Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту: ізденушілік пен сыныптан тыс жұмыстың рөлі

D:\Pictures\ЖАНЫМ\Фото1029.jpg

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,

Суықбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет

пән мұғалімі Карибаева Зауре Оразбайқызы

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

“ . . . Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті. ” Н. Ә. Назарбаев

Мектеп партасында отырған қарапайым бала жетіле келе өзіндік даралық, дарындылық қасиетке ие болады. Оны қалай білуге болады, алдымен әр ғалымдардың, ойшыл зиялы қауым өкілдерінің осы «дарын», «дарындылық» ұғымына берген анықтамаларға көз жіберсек, олардың негізгі ойларын аңғаруға болады. «Дарынды бала»- деп қандай баланы айтамыз?

«Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Ал дарындылық-бала бойындағы алғырлық, зеректік» деп психологиялық ұғым тұрғысынан анықтап, оның мынадай ерекшеліктеріне тоқталған: 1. Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді. 2. Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады. 3. Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады, 4. Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды. Сонымен қатар қорыта келе қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында түрлі байқауларға, конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейе түседі- деп шебер жеткізе білген.

Дарындылыққа байланысты орыс ғалымдарының бірнеше анықтамалары берілген, яғни дарындылық -жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты дамитын қабілет сапасы (Я. А. Пономарев, в. С. Юркевич, Д. Б. Богоявленская, Н. С. Лейтес), дарындылық -табиғи қасиет және адами іс-әрекеттің әлеуметтік мүмкіндігіне байланысты қабілеттіліктердің бірігуі арқылы жарыққа шығады (С. Л. Рубинштейн, Б. М. Теплов, В. Д. Щадриков, А. Н. Леонтьев, А. В: Брушлинский, А. М. Матюшкин т. б. ) десе, енді бірде дарындылық -жеке тұлғаның психологиялық мүмкіндіктерінің жиынтығы және істі нәтижелі орындаудағы қасиеттердің алғы шарты (В. Н. Дружинин, А. Н. Савенков, Дж. Рензулли, Р. Стенберг, Дж. Гильфорд. Н. Н. Поддьяков т. б. ) Педагогика саласында көптеген еңбектер жарық көруде. Мәселен, Ұ. Ж. Арыстан өз тәжірибесінде дарындылықты 3 -ке бөлген. Олар:1. Шығармашылық дарындылық, 2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық, 3. Лидерлік дарындылық

Дарынды оқушылардың дүниетанымын кеңейту шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік қабілеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Кейбір зерттеушілер (А. Матюшкин, О. Нильсон, Б. Айтмәмбетов, т. б) сыныптан тыс жұмыстар оқу жоспарына сай оқушылардың білім дәрижесін толықтырушы және белгілі дәрежеде оқыту үрдісін оңтайлы ұйымдастырушы, оқушылардың дербестік қасиеттерін дамытушы құрал ретінде қарастырады. Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі - оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру. Дарынды балалардың қабілетін дамытуда ізденімпаздық шаралардың маңызы зор. Атап айтқанда:

  1. Ғылыми - практикалық конференция (ғылыми баяндама жасау, рефераттар қорғау, жоба қорғау) ;
  2. Пәндік олимпиадалар;
  3. Абай, Шәкәрім оқулары;
  4. Пәндік үйірмелер;
  5. Зияткерлік ойындар, дебат;
  6. Ақындар айтысы, шешендер сайысы;

Осындай бағыттағы жұмыстар арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Мұндай әрекет шығармашылыққа баулып, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға және өз бетінше ізденуіне мол әсерін тигізеді.


Ұқсас жұмыстар
Мектептегі дарынды оқушыларды анықтау және дамыту әдістемелері
Сындарлы оқыту арқылы дарынды және талантты оқушыларды анықтау және дамыту
Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту: мұғалімнің педагогикалық міндеттері мен мектептік тәжірибе
Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту: педагогикалық тәсілдер мен саралап оқыту
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы дарынды және талантты оқушыларды анықтау мен дамыту
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау және дамыту: оқыту әдістері мен коучинг тәжірибесі
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау мен саралау: мұғалімдерге арналған коучинг
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау және қолдау әдістемесі
Дарынды балалармен жұмыс: анықтау, дамыту және мектептегі әдістемелер
Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту: анықтау, бағдарлау және әдістемелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz