Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Қош келдің, жаңа жыл, елімізге!
<<Қош келдің, Жаңа жыл, елімізге!>>
Жаңа жылдық мерекеге дайындықпен келген бүлдіршіндерімізді қарсы алайық!
Жүргізуші: (Жаңа жылға байланысты тақпақ оқиды)
* Жаңа жылдың сәні - шыршамыз туралы ән айтайықшы, балалар.
Ән <<Туылып шырша орманда>>
(Осы кезде ширма артында, кілем үстінде Герда мен Кай дайын отырады.)
Жүргізуші: - Жаңа жыл - бұл ғажайып мереке. Жаңа жылда таңғажайып ертегіде болып жатады.(Осы кезде ширма артында ,кілем үстінде гүл егіп , сөйлесіп Герда мен Кай отырады,сырттан желдің гуілі естіледі)
Герда:- Кай, естимісің, желдің гуілі естіледі? <<Қыс патшайымының досы жоқ болған соң, бәріне қаһарын төгіп жүр>>- дейді.(Осы кезде қыс патшайымы сырттарынан айналып жүреді)
Кай:- Қаһарлана берсін, мен одан қорықпаймын.(Осы кезде айналып жүрген Қыс патшайымы Кайды таяғымен түртіп кетеді.)
Кай:- Ой-ой-ой! (жүрегін ұстайды)Маған не болды? Әрі тұр, Герда.Кетші бар үйіңе, мен сенімен дос болмаймын.(дауысын жуандатып)
Герда:- Кай, саған не болды? Сен мейірімді едің ғой(балаларға қарап). Мүмкін тақпақ айтып берсек мейірленетін шығар.
Тақпақтар
(<<Гүлістан>> биіне дайындалып тұрады)
Герда:- Жарайсыңдар, балалар. Бірақ Кайдың бойында өзгеріс болмай тұр.(Қуанып) О, таптым. Кай,Кай, екеуіміз Аяз Ата мен Ақшақарды іздейікші. Аяз Ата - мейірімді сиқыршы бізге көмектесе алатын шығар.
Кай:- Аяз дейсің бе? Аяз болса, барамын. (Герда мен Кай шығып кетеді.)
<<Гүлістан>> биі
(Биден соң гүлдердің бірі қалады)
Кай:- Аяз дейсің, қай елге тап болғанбыз? Ып-ыстық, ауырып барамын.
Гүл:- Аяз Ата, Ақшақар немересі екеуі әрбір Жаңа жылда балабақшаларды аралап, балалар өнерін тамашалап, сыйлықтар беріп жүреді. Сендер осы жолдан шықпай тура жүріңдер. Солтүстік мұхитта Қыс патшайымы сарайы қасында тұрады. Қыс патшайымынан сақ болыңдар, ол мұзға айналдырып жібереді. (Осы кезде коробкалар қойылып қуыршақтар дайын тұру керек.)
Герда: - Жарайды, рахмет саған, әсем гүл. Сау болыңдар.(Герда мен Кай шығып кетеді. Гүлдер қол былғап шығарып салады.)
<<Қуыршақтар>> биі
(Биден соң қуыршақтардың бірі қалады)
Кай:- Мынау қандай ел? Аяз қайда?
Герда:- Сабыр ет, Кай, сабыр етші.
Қуыршақ:- Бұл <<Қуыршақтар әлемі>>. Аяз дейсің бе? Аяз ата мен Ақшақар шығар? Осы жолмен тура жүрсеңдер табасыңдар.
Герда:- Рахмет, саған әдемі қуыршақ. Сау болыңдар.(Герда мен Кай шығып кетеді. Қуыршақтар қол былғап шығарып салады.)
<<Құстар әлемі>> биі
(Биден соң сахнаның бір бұрышына барып шоғырланып тұрады.)
Кай:- Аязға барамын. Қане Аяз атаң?(Гердаға айқалап сөйлейді)
Герда:- Кай, біз тура жолмен келеміз. Болмаса құстардан сұрайықшы. Құстар, құстар, достарым менің, айтыңдаршы Аяз атаны қалай табамыз?
Құс: - Герда, сенің өте мейірімді қыз екенің көрініп тұр. Жылы сөзің үшін айтайын. Аяз атаны осы жолмен тура жүре берсең табасың. Енді екі апталық жол қалды.
Герда: - Рахмет, саған, аққұсым. Сау болыңдар. (Герда мен Кай шығып кетеді. Құстар қол былғап шығарып салады. Испан мен ковбой биі попуриіне дайын тұрады)
<<Попури>> биі
(Биден соң испанның біреуі қалады)
Испанның біреуі:- Герда, Кай, саламатсыңдар ма? Сендердің Аяз атаны іздеп жүргендеріңді құстар айтқан. Енді бір апталық жолдарың қалды.
Герда:- Рахмет, сау бол. (Осы кезде жел гуілі естіліп, күшейе түседі.)
Кай:- Қандай әсем әуен!(Таңданып)
Герда:- Кай, мен қорқамын, тоңып барамын.
Кай:- Тоңсаң тоңа бер, қорқақ! (Осы кезде Қыс патшайымы фойені бір айналып келеді)
Қыс патшайымы: Қолымда менің сиқырлы қоңырау
Дин-дон, дин-дон.
Жасырамын жұмбақтарды
Дин-дон, дин-дон.
Шешуін таппасаңдар
Қуана-қуана қатырамын.
Герда:- Шешуін тапсам, жолыма бөгет болмайсың ғой.
Қыс патшайымы: - Жарайды. Жұмбақтарымды мұқиат тыңдаңдар, ендеше!
Жұмбақтар
(Жұмбақтарды шешуге балалар көмектеседі)
Қыс патшайымы: - Қап сені ме, Герда. Бар жұмбақтардың шешуін таптың. Бар бара бер, Аяз атаң саған көмектесе алар мекен. Ха-ха-ха!
Герда:- Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Қыс патшайымы, сізде бізбен бірге жүріңіз. Аяз ата өте мейірімді, саған да дос табуыңа көмектеседі.
Қыс патшайымы:- Дос деймісің? Жарайды. (Герда мен Кай, Қыс патшайымымен бірге шығып кетеді. Осы кезде Ақшақар ұлпақарларымен бірге билеп жүреді.)
<<Ұлпақарлар>> биі
Герда(қуанып):- Ақшақар, Ақшақар, саламатсыз ба?
Ақшақар: Саламатсыңдар ма, достарым?!
Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана,
Жүректерде лүпілдейді жас үміт,
Ашылады-шашылады бүр жаңа.
Кәне, достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті,
Жарқыраған әсем көздер айналам -
Сәлем саған, өрендерім, сүйікті!
Амансыңдар ма, балалар,
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Герда:- Ақшақар, біз Аяз атаны іздеп жүрміз. Аяз ата мейірімді сиқыршы ғой. Бізге көмектессе деп едік.
Ақшақар: - Иә, атам өте мейірімді. Ол қазір ормандағы жануарлардың Жаңа жылды қарсы алу мерекесінде жүр. Егер бәріміз бірге <<Аяз ата>>,- деп шақырсақ, естіп келетін шығар.
Балалар: Аяз ата (3рет)
(Аяз ата қасына қоянды ертіп кіреді)
Аяз ата:- Балаларым, балғыным,
Өмір гүлі, шалғыным,
Қанша жүріп жер көрдім
Қанша жүріп ел көрдім
Бірақ мына сендердей,
Сұлу балаларды көрмедім!
Қоян: - Ата, қараңызшы үйге балалар келіпті. Ой, ой, ой. Қыс патшайымы да жүр.
Герда:- Саламатсыз ба, Аяз ата! Аққоян , сен қорықпа. Қыс патшайымы біз секілді көмек сұрап келді. Аяз ата, бізге сіз ғана көмектесе аласыз.
Аяз ата:- Кайға көмек керектігін естідім. Балалардың өнерінен әсер алған соң барып, Кайдың жүрегіндегі мұзды жібіте аламын.
Ақшақар: - Балалар, бәріміз бірге ән айтайықшы.
<<Шырша жыры>> әні
Герда: - Ата, балалардың дайындаған тақпақтары бар болар, соны тыңдайықшы.
Тақпақтар
Аяз ата:- Ой, бәрекелді, балалар. Ақшақар, мына шырша неге көңілсіз? Жаңа жыл келе жатқанда мерекеге сай емес қой.
Ақшақар: - Ата, шырша шамдарын жағу үшін гномдарды шақырсақ қалай болар екен?
Аяз ата: - Олай болса, немерем-ау, шақыр гномдарды. Шыршамыздың шамын жағып, мереке сәнін келтірсін.
<<Гномдар>> биі (Бидің соңында гномдар шырша шамын жағады)
Аяз ата:- Ой, бәрекелді.
Ақшақар: - Аяз ата, тақпақ айтып, би билеп, ән айтып берсек деген балалардан хабар алдым. Тамашалауға қалай қарайсыз?
Аяз ата:- Тамашалайық.
<<Таяғы бар қолында>> әні
Тақпақтар
Аяз ата:- Ой, жарайсыңдар. Менің балаларым қандай өнерлі! Енді балаларыммен бірге ойын ойнағым келіп тұрғаны.
Аяз атаның ойыны
Ақшақар:- Ата, сіз Герда мен Кайды, Қыс патшайымын ұмытып кеттіңіз бе?
Аяз ата: Ой-буй. Шаршағасын ұмытып кеткенмін ғой. (Отырып, бетін көп-көп орамалмен сүртеді.)
Ақшақар: Ата, енді сиқырлы өнеріңізді көрсетіңіз.
Аяз ата: - Маған кесемен су берші.
Ақшақар: - Шөлдедіңіз бе, ата? Шәй берейін бе?
Аяз ата:- Жо-жоқ, балам. Кайдың жүрегіндегі мұз кесеге құйылған су қарға айналғанда ғана ериді.
Ақшақар:- Е-е-е. Ендеше, мінекей, ата, суыңыз.
Аяз ата: Таяғым, достым, көмектес.
Сиқырын Кайдың алып түс.
Кеседегі суым қар болсын,
Көңіліміз жай болсын!
Бір- екі- үш!
Кай:- Герда, қайда келгенбіз?
Герда:- Кай, мен қандай қуаныштымын! Сенің жұмсақ та мейірімді жүрегіңді Қыс патшайымы қатырып тастаған еді.Ал, Аяз ата соны сиқырлап, орнына келтірді.
Қыс патшайымы:- Кешіріңдерші мені. Енді мен ондай болмаймын.
Аяз ата: - Кешіреміз бе, балалар!
Балалар: -Иә
Аяз ата: - Қыс патшайымы, мейірімді, ақкөңіл, кешірімшіл болсаң достарың көп болады.
Кай, Герда (бірге):- Қыс патшайымы, сенің енді достарың көп. (Осы кезде қоян мұңайып тұрады)
Ақшақар:- Ата, бәрі жақсы көңіл күйде, бірақ сен неге көңілсізсің?(Қоянға қарап айтады)
Қоян: - Бәрімен қоштасуға тура келіп тұр.
Аяз ата: - Дұрыс айтасың, достым, бірақ сен мұңайма. Сен әрбір 12 жыл сайын келіп тұрасың. Ендігі кезекті басқа жыл егесіне бере ғой.
Қоян: -Жарайды.
<<Қоян мен ұлу>> биі
(Билеп болған соң қоян шығып кетеді)
Ақшақар: - Балалар, бізбен қоштасқалы тұрған қоян жылы екен де, ал келе жатқан Жаңа жыл қай жыл екен?
Балалар: - Ұлу
Ақшақар:- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Келе жатқан жыл - Ұлу жылы екен. Ұлу жылы - қашанда адамның бойындағы сабырлылықты, ақылдылылықты айқындайтын жәндік. Олай болса, бүгінгі біздің мерекеге келіп отырған сүйкімді Ұлуды қошеметтеп қояйық!
Ұлу: (Тақапақ айтады)
Ақшақар: - Аяз ата, Сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба?
Аяз ата: Меніңше, ұмытпаған секілдімін.
Ақшақар: - Балаларға арналған сыйлықтар ше?
Аяз ата: - Ах-ах! Сыйлықтар бар екен ғой! Ендеше (Аяз ата мен Ақшақардың ойыншықтарын ұстап тұрып)
Таяғым менің көмектес
Жамандықтың жолын кес
Балаларым, келіңдер
Аталарыңа көмек беріңдер.
<<Аяз аталар мен Ақшақарлар>> биі
(Бидің соңында Аяз аталар сыйлықтарды әкеледі. Сыйлықтар таратылады)
Жүргізуші:- Қандай керемет сыйлықтар! Рахмет сіздерге, Аяз ата, Ақшақар!
Жүргізуші (тақапақ оқиды). Ертеңгілік соңында тілек білдірушілерге сөз беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz