Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Әліппемен қоштасу атты ертеңгіліктің өтілуі

Бекітемін
№1 қазақ орта
мектебінің директоры:
Ережепова Г.Е.

------------------
<< >>-----------2013ж



1 <<ә>> сынып оқушыларының қатысуымен



атты ертеңгіліктің өтілуі

Мұғалім: Аманбаева Д.К.

Ақсу. 2013ж
Мақсаты: оқушыларға Әліппе мен ана тілі пәнінің маңызын түсіндіру. Ата - аналарға
өнерлерін көрсетіп, байланыс орнату. Мәнерлеп өлең айта білуге, үйренген
білім, білік дағдыларын ары қарай жетілдіру. Оқу білімді қастерлеуге, ана
тілімізді аялауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Мұғалім:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн - Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - Әліппемен қоштасу.Білім жолындағы белестерге балғындарымыз қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Бұл Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Хан сарайында өтпекші болып отыр. Хан сарайына қызметкерлер таңдамақшы, осы қызметкерлерді балалар сендердің араларыңнан таңдау мақсатында Хан сендердің Әліппеден меңгерген білім нәтижелеріңді сынамақшы. Ал, ендеше, хан сарайында өтілетін мерекемізге қош келдіңіздер дей отырып, мерекемізді бастайық.

(Музыка әуенімен оқушылар сыныпқа кіреді)

Мұғалім:
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады, міне, қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.

1 оқушы:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық
(шашу шашылады)

2 оқушы:
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достаспақ
Әліппемен қоштаспақ,
Өсті білім, ойымыз,
Құтты болсын тойымыз.

3 оқушы:
Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған,
Мұнда біз бар.
Жедел жүріп,
Хан сарайына жетіңіздер.
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жаро салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Хан сарайы елінде,
Әліппемен қоштасу
Кешін бастайық.
Жұмбақ шешіп жарысып,
Шабыт тасып шалқысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеру шашайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар.

Мұғалім:
Ал, балалар, Әліппеден меңгерген білімдеріңді сынайық
Хан сарайға келе жатыр,
Ханды қарсы алайық

Хан:
Қош келдіңіздер, балдырғандар!
Қадамдарың құтты болсын!
Сарай мынау, есік ашық,
Тек әдебің мықты болсын.

4 оқушы:(Дильназ)
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

5 оқушы (Рузана)
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

6 оқушы( Темірлан)
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып,
Өсті білім сан санат.

Хормен: Құтты болсын тойымыз!

Мұғалім:
Балалар, естеріңде ме, алғаш мектеп табалдырығын аттап,сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді?

Хор: 1 қыркүйек

7 оқушы (Даниал)
Күмбір, күмбір қоңырау,
Сағынған - ай,қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма,
Жазылғай - ай, қыркүйек.

Мұғалім:
Балалар, бұдан соң қызықтап қолымызға алғаш ұстаған кітабымыз қандай кітап?

Хор: Әліппе кітабы

8 оқушы (Ернар):
Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан>>Әліппені>> бітірдік.

9 оқушы (Жанат)
Біз ендіалыстағы туыстарымызға өзіміз - ақ хат жаза аламыз.

10 оқушы (Алуа)
Біз өзіміз - ақ кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелердібөгетсіз оқи аламыз.

Мұғалім:
Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын, сендер соған жауап айтыңдаршы.
Ішітолы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хор:
Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті әліппе.

Мұғалім:
Олай болса, бәрімізгеең қымбат <<Әліппені>> ортаға шақырайық.

Хор: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-аналар!
Болашаққа жол ашар
Әліппе келді ортаға,
Құттықтаймын, саусыңдар ма?
Бүлдіршіндер, балғындар,
Озат болып ер жетіңдер,
Ұстаз көңілін қалдырмаңдар!

Хор: Құп болады, Әліппе!
Әліппе:
Менің атым Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен, Бауыржанда, Мәлік те.

Хор:
Оны біз де білеміз,
Сондықтан да Әліппе,
Мәңгілік сені сүйеміз.

Әліппе:
Олай болса, алғашқы Әліппені кім жазды?

11 оқушы (Жамиля)
Ыбырай Алтынсарин атамыз жазды.

Әліппе:
Ыбырай аталарыңның
<<Кел, балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!>> деген өсиетін қалай жүзеге асырып жүрсіңдер?

12 оқушы (Ақбота)
Тату - тәтті достармыз біз
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз
Жақсы оқимыз сабақты.

Әліппе:
Әріптерім қайдасыңдар? Хан атаның құрметіне сапқа тұрыңдар! Дауыстылар! Дауыссыздар! Дыбыстық қасиеті жоқ әріптер!Мен бір сұрақ қояйын, қазақ тілінде неше әріп бар?

13 оқушы (Абд. Зарина)
Әліпбиді біліңдер,
Онда қалып жүйе бар
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.

Хан:
Көп жасаңдар, балаларым!

Әліппе:
Хан ата рақмет десін,
Көзбен көріп өмірді
Балдырғандар не үйреніп, не білді?

14 оқушы (Мухт. А)
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық ойланып.

15 оқушы (Қ.Аружан)
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.

Хан:
Міне, дұрыс! Кәне, әндеріңді де бір тыңдайық енді.

Ән <<Әліппе>>

Хан: Жарайсыңдар, балаларым!

Мұғалім:
Қазақ халқы өте шешен халық. Шешендік өнер - біздің халқымыздың асыл мұрасы. Қазіргі заманда ата дәстүріміз қайтып келіп отырғанда біз де сол дәстүрімізді жалғастыруымыз керек. Ендеше, кім қандай мақал біледі?

(оқушылар мақал - мәтелдер айтады)

Хан:
Қазақ халқы ежелден балаларын тазалыққа, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, кісілікке тәрбиелеген. Әліппе, ендеше біздіңбалаларымыз әдептілік жайында небілер екен?

16 оқушы (Ақбота А.)
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?

Хор: Әдепті екен бұл дейміз

17 оқушы
Кітап, дәптер, қаламы,
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?

Хор: Ұқыпты екен бұл дейміз

18 оқушы:
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?

Хор: Үлгілі екен бұл деймз

Мұғалім:
Әліппе, бізге көп нәрсені үйреткен екен. Біз әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз құрауға, сөйлем құруға дағдыландық. Ендеше, балалар, қонақтарға, хан атамызға оқу сауатымызды көрсетейік.

(балалар сөздер оқиды, есептер шығарады)

Хан:
Жетеді, жетеді балалар! Мен сендердің Әліппенің арқасында жақсы оқып үйренгендеріңе әбден көзім жетті.

Әліппе:
42 әріпті игерді,
Әріптеп, буындап сөз терді
Ризамын балалар сендерге
Рақмет айтатын кез келді

19 оқушы (Расул)
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныситырып әріппен,
Тоқылдатып сөйлеттің.

20 оқушы
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.

Хор: Әліппеге рақмет!

Мұғалім:
Сендердің Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата - аналарыңның да қосқан үлесі мол. Кәне бәріміз ата - анамызға рақмет айтайық.

Хор: Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет

Би <<Қара жорға>>
( Осы кезде екі сайқымазақ пайда болады)

1 сайқымазақ:
Мен саған айтпадым ба? Жаңа осы жерде бір той болып жатқан сияқты деп.

2 сайқымазақ:
Достым, сен рас айтыпсың. Балалар, бұл неғылған той?

Хор: Әліппемен қоштасу тойы

1 с-қ
Сонда сендер Әліппені бітіріпқойдыңдар ма?

2 с-қ:
Жарайсыңдар! Мерекелерің құтты болсын!

1 с-қ
Балалар, сендер Әліппеден кейін Ана тілі оқулығымен танысшы ма едіңдер?

2 с-қ
Ендеше тойларыңа тарту ретінде сендерге Ана тілі оқулығын әкеліп берейік.

(Сайқымазақтар шығып кетеді)

Мұғалім:
Балалар, қазір сендерді осы үлкен жетістіктеріңмен құттықтауғажоғарысынып оқушылары келіп тұр. Ендігі сөзді соларға берейік.

1 оқушы:
Қолыңа алып кітап кілтін
Оқырсыңойсап отырып
Ақталып алтын үмітің,
Басыңа білім толтырсын.

2 оқушы:
Қазір біз өзімізге талай қызықты
Таңғажайып дүниенін есігін ашқан
Жан дүниемізді байыттық.
Әріптерді танытқан бастауыш сынып білім кілті мен тек қана озат оқушыболыңдар деп 5(тік) бағанысыйға таратпақпыз.

(Кілт пен баға беріледі)

21 оқушы: (Әлішер)
Атағым алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп, көөке тиіп
Алдында әрқашанда тағзым етіп
Тұрамыз ұстаз деп басымдыиіп.

Ән <<Мұғалім ол біздің>>

(Сайқымазақтар кіреді, қасында Ақшақар бар)

Ақшақар:
Армысыңдар балалар, ұстаздар, ата- аналар! Бүгін 1 <<ә>> сынып оқушылары <<Білім бастауы - Әліппені >> Аяқтап жатқанын Аяз аталарың естіп сендерге сыйлық беріп жіберді. Жаңа жылда жаңа кітаптың бетін ашып, жаңа білім алсын деген тілек айтыпты.

(Ақшақар балаларға ана тілі кітабын таратады)

22 оқушы (Мариям)
Ана тілі ұраным
Ана тілі құралым
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым

Хан:
Балаларым, өнерлеріңді, білімдеріңді сынадым. Мен сендердің барлығыңдыөз сарайыма қызметке аламын. Қызметке орналаспас бұрын мен сендерге бата берейін
Мен бір бата берейін
Бергенде бата не дейін.
Ақылдарыңасасын,
Ықыластарың тасысын,
Ертең өсіп толыңдар,
Ел мақтаны болыңдар
Өсіп - өніп толыңдар,
Әумин!

Мұғалім:
Қымбатты балалар! Мен сендердің жақсы оқып, өнегелі тәрбие алатындарыңа сенемін. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!


Ұқсас жұмыстар
Әліппемен қоштасу мерекесі. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-беру дағдыларын көрсету
Әліппеге мың алғыс
Мақта қыз
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін
Оқушылардың алған білімдерін Әліппемен қоштасу кешінде бекіту
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Тақырып Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Әліппе мен ұстазға
Қош бол, сүйікті Әліппем
Әліппеге арналмақ
Пәндер