Мұхит аралдары

Мақсаты: Мұхит аралдарына сипаттама бере отырып, оқушыларға аралдардың табиғаты, климаты туралы білім беру.

Міндеті:

  1. Білімділік:Мұхит аралдарының зерттелуі, тұрмыс - тіршілігі, ірі аралдармен таныстыру
  2. Дамытушылық: Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік:Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру

Көрнекіліктер : интерактивті тақта, кескін карта, глобус, физикалық карта, тірек - сызба.

Сабақ түрі : дәстүрлі сабақ

Әдіс-тәсілдер : СТО технологиясы

Сабақ барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың сәлемдесуі;

ә) оқушылар дайындығын тексеру;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Миға шабуыл» : а) мұхит құжаты

ә) кескін картамен жұмыс

ІІІ Жаңа сабақ . §58. Мұхит аралдары

«Мағынаны тану» .

Мұхит Аралдары - Тынық мұхиттың орталығы және оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдары тобы (10 мыңдай) . Жері 1, 3 млн км2. Аралдар Солтүстік жарты шардың субтропиктік (28° 25’ солтүстік ендік) және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктері (52° 30’ оңтүстік ендік) аралықтарында орналасқан. Ең ірі аралдары Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия мұхит аралдары жерінің 80%-ын қамтиды. Бүкіл құрлықты дүние бөліктеріне бөлгенде мұхит аралдары Австралиямен қосылып айтылады. Халқы (Австралиясыз) 8 млн-дай

Мұхит аралдары Меланезия (батыстағы ең ірі аралдар), Микронезия (Меланезиядан солтүстегі ұсақ аралдар), Жаңа Зеландия және Полинезияға (қалған ұсақ аралдарының бәрі) бөлінеді. Рельефі және геологиялық құрылысы. Батыс Микронезия, Меланезия және Жаңа Зеландия аралдарының рельефі таулы, тілімделген. Ең биік жері Жаңа Гвинеядағы Джая тауы 5029 м. Вулкандық жыныстардан бұл ауданда басымы - базальт. Вулкандық аралдарға Гавай, Самоа, Маркиз, Кук (Оңтүстік), Тубуаи, Пасха т. б., маржанды аралдарға Маршалл, Каролин, Гилберт, Эллис, Токелау, Кук (Солтүстік), Феникс, Лайн, Туамоту, Науру, Ошен және басқа ұсақ аралдар жатады. Пайдалы қазындылардан маңыздылары - никель рудалары (Жаңа Каледония), фосфат (Науру және Рождество аралдары), мұнай (Жаңа Гвинея), алтын (Жаңа Гвинея, Фиджи), көмір (Жаң Зеландия), мыс (Бугенвиль) .

Климаты

Ең жылы айдың орташа температурасы солтүстікке 25 0С (тамыз), оңтүстікте 16 0С (ақпан), ең суық айда солтүстікте 16 0С (ақпан), оңтүстікте 5 0С (тамыз) . Жылдық жауын-шашын мөлшері тропиктік белдеуде 1000 мм-ге жетпейді,

Ашылу тарихы және зерттелуі

Дүние жүзін айналу сапары кезінде Ф. Магеллан Мариана аралдарын (1521), 1528-29 испандық А. Сааведра Молукка аралдарына барар сапарында Маршалл және Каролин аралдарын, оның отандасы А. Менданья (1568) Соломон, Маркиз аралдарын және Санта-Крус архипелагын (1959), А. Тасман (1642-43) Тасман, Жаңа Зеландия, Тонга және Фиджи аралдарын, Л. А. Бугенвиль (1767) Меланезия аралдарының бірқатарын ашты. Дж. Кук (1768-79) Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігіне алғаш сапар шегіп, Общество, Туамоту, Жаңа Гебрид, Жаңа Каледония, Тынық мұхиттың солтүстік бөлігінен Гавай аралдарын ашты. 19 ғасырда мұхит аралдарын ашуда және зерттеуде орыс жиһанкездері И. Ф. Крузенштерн, Ю. Ф. Лисянский, О. Е. Коцебу, В. М. Головнин, Ф. Ф. Беллинсгаузен, М. П. Лазарев, Ф. П. Литке және т. б. көп үлес қосты. Жаңа Гвинея халқының антропологиясы мен этногрофиясын орыс ғалымы Н. Н. Миклухо-Маклай зерттеді. Тарихи анықтама. Алғашқы қоныстанушылар (Аустралия халқының және Меланезиядағы ежелгі негр тектес тобының ата-тектері протоаустралоидтар) мұхит аралына Оңтүстік-Шығыс Азиядан бұдан 20-30 мың жыл бұрын, келесі толқын (Меланезия тұрғындарының көпшілігінің ата-тектері - протомеланезиялықтар) 5-6 мың жыл бұрын келген. Микронезия мен Полинезияны қоныстану б. з. 1-мың жылдығында жүзеге асырылды. 19 ғасырға дейін мұхит аралдары еуропалық мемлекеттердің назарынан тыс қалып келді. 19 ғасырдың 1-жартысында Жаңа Гвинеяның батыс бөлігін Нидерланд, 1840 ж. Жаңа Зеландияны Англия, 1842 ж. Маркиз аралдарын Франция отарлады. 1874 ж. Фиджиді Ұлыбритания, 1884 ж. Гвинеяның солтүстік-шығыс бөлігін Германия, 1898 ж. Гавай, Гуам аралдарын АҚШ басып алды. Ұзақ жылдарғы отаршылдарға қарсы жүргізген күрес нәтижесінде 1962 ж. Батыс Самао, 1963 ж. Батыс Ириан, 1968 ж. Науру, 1970 ж. Тонга, Фиджи тәуелсіздік алды. 1973 ж. Папуа - Жаңа Гвинеяның өзін-өзі толық ішкі басқаруы жарияланды.

Полинезия (поли . . . және nesos - арал) - Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Полинезияның құрамына Гавайи, Туамоту, Тонга, Самоа, Пасха, т. б. топаралдар кіреді. Климаты - экваторлық, тропиктік; пассат желдері басым

Микронезия, Микронезия Федеративтік Штаттары - Тынық мұхиттың батыс бөлігінде, Микронезия аралдары геология түзілу тегі жағынан әр түрлі: жанартаулық таулы аралдардан бастап, маржанды аралдарға дейін кездеседі. Кейбір аралдарда әрекеттегі жанартаулар бар.

Жаңа Зеландия - Тынық Мұхиттың оңтүстік-батыс жағында орналасқан екі (Солтүстік және Оңтүстік деп аталатын) аралдан, сонымен қатар басқа да ұсақ аралдардан (Стюарт, Чатам) тұратын ел. Жергілікті Маори ұлты Жаңа Зеландияны Аотиароа (Ұзын Ақ Бұлт Елі) деп атайды. Жаңа Зеландия қарамағына сонымен қатар Куук аралдары Найю (өзін-өзі басқарғанымен еркін құрамында) ; Токелау; Росс Тәуелділігі (Жаңа Зеландияның Антарктикадағы территориясы) . Халқының басым бөлігі Еуропалықтар, ал ежелгі Маори тұрғындары ең ірі кіші ұлттардың бірі, Азиялықтар мен Маориге жатпайтын Полинезиліктер көбінесе урбанды аудандарда кезедеседі.

ІV Бекіту.

«Синку - эй» стратегиясы


Ұқсас жұмыстар
Атлант мұхиты
Құрлық сулары туралы
Номенклатура. 7 сынып
§ 21 Мұхиттар
Материктер мен аралдар
Дүниежүзілік мұхит
Халықаралық туризм. 10-класс
Менің Астанам
Еуразия материгі
Мұхиттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz