Құстардың көктемгі тіршілігі. дүниетану - ашық сабақ

Дүниетану. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға жыл құстары туралы түсінік және барлық құстардың пайдасы жөнінде мағлұмат беру. Көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру. Оқушыларды Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері, «Орманға саяхат» плакаты, құстар жайлы мақал-мәтелдер, жұмбақтар сөзжұмбақ, үнтаспа.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, жұмбақ, мақалдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Балалар бір-біріне жақсы тілек айтады.
2 . Үй жұмысын тексеру : Үй құстардың көктемгі тіршілігі.
- Қандай үй құстарын білесіңдер ?
- Не үшін адамдар үй құстарын бағады?
- үй құстардың пайдасы неде?
3. Жаңа сабақ . Әңгімелеу:
- Табиғат деген не? ( бізді қоршаған орта, тау, күн, ауа, жер, су адам, өсімдіктер, жануарлар)
Табиғаттың бір бөлігі - құстар. Бүгін сабақта құстар туралы
айтамыз.
Құстар 2 топқа бөлінеді: үй құстары және жабайы құстар.
Қазір сөзжұмбақ шешіп алайық. ( Тақтада )
Қ а р а т о р ғ а й
Т ү й е қ ұ с
С а у ы с қ а н
Т ы р н а
А қ қ у
Қ а Р л ы ғ а ш
Жұмбақтар шешу :
1. Көктемде құстар келгенде ең алдымен келетін құс қандай?
2. құстың ең ірісі, өзі ұшпайды.
3. өзі сақ, өзі ұсақ, шықылықтап тұрмайды, құйрығы ұзын, өзі ала.
4. бұл су құсы, аспанда бұрыш жасап тізбектеп ұшады.
5. көлдің көркі, сәні екен, ұшқанда сазды ән екен, ақындар оны мақтаған, адамдар қорғап сақтаған.
6. түсі қара мақпалдай, төсі ақ сыр жаққандай, ұшса оқтай зулайды, көктем жұлдыз аққандай.
- Тігінен қандай сөз шықты? ( ҚҰСТАР ) . Дұрыс, бүгін құстар туралы білімдерімізді кеңейтеміз.
4. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? ( көктем)
Ал көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Оқушы: Сәуір келді, тіршілікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды.
Бар өңір құлпыра бастады, төсіне құйып ап жаңбырды.
Оқушы: Жыл құстары келді деп, балдырғандар мәз болды
Қос қанаты желпілдеп, көлге үйрек-қаз қонды.
Оқушы: Ұшып келген ең алғаш, қараторғай қырағы
Ұяларға қонақтап, дейді - «менің тұрағым»
5. Мәлімет: - Балалар, құстардың пайдасы туралы әңгімелейік. Жер бетінде құстардың 8600-ге жуық түрі бар, ал біздің елімізде 500-ге жуық түрі бар. Табиғатты қорғап, күтсе ғана ол көбейеді. Азайып кеткен құстарды « Қызыл кітап» тізіміне алып, оларды көбейту шаралары жасалады. Қорықтар жасалады. Қазақстанда 5 қорық бар, бізге жақыны Қорғалжын қорығы. Онда құстардың 100 шақты түрі бар. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді. Ал енді құстардың дауыстарын тыңдайық. ( магнитофон арқылы) . Құстар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді. Жапалақ әр ай сайын 150-дей тышқан жейді екен, қараторғай 22 тонна шегірткені азық етеді.
- Халық «Көкек келді - көктем келді» дейді. Көкек туралы не дейміз?
Оқушы: Жаршысымын көктемнің
көкек дейді мені жұрт
өз атын айтар құс менмін
көктемді күтсең - мені күт.
Оқушы: Көкек өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, пайдалы құстардың біріне саналады. Ол күніне 39 шегіртке, 43 жұлдызқұрт, 50 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.
Сергіту сәті : Қане қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
6. Құстар туралы мақал-мәтелдер де бар. Еске түсірейік.
1. Бұлбұл үнді, жылан тілді.
2. Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
3. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді. 4. Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.
5. Қарға баптанып, сұңқар болмас, есек мақтанып, тұлпар болмас.
6. Өлеңге енсе, сөз сұлу, аққу жүзсе, көл сұлу.
7. - Балалар, неге «құстар - біздің досымыз» дейді деп ойлайсыңдар?
Ата- бабаларымыз өз балаларына құстардың атын қойып, батыр ұлдарын сұңқарға, әнші қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңегендерінен біле аламыз. Мысалы: құстардың атын қойған қандай кісі аттарын білеміз? ( Аққу, Тоты, Қарлығаш, Қарлыға, Торғай, Бүркіт, Сұңқар) . Ал, бұлбұлша сайрайтын қандай әншілерді білеміз?
( Б. Төлегенова, Р. Бағланова, К. Байсейітова, т. б. )
Көп әндер, өлеңдер бар құстар туралы: «Бозторғай», «Ақ көгершін», «Аққулар», »Көкек», «Құстар қайтып барады. » Бұл әнді жазған: сөзі - Тұманбай Молдағалиев, әні - Нұрғиса Тілендиев.
8. Құстарға қарап, адамдар ауа райын болжауға үйренген:
- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді дейді.
- Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны дейді.
- Қарға қарқылдаса, қар жауады.
- Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер бауырлап ұшса жаңбыр жауады.
- Көкек қатты әрі жиі шақырса - күн жылынады.
- Шағала келсе сең бұзылады.
- Бозторғай ән салса, күн ашық болады.
9. Оқулықпен жұмыс. 104 бет .
- Оқулықтағы мәтінді оқыту.
- Мәтін бойынша әңгіме жүргізу.
- Құстар болады: отырықшы ( қыстап қалатын), жыл құстары.
- Қандай қыстап қалатын құстарды білесіңдер? ( торғай, сауысқан, қарға, шымшық, қайшыауыз, көгершін ( кептер), тоқылдақ, суықторғай т. б. Осы құстар кішкене әңгімелесейік.
Оқушы: Мен торғаймын, торғаймын
Суықтан да тоңбаймын
Құрт-құмырсқа, шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.
Оқушы: құрт іздеп інінен, қарағайлы үнгіден
Тоқылдақ - құс дәрігер, қашанда ол әбігер.
Оқушы: Бейбітшілік құсы менмін көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
- Ал енді балалар,жыл құстардыатап шығайық. ( көкек, қарлығаш, ләйлек, қараторғай, ақтұмсық қарға, аққу, сайрауық, тырна, ұзақ, бұлбұл, т. б.
Оқушы: Қазақ халқында шынайы тазалықтың, сұлулықтың, бақыттың белгісі - аққу. Аққу киелі құс, оны атуға болмайды. Аққуды - құс патшасы дейді. Сәуірдің аяғында оралады. Ұясын аққу суы таза, тұщы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды.
Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары домбыра, қобыз құрылысына ұқсас.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz