Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Бала жаны... мен не істей аламын? эссе
Бала кім? Алдымен соған тоқталайық.
Анамнан алғаш туғанда,
Жыладым неге дауыстап.
Кіндікті қысып кескенде,
Анамнан кеттім- ау алыстап. (Ш. Құдайбергенов)
Мен сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ойымды бөлісіп жазғым келіп отыр.
Бала дүниеге келді...Әрбір сәби өмірге бақытты болу үшін келеді.
Ол жамандықты, жайсыздықты, жақсы жаманды білмейді. Абай атамыз: <<Бала дүниеге келгенде ішсем екен, жесем екен деп келеді>> деп айтқан. Бұл - тән құмары болып саналады.
Өсе келе- көрсем екен, білсем екен,- дейді. Бұл- жан құмары.
Бала жаны- осы жан құмарынан басталады.
Нәресте анасының қанынан қан, жанынан жан алады. Тыныстайды. Қуаныш реніш сезімдерін анасы арқылы сезеді. Сол анадан бөлініп дүниеге келгенде, енді қалай өмір сүруді түсінбей, кең дүние есігін ашқанда жылайды екен. Анасынан алыстап кетеді. Жылап дүниеге келетінімізде содан екен. Бала жылап дүние есігін ашады екен. Жыламаса дәрігерлер бар амалын жасап жылатады, ол тіршілік белгісі.
Анасын бала бірден таниды. Иісінен сезеді. Оған ұмтылады. Бірге болғанда шаттанады. Бала шаттығын көрген ана еш уақытта шаршамайды, ерінбейді, түн ұйқысын төрт бөліп еңбек етеді. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.
Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана құдайдан перзент тілеген. Баланың бас ұстазы - ата-ана. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы,қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді.
Ана образын әйел баласы жасай алды ма? Ұмтылғандар болар. Толық суреттеді деуге болар ма екен?... Перзентсіз ананың ой-қиялы сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау. Әсіресе, Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана баланы тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уілдететін, жылауын қойғызатын халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да - Ана. Ана жүрегін, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты сезе білу әр перзентің парызы!
Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. <<Бала - адамның бауыр еті>> деген сөз бар. Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. <<Бала-өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі>> деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жанған отын сөндірмей түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған. Содан кейін <<Баламның табанына кірген шеңге менің маңдайыма кірсін>>,- деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде <<Өзімді алып, баламды аман қалдыр>>,- деп құдайға жалбарынған. Ұлтымызда <<Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің>>деген дана сөз бар. <<Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек>> деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.
Бала тәрбиесіндегі қағидалар.
1. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір - қасиетін, ар - намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым - қатынас жасаған абзал.2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай - тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.
3. Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
4. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
5. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе,кішілерге қамқор болса,бала да сондай болуға ұмтылады.
<<Әрбір баланың мінез-құлқы ата-ананың жағымды іс әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады>> деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана-бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы.
Тәрбие- аузына баланың сөз салу. Мынау- әке, шеше, мынау- әже, мынау- ата, нан, су тағы басқа. Бала дамуына байланысты бұл сөздер күрделенеді. Жақсы, жаман, қатты, үлкен, кіші сөздері қосылады. Енді келіп жай сөзді естіген балаға әуен, саз (музыка) тәрбиесі қосылады. <<Бесік жыры>>, <<Айналайын ақ бөпем! Ақ бесікке жат бөпем...>>
Осымен қатар тыйым тәрбиесі дамиды. Болмайды, ол жаман зат, ыссы, құлап қаласын, құлап қалсаң бір жеріңді ауыртып аласың, отқа барма, жолға шықпа, ит қабады т. б.
Білуге құштарлық тәрбиесі- білсем екен, көрсем екен- анашым ағаш неге қатты?, Ит неліктен үреді?, Көлікті кімдер жасайды?, Мен қайдан пайда болдым? т.б. Бұл сұрақтарға дұрыс тұрғыдан түсінік беруі керек.
Коллективтік топтық тәрбие- бала көп болып ойнағанды ұнатады. Әр түрлі бала бірге ойнайды. Күштісі бар, әлсізі бар, нашар сөйлейтіні бар, еркетотайы бар. Бұлармен тәрбие үлкен қоғамдық тәрбиенің бастауы, қоғамдық жауапкершіліктің бастауы болып саналады. Бала жанын түсіне біліп оны қоғамдық өмірге тәрбиелеу, дос болуды, жанашыр болуды, әлсізге көмектесуді, кішіні аяуды, қосылып ойын ойнауды, ән, тақпақ айтқызу әрбір педагогтың міндеті болуы тиіс. Бұл болашақ қоғам мүшелерінің тату болуына, ұйымшыл болуына әкеліп соғады. Бұл тәрбие айтып кеткендей балабақшада жүзеге асырылып, мектепте дамытылады.
Эстетикалық тәрбие- әр бала жақсы, жаман сөздерін білгеннен кейін жақсыға ұмтылады. Үстіңді былғама, киімің лас болса- ол жаман. Киімің, үсті- басың таза болса- ол жақсы. Мына гүл- әдемі, мына тікен шөп- әдемі емес. Айбас жақсы бала, тәрбиешіні тыңдайды, тамағын таза, жақсы ішеді, мезгілінде ұйықтайды. Ал осыларды орындамаған бала қандай болады? Жаман болады. Бізге жаман болу керек пе? Жақсы болу керек пе? Әрине жақсы деген жауап аламыз. Біздің балабақша қандай? Жақсы деп жауап береді.
Білімге тәрбиелеу- әуелі сан үйреткен абзал. Саусағымыз нешеу?
Бас бармақ- біреу,
Балалы үйрек- екеу,
Ортан терек- үшеу,
Шылдыр шүмек- төртеу,
Кішкене бөбек- бесеу.
Бес санын білді делік; әрмен қарай <<Ақ лақ пен қара лақ>> ертегісі арқылы бір саны мен екі санын түсіндіру.
<<Баяғыда бір ақ лақ пен қара лақ болыпты...>> Сұрақ- лақ нешеу? Дегенде балалар лақ екеу деп жауап береді. Оған тағы екі лақты қоссақ нешеу болады? Балалар төрт деп жауап береді.Солай бес санына жетеміз. Балалар ұмытпау үшін ертегіні мәнерлеп айтамыз. Ертегінің соңында балаларға сұрақ қою арқылы ертегіні есіне түсіреміз. Екеуінің суға түсуі дұрыс па? Екеуіде жылап суға батып кетіпті. Олар қате істеді. Бір- бірлеріне жол берулері керек еді- деп әңгіменің тәрбиелік мәнін ашамыз.
Мейірімділік-адамның бет әлпетінен, іс-әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет.Сондықтан кімде-кім баланың ақыл - ойы, мүдде - тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, баланы демеп-жебесе ол мейірімділікке жатады.
Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала жанына терең батқыңыз келсе, оның тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер.
1. Балаларды орынсыз еркелету.
2. <<Не істесең оны істе,маған бәрібір>> деп айту.
3. Аса қаталдық, яғни <<Мен не айтсам, соны орындауың керек,өйткені мен сенің ата-анаңмын>> деп айту.
4.Егер сен ман қалағандай болмасаң,мен сені жақсы көрмеймін деп айту.
5.Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ>>-деп айту.
6.Балаңызды баршылыққа баулымау.
7.Балаңыздың ісіне, көңіл-күйіңізге қарап баға беру,яғни көңіл-күйің нашар болса,оның қуанышына ортақтаспау,әңгімесіне құлақ аспау т.с.с
<<Ата-ананың ақылы қазулы қара жолмен тең>> деп Д.Бабатайұлы айтпақшы ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса,бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Бала жаны таза, нәзік, пәк! Осы ұғымдар бұзылмаса тәрбие дұрыс болғаны.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Дүниеде сәбидің шат күлкісіне жететін ештеңе жоқ. Өмірдің мәні де, сәні де баланың бақытымен өлшенеді. Сол себепті бір-біріне қамқор,қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілігі мол асыл қасиеттерді бойларына сіңіру біздің міндетіміз!
Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Ендеше, бала жанының тереңдігіне ой салып оны түсіне білу керек екенімізді ұмытпайық.
<<Райхан>> балалар бақшасы
Эссе
Тақырыбы: <<Бала жаны... Мен не істей аламын?>>
Тәрбиеші: С. Шапхатова
2014-2015 о. ж.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz