.

Жұмыс дәптерін жұппен тексеру.

Кескін картаны тексеру. Бағалау. Техникалық құрал көмегімен көрсету.

Тікірлерін тыңдау.

Тірек сөздер стратегиясы. «Үйсіндер». Тақырыпты қорытындылау арқылы мәтін құрастыру арқылы логикалық ойлау, сөздік қорын дамыту

Слайд №6. Сергіту сәті. Сыныппен орындау.

Қол көтерсем солтүстік

Топ-топ бассам оңтүстік

Қолды созсам жан-жаққа

Көрсетеді бағытты

Батыс пенен шығысты

Иіліп сәлем берейік

Экватор белде деп

Белді бұрай қозғасаң

Сағат тілі батысқа

Жер айналар шығысқа.

Жаңа сабақтың жоспары:

Слайд № 7. Қаңлылар.

Қаңлылар түралы деректер.

Қаңлылардың орналасуы.

Қаңлылардың қоғамдық құрылысы.

  1. Қаңлылар туралы деректер. Электронды оқулық. «Қаңлылар». А-1
  • Ежелгі Иранның б. з. б. 6 ғасырда жазылған «Авеста» деп таалатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғаты тұратын Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй», «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас.
  1. Қаңлылардың орналасуы. Электронды оқулықпен жұмыс. А-2
  • Қаңлы мемлекеті оңтүстігінде қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай өкілінің императорына хабарында «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізге үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Оралдың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады» делінеді.
  • Картамен жұмыс. Территориясын көрсету.
  1. Қоғамдық құрылысы . Т кестесі стратегиясы. Салыстырмалы кесте толтыру. Слайд №8
  • Қаңлы елі өз ішінде бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.
  • Қақіргі заманмен байланыстыру . ҚРК. 1 бап.

Сабақты бекіту: Блум жүйесі. «Мен не білдім?»

  • Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
  • Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айт.
  • Көк-мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет береді?
  • Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.

Сабақты қорытындылау.

Бағалау: Білімді оқушыны анықтау. Төсбелгі тағу .

Үйге тапсырма: §23. Ждто. Кж


Ұқсас жұмыстар
Қаңлылар: орналасуы, қоғамдық құрылысы және археологиялық ескерткіштері
Үйсіндер: тарихы, орналасуы, қоғамдық құрылысы мен археологиялық ескерткіштері
Қаңлылар туралы деректер және Қаңлы қоғамы - 6 а сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Қаңлылардың қоғамдық құрылысы және әлеуметтік топтары
Сақтар: орналасуы, шығу тарихы және әлеуметтік-қоғамдық құрылымы
Сармат тайпаларының қоныстану аймақтары және қоғамдық құрылысы
Темір дәуіріндегі сақтардың қоғамдық құрылысы мен мәдениеті
6-сынып тарихы: Үйсіндердің жазба деректері, қоныстары және қоғамдық құрылысы
Жапырақтың құрылысы, пішіні, жүйкеленуі және сабаққа орналасуы - мектеп биологиясы сабағының жоспары
Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғғ. басы): қоныстанған жері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz