Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы





Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы
№3 ЖОББҚМ
III /негізгі/ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі
Ильясова Актоты Даулеткалиевна

Сабақтың тақырыбы Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін
кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы
түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушыл ық: Ой - өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға
ретінде дамыту;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал
қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын
қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау - жинақтау
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану
Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.
Қазақстан туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі.Әнұранымен айбатты.
Әнұран орындалады.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 - топ: Көк аспан
2 - топ: Алтын күн
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
2. Қандай елміз? Неше елмен көршілеспіз?
3. Мемлекеттік тіліміз қай тіл? Қай тілде сөйлейміз?

<<Кім жылдам>> ойынын ойнаймыз. Отан туралы қай топ көп мақал-мәтелдер біледі?
1 - топ: Көк аспан,
2 - топ: Алтын күн Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

20. Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)
20. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
20. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
20. Отан оттан да (ыстық)
20. Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)
20. Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)
20. Ел іші- (алтын бесік)
20. Тіл- тәуелсіздік (тірегі)

4. Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау..
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. 9-бөлім, 98-баптан тұрады.
Кейбір баптарды атасақ:
29-бап. Қ.Р-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30- бап. Тегін орта білім алуына кепілдік береді.
9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.
Баян:
Рәміздерім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

а/ Бұрынғы заманда Ту әскердің киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа жеңіледі деген ырым болған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т. б. әйгілі батырлардың өз Туы болды.
- Мемлекеттік Тудың авторы кім?
1- оқушы: Шәкен Ниязбеков- ҚР Мемлекеттік Туының авторы
Ту
Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
-Тудың бейнесін сипатта?
Мемлекеттік Ту - 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы шұғылалы күн халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс - ерліктің белгісі.
Мемлекеттік елтаңбаның авторы кімдер?
2- оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы, Шота Уалиханов
Біздің Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.
Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: <<Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін>> деген асыл арманды арқалап тұр.
Елтаңба
Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан - Отаным,
Әлем білген атағын.
Жарқыраған әр таңда
Мемлекеттік Елтаңба.

Мемлекеттік әнұранның авторы кімдер?
3- оқушы: Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазғандар Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
Мемлекеттік Әнұран - еліміздің музыкалық эмблемасы
Жеңістерге қолбасыдай,
Ерліктердің жолдасындай.
Еліміздің әнұраны,
Жүректерде жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың ,
Жан серігі халқымыздың.

Қазір 1 - топқа, 2 - топқа сұрақтар қоямын, тез әрі дұрыс жауап берген топтар жеңімпаз атанады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады
- ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
- Еліміздің бас қаласы
- ҚР президенті
- ҚР туының авторы
- ҚР елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібекұлы.
- Әнұранымыздың авторлары Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазғандар Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
- Еліміздің көрікті жерлері
- Отан туралы өлең
- Отан туралы мақал-мәтел
- ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген. Нешінші бабында? 9бап - Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Нешінші бапта? 34 бап

Топтар ұпай сандарына байланысты мадақталады.

Постермен жұмыс 1 - топ: Көк аспан <<Қазақ елі - 2050 жылы қандай болады деп ойлайсың?>>
2 - топ: Алтын күн <<Егер сен президент болсаң, еліңнің дамуына қандай үлес
қосар едің?>>
Ойтолғау:
* Оқушылар, енді біздер <<Көк аспан>> мен <<Алтын күн>> тобымыздың белгілерін біріктірсек қандай мемлекеттік рәміз пайда болмақ?
* Оқушылар мемлекеттік туды құрастырады
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Мұғалім:
* Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады.
Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді
Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын!- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тәрбие сағатымызды қорытындылай келіп, ант қабылданады.<<Біз Қазақстан Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз, мәдениетті адам боламыз. Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.>>


Ұқсас жұмыстар
Әкесі мен балалары
Қазақстанның ұлттық валютасы
Ел нышандары - елімнің мақтанышы
Қазақстан республикасының елтаңбасы
Мемлекеттік рәміздер - ұлттың мақтанышы
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышы
Отан сүйер ұлан бол
Қазақ тілі қандай тіл
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік
Қазақстан - менің отаным! 11 сынып
Пәндер